Тәрбиелік шара. Көктем аруы

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Көктем аруы - 2016

Мақсаты: 8 -наурыз аналар мерекесіне орай 3-4 сынып қыз балаларының арасында сайыс

ұйымдастыру арқылы қазақ қызының бойына имандылық пен әдептілікті, ізеттілікті

сіңіре білу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер, суреттер

Жүрісі:

Жүргізуші: Армысыздар мейірімді аналар, ұлағатты ұстаздар, көрікті қыздар!

Міне, көңілдерге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып 8-наурыз халықаралық аналар

мерекесі де келіп жетті. Мерекелеріңіз құтты болсын.

Ана деген бұл өмірдің мәні ғой

Ана деген бұл өмірдің сәні ғой

Ән жырымен дүниені тербеген

Ана деген бұл өмірдің жаны ғой, - дей келе бүгінгі 3-4 сынып қыз балаларының арасында ұйымдастырылып отырған «Көктем аруы - 2016» сайысын бастауға рұқсат етіңіздер.

Мен қазақ қыздарына қайран қалам

Жанары жаны жаздай жайраңдаған

«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді

Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.

Ендеше, ортаға сайыкер қыздарымызды шақырайық.

№ 1 3 «А» Юсупова Жадыра

№ 2 3 «А» Ерболатова Жадыра

№ 3 3 «Ә» Рабаева Ақзер

№ 4 3 «Ә» Жылқыбек Айшолпан

№ 5 4 «А» Тәжібаева Мөлдір

№ 6 4 «А» Елеусін Нұрила

№ 7 4 «Ә» Шалтаева Ақтолқын

№ 8 4 «Ә» Мейрамғалиқызы Гүлайна

Шалқытып мерекеде ән салайық

Өнерпаз өрендерге тамсанайық

Әділдік пен шындықты арқа тұтқан

Әділқазы алқасымен танысайық.

Сайысымызды бастамас бұрын әділқазылар алқасының мүшелерімен таныстырып, ортаға шақырайын:

1. Маңғыбаева Анар - тәлімгер

2. Жанғалиева Ұлжан - психолг

3.

Сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейін:

1. «Сәлем - сөздің анасы» (өздерін таныстыру)

2. «Өнерлі өрге жүзер» (өз өнерлерін ортаға салу)

3. «Білімді мыңды жығар» (сұраққа жауап беру)

4. «Көктем сәні» (сән үлгісін көрсету)

5. «Ою ойғанның ойы ұшқыр» (ою ойып, жапсыру)

6. «Анама жыр арнаймын» (мәнерлеп жатқа оқу)

Сонымен, қадірменді көрермендер сайысымыздың


1- кезеңі: «Сәлем - сөздің анасы»

Кішкентай арулар келіп жетті танысуға

Бойындағы бар дарынды дарытуға

Қорықпастан сахнаға келіп жетті

Әдеппенен, ізетпенен танысуға, - дей келе кезекті таныстыруға береміз.

Ай секілді өзі де

Сыңғыр-сыңғыр сөзі де

Жадыра деген арудың

Әдемі ғой көзі де, - деп, № 1 _ Юсупова Жадыраны ортаға шақырамыз.

Үздік оқып сабағын,

Бәрімізге жағатын

Жадыра деген арудың

Кезі келді ортаға шығатын, - деп, № 2 Ерболатова Жадыраны ортаға шақырамыз.

Сабағын да меңгерген

Жақсылықты жөн көрген

Ата-анасы Ақзерге

Әдемі есім тең көрген, - деп, № 3 Рабаева Ақзерді ортаға шақырамыз.

Қуантады білімімен біздерді

Қол соғып қарсы алайық Айшолпанды

Білімің серік болсын талабыңа

Бүгінгі қабыл болсын тілегіміз, - деп, № 4 Жылқыбек Айшолпанды ортаға шақырамыз.

Сабағынан қалмайды

Жалқаулыққа бармайды

Мөлдір бүгін сайыста

Ән менен жырды арнайды, - деп, № 5 Тәжібаева Мөлдірді ортаға шақырамыз.

Құлпырған дала гүліндей

Жүресің әр кез күлімдей

Арманыңа аңсаған

Нұрила жет, сүрінбей, - деп, № 6 Елеусін Нұриланы ортаға шақырамыз.

Ақтолқын біздің өнерлі

Көңілді өмір сүреді

Бүгінгі мынау сайысқа

Көрсетпекші өнерін, - деп, № 7 Шалтаева Ақтолқынды ортаға шақырамыз.

Өнер қуған жасынан

Өнері судай тасыған

Келесі бізде Гүлайна

Көрінген күштің басынан, - деп, № 8 Мейрамғалиқызы Гүлайнаны ортаға шақырамыз.

- Әділқазылар алқасының таныстыру бойынша қойған бағаларын білейік.

Келесі сайысымыздың


2-кезеңі: «Өнерлі өрге жүзер»

Кедеймін деп қысылма

Өнерің болса қолыңда

Өнерлінің ырысы

Жарқырап жатар жолында, -дей келе, сайыскерлердің өз өнерлерін тамашалайық.

(Әр сайыскер өз өнерлерін көрсетеді)

- Әділқазылар алқасының сайыскерлерімізге өз өнерлері бойынша қойған бағаларын білейік.

Келесі сайысымыздың


3-кезеңі: «Білімді мыңды жығар»

Халқымыздың ежелгі үрдісі бар

Адастырмас оң жолдан үлгісі бар

Үлкенді сыйлау, ұққанға соның бірі

Сынар сұрақ-жауап сайысы- дей келе, сұрақ-жауап кезеңіне кезек берейік.

Бұл кезеңде сайыскерлер қоржыннан асық суырып, сол асықта көрсетілген нөмірлер бойынша сұраққа жауап беруі тиіс.

- Әділқазылар алқасының сайыскерлеріміздің білімпаздығына қойған бағаларын білейік. Сайыскерлеріміз дайын болғанша кезекті әнге (биге) берейік.

Келесі сайысымыздың 4-кезеңі: «Көктем сәні»

Сымбатына сәнді киім жарасатын

Аспандағы айменен таласатын

Өнеріне сәні сай келіп тұрған

Сәнқойларға қызығып қарасын, - дей келе, сән үлгісіне кезек берейік..

- Әділқазылар алқасының сайыскерлеріміздің сән үлгісі бойынша қойған бағаларын білейік.

Келесі сайысымыздың

5-кезеңі: « Ою ойғанның ойы ұшқыр»

Бұл кезеңде сайыскерлер белгіленген уақыт аралығында осы жерде ою ойып, жапсыру керек.

- Әділқазылар алқасының сайыскерлеріміздің шеберлігіне қойған бағаларын білейік.

Келесі сайысымыздың

6-кезеңі: «Анама жыр арнаймын»

Мереке күніңмен

Қарсы алам өзіңді

Сәбилік сезіммен

Арнаймын сөзімді, -деп ақындарымыз жырға қосқандай, келесі кезек мәнерлеп жатқа оқуға беріледі.

- Әділқазылар алқасының сайыскерлеріміздің мәнерлеп оқулары бойынша қойған бағаларын білейік.

Бәріне риза болсын көрермендер

Көрсетіп өнерлерін жас өрендер

Осымен сайысымыз аяқталсын

Қазылар берсін енді шын бағасын

Қазылар орнықтырар әділдікті

Кімдердің жауаптары кәміл шықты

Өнерлі, білімді жарысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты,- дей келе, әділқазылар алқасына сөз кезегін беріп, сайыскерлерімізді марапаттайық.

Әділқазылар алқасы бір шешімге келгенше кезекті әнге (биге) берейік.

Қорытынды

Осымен сайысымыз өз мәресіне жетті. Қатысқан сайыскерлерге, оларды дайындаған аналары мен ұстаздарына алғыс айтамыз. Тағы да мереке құтты болсын!












© 2010-2022