Мақала Әліппені оқыту-шығармашылық көзі

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әліппені оқыту - шығармашылық көзі


Баланың тұңғыш рет мектепке келуі - оның өміріндегі ең бір шешуші кезең. Өйткені, ол оқушы болғанына қызығып, мектепке келуге асығады. Әр нәрсені білуге құмар, сезімтал, алғыр болады. Сондықтан да олар мұғалімнің дара басшылығына, беделіне, оның тәрбиесіне тез икемделіп, еліктеп отырады. Олардың жас мөлшері бірдей бола тұрса да олардың түсіну қабілеті, дүниетанымы, тілдік қоры, ой-өрісі, мінез-құлқы әр түрлі. Сондықтан кейбіреулері сыпайы, тәртіпті, сезімтал келсе, енді біреулері самарқау, айтқанды қиындықпен қабылдайтын, еріншек, жалқау, қабілетсіздеу келеді. Оқудың бірінші күнінен бастап-ақ әр баланың бойындағы ерекшелігін әліппеге дейінгі дайындық кезеңдерде бақылап, зерттеп біліп, олармен жеке істемейтін жұмыс түрлерін белгілеп аламын. Әліппені оқуға үйрету кезінде әрбір сабақ сайын көрнекі құрал пайдаланылатыны бәрімізге мәлім. Бұл кезеңде мен кеспе әріптерден буын, сөз, сөз тізбектерін, сөйлем құрайтын жинақтау кассасын және алфавитіміздегі әрбір өтілетін дыбыстарға арналған түрлі көрнекі құралдарды пайдаланамын. Өйткені, оқудың бірінші күнінен бастап-ақ сабақты қызықты, сапалы өткізуге пайдалы да, тиімді де. Көрнекілік балалардың сабаққа деген ынтасын, қызығушылығын, белсенділігін арттырады. Бұл оқу-тәжірибе жұмысының күн тәртібінен түспейтін мәселелердің бірі деп есептеп, оқуды өмірімен ұштастыра отырып, жас жеткіншектерге білім берудің ең тиімді тәсілін тәжірибеме бейімдеп пайдаланып жүрмін. Қай сабақта болмасын, қолдан келгенінше көрнекілікті пайдаланса, балалрдың ой-өрісі ешқайда бөлінбей, сабаққа деген ынтасы артады, қызыға тыңдайды. Бұл көп дайындықты қажет етеді. 1 сынып оқушыларын оқуға үйретудегі негізгі әдіс - буындатып оқуға үйретумен қатар дыбыс жүйесін талдау - жинақтау. Ол үшін балаға тіл дыбыстарын тыңдата отырып дыбыс сөзінің ұғымын білдіремін. Оқушыға таныс заттардың атына байланысты сөздердің қандай дыбыстан басталып тұрғанын, ол дыбысты таңбалап, дәптер мен тақтаға жазсақ, әріп болатыны көрсетіледі. Бұл әдіс балаларды өз бетімен жұмыс істеуге бейімдейді. Олардың ойлау, еске сақтау қабілеттерін дамытады. Осындай талдау-жинақтау әдісімен сөздің, дыбыстық құрамын ажыратуға дағдыланады. Алғашқыда екі, үш дыбыстан буын құрап, жеңіл сөздерді тұтас оқи алуға жаттықтырамын. Аз буынды сөздер мен жеңіл сөйлемдерді буын жігімен оқуға жаттықтыру кейін мәтіндегі сөйлемдерді оқығанда сөздерді дұрыс оқу, сөйлем аяғындағы нүктеге тоқтап оқу жеңіл болады. Әрине, сөйлем оқуға үйретудің де өзіндік ерекшелігі мен қиындығы бар. Өйткені сөз бір ұғымда, сөйлемнің тиянақталған ой білдіретінен түсіндіру талап етеді. Әліппедегі дыбыстарды түгел оқып біткеннен кейін пысықтау сабақтары жүргізіледі. Мәтіндегі сөйлемдерді мағынасына қарай ырғағын келтіріп, алдымен оқу үлгісін көрсетемін де оқушыларға қысқа сөйлемдерді тұтас оқытып жаттықтырамын. Бұл балалардың оқуға деген ынтасын, кітап құмарлығын арттырады. Қосымша көркем кітапшалардағы әңгіме, өлең, мысал, мақал-мәтелдер, жаңылтпаш-жұмбақтар оқытып отырамын. Сондай-ақ сөйлем сайын оның бірінші сөзінің және адамның аты-жөні, жер-су аттарының бас әріппен жазылып, сөйлемнің соңына нүкте қойылуы үнемі ескертіліп отырылды. Балалардың сабақ үлгеру қабілетін, олардың әрқайсысының ерекшелігін айқындап, жұмыстарды соған сәйкестендіре жүргіздім. Әліппе кезеңінде 1-сынып оқушыларымен жан-жақты еңбек етудің нәтижесінде 18 оқушы әліппені ойдағыдай аяқтады. Бұл - өз сыныбының толық үлгерімге жеткізудегі сенімнің алғашқы нышаны.

© 2010-2022