Сабақ: Отанымды сүйемін

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: Отанымды сүйемін.

Құндылық: сүйіспеншілік

Қасиеттер: Отан,қадірлеу,сақтау,сүйіспеншілік,мақтаныш,татулық.

  • Сабақтың мақсаты: «Отан», «Махаббат»ұғымдарының адамгершілік құндылық ретіндегі мәнін ашу.

Міндеттері:

  • Отан,сүйіспеншілік,татулық туралы түсініктерін кеңейту;

  • Отанға деген сүйіспеншілігін,мақтанышын арттыру;

  • Отанын сүюге,патриоттыққа тәрбиелеу.

Ресурстар: үнтаспа,релақсация жаттығулар жиынтығы,оқулық,дәйексөз,дәптер.

Сабақ барысы:

  1. 1.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен амандасып, «Өзін- өзі тану» сабағының ережесін «5-Т» қайталап, сабаққа қатысқандары үшін әр балаға 20 ұпайдан беремін. Оқушылардың оқу құралдарын «5 затты» тексеріп, ұпайларын түгендейміз.

Тыныштық сәті «Ғажайып бақ»:Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныс алыңдар.

Сіз өзіңіздің ішкі мүшелеріңізді сезініп,жүрек соғысын тыңдаңыз.Барлық мүшео\леріңізге ішкі қуаныш,күлкі толқынын жіберіңіз.

Айнала тыныштық.Өзіңізді жеңіл сезініңіз.Жеп-жеңіл мамық сияқтысыз.Жоғары көтеріліңіз.Көйлегіңіз қандай әдемі!Алдыңыздан соққан самал жел сізді биікке үйіріп көтеріп әкетті.Қандай тамаша!!!Еркіндік.Жүрегіңізді қуаныш билейді.Күнге қарай ұшып келесіз.Жерге қараңызшы,ол сізге қол бұлғайтын сияқты.Алдыңызда баспалдақБұл-сіздің арманыңыздың баспалдағы.Баспалдақпен жоғары көтеріліңіз,көтеріле беріңіз,сіз шаршамайсыз.Баспалдақ сізді басқа әлемге алып келеді.Бір кезде сіз ғажайып бақтың ортасында тұрсыз.

Алдыңызда алтын тақ тұр.Айналасыеа сәуле шашады.Бұл -сіздің өмірдегі өз орныңыз..Енді сіз өз өміріңіздің қожайыңысыз.

Айналаға қараңыз,қандай тамаша!Алуан түрлі хош иісті гүлдер,сіз көрмеген әдемі ағаштар тербеліп,сізге сәт спар тілейтін сияқты.Құстардың сайрағаны естіледі.Жүрегіңіздің қуанышын жасырмаңыз.Қасыңыздан құйрықтары сан құбылған тауыстар өтіп бара жатыр.Олардың біреуі сізге қарай бұрылды.Тұмсығыңдағы асыл тастармен безендірілген жалтжұлт еткен тәжді байқадыңыз.Ол-сіздікі!

Енді алдыңызға мақсат қойыңыз.Сізде үлкен күш-қуат бар!Менімен бірге іштей қайталаңыз:Мен қабілеттімін,ең ақылдымын,ең әдемімін,ең ерекшемін,ең күштімін,ең бақыттымын

Қайтадан жеңіл көтерілім,баспалдаққа келіңіз,төмен қарай түсе бастаңыз.

1,2,3-көзімізді ашамыз.

2.Үй тапсырмасын тексеру.

Балалардың жауаптары тыңдалып, түйінделеді


3. Дәйексөз. «Туған жердей жер болмас, Туған елдей ел болмас.» /плакатта,бірге оқу/ /мағынаны ашу/ -Әр адамның туған жері,өз Отаны өзіне жақын әрі ыстық көрінеді.Халқымыз «Туған жердей жер болмас,Туған елдей ел болмас» бекер айтпаған.Біз де Отанымызды сүйеміз.Сүйікті Отанымызды озат оқуымызбен,үлгілі мінез-құлқымызхбен,жақсы істерімізбен әрдайым қуантамыз.Еліміздің бейбітшілікке,ынтымақтастыққа,тыныштыққа өмір сүруін қалаймыз.

4. Әңгімелесу.

Е.Өтетілеуовтың «Отан»атты өлеңді оқыту.

●Отанды не үшін сүйеміз

●Отанды неліктен қастерлейміз?

.

5. Шығармашылық жұмыс.

«Туған өлке»өлеңді оқып, «Менің елім»тақырыбына коллаж жасау.

6. Топпен ән айту. Б.Жақыптың «Менің елім»өлеңі

7. Үй тапсырмасы. -Балалар,Бәйтерек-бейбітшілік символы.Океанариум-әр түрлі теңіз жануарлары мекен ететін арнайы жасанды теңіз.Мұның ерекшелігі сол:барлық елдерде,қалаларда кездесе бермейді.Дәптерде берілген Бәйтерек,океанариумнің суреттерін бояп келесіндер.

1 сынып «Өзін-өзі тану» дәптер

8. Соңғы тыныштық сәті. Көздерімізді жұмамыз,бүгінгі өткен сабақты ой елегінен өткізіңдер, бұл сабақ сендердің өмірлеріңе сабақ болсын, тек жақсы, шындық нәрселер ойлауға тырысыңдар, сонда ғана айналамыз жақсылыққа, шындыққа толары сөзсіз. Енді көздеріңізді ашсаңдар да болады. Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар! Көріскенше !



© 2010-2022