Математика пәнінен ашық сабақ

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні : 08.04.2014ж.

Сабақтың тақырыбы : Өткенді қайталау.

Сабақтың мақсаты :

1. Қызығушылықтарын арттыра отырып , өткен тақырыптарды қайталап , білімдерін бекіту , білім ,білік дағдыларының деңгейін анықтау.тез, шапшаң, ауызша есептеу қабілеттерін арттыру.

2.Ой ұшқырлығы мен логикалық ойлауын дамыту.

3. Оқушыларды ізгілікке , ептілікке , жылдамдыққа ,тапқырлыққа баулу. Адамгершілік , имандылық қасиеттерді қалыптастыру.

Түрі : саяхат сабақ.

Әдісі : « дамыта оқыту » технологиясын пайдалану, сұрақ - жауап.

Көрнекілігі : интерактивті тақта , сандар қатары.

Пәнаралық байланыс : ана тілі .

Сабақтың барысы : 1. Ұйымдастыру кезеңі.

2.Үй тапсырмасын тексеру. (2-3 оқушыдан сұрау)

Мақсат қою: Балалар , бүгінгі біздің математика сабағаның мақсаты ауызша қосу мен азайтудан алған білімдеріңді көрсету.Есеп шығара отырып , математика тілімен сөйлеуді одан әрі жандандыру.

3. Жаңа сабақ .

Бүгінгі сабағымыз жай сабақ емес , «Саяхат сабақ» . Бүгін біз «Мультфильмдер еліне » саяхатқа барамыз. Себебі ондағы қиындыққа тап болған кейіпкерлер сендерден көмек сұрап жатыр. Оларға көмектесу үшін сендер берілген тапсырмаларды мұқият , қатесіз орындауларың қажет.

  • Ал сендер өздерің қандай мультфильмдерді білесіңдер ?

  • Кімдер сендерден көмек сұрауы мүмкін ?

Олай болса , кім қиын жағдайға тап болып , көмек сұрап жатыр екен ?

  • Қай мультфильмнен үзінді?

Мультфильм «Алдар Көсе» .

Оқулықпен жұмыс . № 1.

Ондықтармен тура және кері санау.

10 20 30 40 50 60 70 80 90 100

100 90 80 70 60 50 40 30 20 10

Ондықтармен қосынды , айырма құра , компоненттерін ата.

Қосылғыштардың орнын ауыстыру. ( ережесін айт)

«Қошқар мен теке»

№2. Тақтамен жұмыс .

Тақия - 40 Шешуі : 40 - 30 = 10 ( көк тақия)

Қызыл - 30 Жауабы: Фабрикада 10 көк тақия тігілді.

Көк - ?

«Ну, погоди»

№ 4. Тақтамен жұмыс.

Сергіту сәті .

«Қу серке»

№ 4. Логикалық тапсырма .

1.Мен бір сан ойладым. Ойлаған санмен 4 - тің қосындысы 9-ға тең. Мен қандай сан ойладым?

Теңдеу құру. Х+4 =9. Қай компонент белгісіз ? Оны табу үшін не істейміз?

2. 10 - нан мен ойлаған санды азайтсам 3 шығады. Мен қандай сан ойладым? Теңдеу құру. 10 - х = 3.

Сабақты бекіту. № 5.

Сабақты қорытындылау. Бүгін сабақта не істедік ?

Үйге тапсырма : 170 - бет. № 3.

Бағалау.


© 2010-2022