Алтын күз мерекесіне арналған сценарий

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Куандыкова Асия Жетыспаевна

Зеленобор мектеп-гимназиясының

Бастауыш сынып мұғалімі

Бастауыш сыныптарға арналған « Алтын күз» атты ертеңгілік .

Мақсаты: Мектебімізде өткізіліп жатқан «Алтын күз» мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз-байлық, күз-береке, күз-молшылдық, күз-шаттық, күз-қуаныш екеніні оқушы санасына жеткізу. өздеріне ерік бере отырып, ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа баулу.

Өткізу мерзімі: қазан 2013 жыл . Өтілетін уақыт: сағ. 14.00.

Көрнекілік : слайдтар, суреттер , шарлар.

Ертеңгілікке жауаптылар: Куандыкова А.Ж.

Музыка :(сахна сыртында « күз» туралы өлең оқылады.)

Алтын, алтын сары алтын,

Алтын күзде нұр жатыр.

Мектептегі дәстүрлі .

Мерекеміз бұл да бір.

Берекесін сыйлауға ,

Өлкемізге күз келді.

Күзгі балды тойлауға ,

Шақырамыз сіздерді.

Сахналақ қойылым.

Сахнаның шетінде « Алтын күз» тақырыбына арнап шығарма жазып отырған оқушы отырады. Кітап, дәптерлерін ашып, сабақ қарайды.Кітап оқып, әрі , бері бері жүріп үстелге отырады.

Еңілік:

-Достым, Диана , мұғалім үйге күз тақырыбында шығарма жазуға берген.-Көмектесші.

Диана:

-Еңілік оған қиналатын несі бар Күз айы -өте бір тамаша мезгіл.Күздің бізге берер сыйы да мол. Өзің ойланып отырып жаз , содан кейін маған оқып бересің (Еңілік ойланып жаза бастайды.)

Дауыстап оқып, отырып жазады.

Еңілік:

Күз келді,күн суыта бастады.Ба-ла-лар да өз-де-рі-нің ал-тын ұя мек-теп-тер-іне о-рал-ды-ыыыы. -(деп ұйқыға кетеді.дауысы біртіңдеп бәсеңдейді)

Би : «Көбелек »

(Диана мен Еңілік сахнаға шығып аң - таң болады.Таңданып )

Диана:

-Біз қайда келдік?

(Күз киімін киген қыз бала келеді.)

Күз(Мадина):

-Мен күзбін . Өте еркемін . Сәл нәрсеге ренжіп. Бұртыйып қабағымды түйе қаламын. Кейде болмашыға өкпелеп , көз жасымды алмай төгіп-төгіп жіберемін. Әйтсе де менің жомарттығым мен ақ көңілдігімді бәрі де ұнатады.

-Менің айларым -еңбек ерліктің айы . Отан қоймасы , алтын астыққа толады. Диқандар еңбек жемісіне келетін береке айы , берекесін тойлайтын , мереке айы . Сондықтан да мені жұрт « Алтын күз» деп теңейді.

Ән: «--------------------- »

Диана:

-Еңілік күздің ең керемет байлығын көрдің бе?

(Еңілік таңырқай .) -Ол не Диана?

Диана:

-Ол деген егін . Егін дегенім-дән . Дән дегенім нан емес пе? Біздің бар байлығымыз нанға толды. Нан -бақытты өмірдің бастауы, нан ән мен жырдың өзегі . Нан қасиет, нан -береке , нан-мереке емес пе !

Сахналық көрініс:

Сахнада әр түрлі жануарлар киіммен киінген аңдар алма, алмұрт, жемістерді себетке жинап жүргенін көрген Диана:

-Оу кірпі , сен не істеп жүрсің?

Кірпі: Сен айналаңа қарашы, жемістер, көкөністер пісіп , жерге түсіп жатыр, соны жинап , қысқа дайындалып жатырмыз.

Еңілік: - Араларыңда аю жоқ қой?

Кірпі: - Аюлар қысқы ұйқыға дайындалып жатыр. Мен қазір күзгі көкөністер, жемістер туралы жұмбақ жасырамын. Ал шешейік:

Дөп-дөңгелек доптай,

Іші қызыл шоқтай.

Дәмін татып көрсең,

Одан дәмді жоқтай. (қарбыз)

2.Тәтті,

Тәттінің іші қатты,

Қатының іші тәтті. (өрік)

3.Бұл недеген көп киім,

Жетпіс қабат көк киім.

Жаңбыр одан өтпейді,

Қабат-қабат тоны бар,

Түймелеуге жетпейді.(орамжапырақ)

4.Үстіне тігіп көк шатыр,

Астында қызыл дәу жатыр.(қызылша)

Кірпі: - Рахмет, балалар! Күн суытты, бізге азық жинап үлгеру керек. Сау болыңдар!

Диана:

-Балалар, келген қоңақтардың құрметіне өз өнерлерімізді көрсетейік.

Еңілік:

-Жас өнерпаздарымыздың орындауларында шағын концертімізді көруге шақырмыз.

1.Би «Макарено» 3сынып

2.Ән «Жақсы көрем» Капарова Махаббат

3. Тақпақтар 1 сынып

4. Би «Қолшатыр»

Күн шығады : Әсел.

Диана: - Біз, тағы қандай таңғажайып жерге тап болдық. (Осы кезде жаңбыр мен жел , күн сәулесін қуып жүреді )

Еңілік: - Күн сәулесі саған не болды? Сен неге жабырқаусың ?

Әсел:- Күз мезгілінде тек жеміс жидектер ғана пісіп қоймайды , табиғатта да өзгерістер болады. Желмен найзағай егер бізбен ойнамасаң селкілдеп тұрып,жаңбырлатамыз -деп менің соңымнан қуып болмайды.

Диана: Балалар ондай болса күнге көмек көрсетейік.

Еңілік: Ойынсыз мереке бола ма?. Мен сіздерді «----» ойынын ойнауға шақырамын.

Диана: Балалар,біз Мадиананы ортаға шақырайық күнге арнап ән айтсын.

Еңілік: Қошаметпен қарсы алыңыздар Капарова Махаббаттың орындауында «--------» әні.

Диана:

Еңілік , сен не, ұйықтап қалғансың ба? Сенің шығарма жазғаның қайда?

Еңілік:

-Диана, мен күздің кереметін енді түсіндім.

-Күзді береке дейміз. Өйткені күзде барлық жеміс -жидектер ,егін пісіп , мал семіреді.

Күзді-байлық дейміз. Өйткені піскен егін , жеміс-жидектер дүкендерге толады. Молшылық болады.

-Күзді мереке дейміз-адамдар өз еңбегінің жемісін көріп қуанады , мерекелейді.

-Енді мен шығармадан «5» алатын болдым.

( Сахна сыртынан оқылады.) Музыка

Алтын күз сіз бен бізге шуақ шашсын.

Көңілдің серіппелі күйін ашсын.

Бақ пен шаттық бірге қатар қонып,

Береке бірлікпенен ортақтассын.

Ән : «күз жомарт» барлық сыныптар



© 2010-2022