Тәрбие сағаты Астана - бейбітшілік пен келісім мекені (2 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тәрбие сағаты Астана - бейбітшілік пен келісім мекені (2 сынып)Алматы облысы

Еңбекшіқазақ ауданы

«Ақши орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Тақырыбы: «Астана - бейбітшілік пен келісім мекені»

Мұғалім: Базарбекова Н.М

Сыныбы: 2 «А»

2015-2016 оқу жылы



Сабақтың мақсаты:

Астананың өткен тарихын білу, бүгінгі келбетін көру. Астана қаласы еліміздің Елордасы екенін шынайы сезінуге ықпал жасау, елжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Ой - өрісін, дүниетанымын кеңейту.

Сабақтың көрнекілігі:

Саяси карта, слайдтар, интербелсенді тақта, суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Кіріспе бөлім:

- Астананың бұрынғы атауын білеміз бе? (Ақмола)

(Картадан көрсету)

- Ендеше, өткенді білмей, алға жылжу мүмкін емес. Астананың өткен тарихына тоқталайық:

1830 жылы - Есілдің бойындағы Қараөткел тұсында Ресейден Шубин дегеннің жасағы келіп, бекініс құрылысын бастайды. 18 маусымда Ақмола қаласының алғашқы іргетасы қаланады.

1832 жыл 22 тамыз - Ақмола ішкі округінің ашылуы ресми түрде жарияланып, бұйрық бойынша аға сұлтандығына Әз Тәукенің ұрпағы Қоңырқұлжа Құдаймендеұлы тағайындалады.

1938 жыл 26 мамыр - Ресей империясының отаршылды саясатына қарсылық білдірген халықтың көтерілісін Кенесары Қасымұлы бастайды. Кенесары бастаған топ Ақмола бекінісін тас талқан етіп бұзып кіреді.

1863 жыл 16 шілде - Ақмола ресми түрде округтік қала болып жарияланды.

1918 жыл 2 маусымда - Ақмолада Кеңес өкіметі құрылды.

1928 жыл 17- ақпан - Ақмола губерниясы жойылып, округтік жүйе құрылды. Амола - округ орталығы.

1929 жылыы - Ақмолаға алғашқы пойыз келді.

1930 жылы - округ бұдан былай аудан деп аталды. Ақмола - аудан орталығы.

1939 жылы - қайтадан Ақмола облысы құрылып, Ақмола облыс орталығы болып белгіленді.

1946 жылы - қалалық демалыс паркінде Қазақстандағы алғашқы балалар темір жолы салынды.

1955 жыл - М.Горкий атындағы облыстық орыс драма театры ашылды.

1957 жылы - Алғашқы жоғары оқу - Ауыл шаруашылық институі (Қазіргі С.Сейфуллин атындағы Агро - университет)

1960 жылы - Тың өлкесі құрылып, Ақмола оның орталығына айналды.

1961 жылы - Ақмола қаласы Целиноград болып келеді.

1962 жылы - педагогикалық институт ашылды.

1965 жылы - Тың өлкесі таратылды.

1994 жылы қалаға ежелгі Ақмола аты қайтарылды.

1997 жылы - ҚР Президентінің «Ақмола қаласын ҚР астанасы ретінде жариялау туралы» Жарлығы шықты.

1998 жылы - ҚР Президентінің «Ақмола қаласын Астана қаласы деп атау туралы» жарлығы қабылданды.

Сергіту сәті

Кіп - кішкентай дөң едік,

Бүгінгі күн тау болдық

Тәкаппар күшті елдермен,

Тереземіз тең болдық!

ІІ. Негізгі бөлім:

Астана аңыздары:

  1. Тоқтамыс туын тіккен

  2. Ақмола наны

  3. Қараөткел

Сары далам Сарыарқада,

Ерке Есіл жағасында

Бой көтерді! Астана

Еуразияның кіндігі

Әсем қала, Бас қала.

  • «Архитектура - таспен жазылған құдіретті музыка» дегеніндей, көрсең көзің тоймайтын Астананың бүгінгі келбетіне тоқталайық: (слайдтан суреттер шығып отырады)

  • «ҚазМұнайГаздың» бас офисі мен Көлік министрлігінің биіктігі 151.65 метрді құрайтын «TRANSPORT» ғимараты

  • Министрлер үйі, жалпы аумағы 133000шаршы метрді алып

жатқан «Триумф Астана» тұрғын үй кешені. «Лағыл» кварталы атанып кеткен әкімшілік ғимараттары әлемде теңдесі жоқ құндылықтар болып табылады.

  • Бәйтерек монументі - Астананың рәмізі және ең көрікті жері.

  • Тәуелсіздік сарайы - дипломатиялық және басқа да халықаралық маңызды кездесулер өткізетін орын

  • Сулы - Жасыл бульвар - Астананың жаңа алаңындағы көше.

  • Ақ Орда - ҚР Президентінің резиденциясы

  • Бейбітшілік және келісім сарайы - әлемдік және дәстүрлі Діндер басшыларының конгресі өтетін жер.

  • Бейбітшілік пен келісім сарайында - Әлемдік және дәстүрлі Діндер лидерлерінің V - съезі болды. Астана бұл меймандарды бесінші рет қабылдап отыр.

  • Хан Шатыр - ірі сауда, ойын - сауық отаны.

  • «Шабыт » шығармашылық сарайы - қаланың мәдениет және өнер орталығы.

  • «Қазақ елі» монументі - Қазақстан Тәуелсіздігінің рәмізі болып кете береді.

Астананы көрген балалар өз естеліктерін әңгімелейді.

ІІІ. Қорытынды бөлім:

Астанаға арнау:

«Өз Астанам - өз Ордам» Н.Айтов

«Ей, Астана!» Н.Домбай

Елордамыз Астанаға ізгі тілектерімізді білдірейік:

Сәйкестендіру стратегиясы

Еліміз ашық болсын!

Халқымыз желбіресін!

Аспанымыз бірлікті болсын!

Туымыз аман болсын!

Жеріміз білімді болсын!

Тәуелсіздігіміз жайқала берсін!

Жастарымыз мәңгілік болсын!

«Астана - түркі әлемінің мәдени елордасы» атанып отыр. Бүгінгі күнде Астана еліміздің мәдени астанасы деген биік мәртебеге ие болды. Астана болашақтың қаласы. Астана жалынды жастардың қаласы. Бүгінгі «Астана - бейбітшілік пен келісім мекені» атты ашық тәрбие сағатын Бекдананың «Астана» атты әнімен аяқтаймыз.

© 2010-2022