Презентация по казахскому языку Э э дыбысы 1 класс

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Сабақтың тақырыбы: Э дыбысы мен әрпі. Сабақтың мақсаты: 1 Э дыбысы мен әрпін таныту.

2.Электр құралдарын дұрыс пайдаланудың

қауіпсіздік техникасын айту, түсіндіру, сақтау

3.Дұрыс оқу машығын қалыптастыру. Сабақтың көрнекілігі: суреттер6 кеспе әріптер Оқыту әдісі: көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру: Түгендеу, оқушылардың сабаққа зейінін аудару. Өткен сабақты еске түсіріп, пысықтау. -Ё дыбысы қандай дыбыс? -Дыбыстар нешеге бөлінеді? -Әріп деген не? -Дыбыс деген не? -Ё дыбысына сөздер ойлап табу. -Шахтёр сөзін тақтаға жазып, дыбыстық талдау жасау. Жаңа сабақ: Төмендегі өлең жолдарын оқу НанПрезентация по казахскому языку Э э дыбысы 1 класс Нанда еңбек, нанда ән, Нанда жұмыс, нанда сән. Нанда үлкен мән Сондықтан ол нан!
Балалар өлең не туралы? Нанның дастарқанға келу жолын оқушыларға қысқаша түсіндіру. Элеватор - мол астық сақтайтын, сұрыптайтын ғимарат. ЖұмбақПрезентация по казахскому языку Э э дыбысы 1 класс

  1. Топырақ жемей жота алмайды,
Тас шайнап та қақалмайды. (Экскаватор)
  1. Өзі тым күшті
Жерді қазып бітті. (Экскаватор)
Бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы Э дыбысы. Э дыбысын айтып көрейік. Э-э-э Э- дыбысы дауысты дыбыс. Э- дыбысы қазақтың төл сөздерінде кездеспейді. Орыс тілінен енген сөздерде ғана айтылады. Э- дыбысынан сөздер айту. Экскаватор сөзін буынға бөлу. Экс-ка-ва-тор Оқулықпен жұмыс. Оқулықтағы сөздерді хормен оқу Суретпен жұмыс. Электр өлеңін оқушыларға мәнерлеп, тізбектей оқу. Дәптермен жұмыс. Ауада жазып көрсету, тақтада жазу. Ээ Электр Экипаж Элеватор Экскаватор Сергіту сәті Тербеледі ағаштар Алдымыздан жел еседі Кіп-кішкентай ағаштар Біп-биік болып өседі. Дидактикалық ойын: адасқан буындардан сөз құрау - К, ш, а, ф (шкаф - Х, ш, а, т, р, ё (шахтёр) - Л, к, т, р, э, е (электр) - к, р, а, э (экран)
«Кім жылдам» дидактикалық ойыны: Мұғалім сөйлемді бастап айтады, оқушылар кеспе буындар арқылы аяқтайды. Мен аэропортқа .... (бардым) Ағам элеваторда .... (жұмыс істейді) Үйде электр шамы .... (жанып тұр) Сабақты бекіту. - Э қандай дыбыс? -Сөздің қай жерінде жазылады? Топтастыру стратегиясы Презентация по казахскому языку Э э дыбысы 1 класс
электр экипаж
элеватор экскаватор Сабақты қорытындылау: Біз бүгінгі сабақта қандай дыбыс және әріппен таныстық? Үйге тапсырма Оқушыларды бағалау, мадақтау


© 2010-2022