Қорытынды сабақ. Тақырыбы: «: Аңдарға тарту» Тәрбиеші: Бокина Х. М

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

КМҚК «Дәншік» балабақшасы

«Айгөлек» естияр тобы

Тіл дамыту.Бейнелеу.



«Аңдарға тарту»





Тәрбиеші: Бокина Х.М





Самар ауылы / 2014 - 2015 жыл/

Білім беру саласы: Қатынас, Шығармашылық.

Бөлімі: Тіл дамыту,Бейнелеу өнері.

Тақырыбы: Аңдарға тарту.

Мақсаты: Жабайы аңдар туралы әңгіме құрастыру,аңдарға,табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу. Қол еңбегі арқылы ұсақ қол қимылдарын дамыту, белсенділік және жауапкершілік сезімдерін дамыту.

Қос тілдік компонент: Күз-Осень.Тиын-Белка. Қоян-Заяц .Кірпі-Еж.

Аймақты компонент: Біздің аймақта қандай аңдадар бар,олар қайда тұрады.

Қажетті құралдар: Ойыншықтар-тиын,қоян,кірпі,бояу,қылқалам,су құйғыш,сүлгі,ермексаз,тақтайша,ақ бет қағаз.

Іс-әрекет кезені

Тәрбиешінің іс-әрекет кезені

Балалардың іс-әрекеті.

Мотивациялық қозғаушылық

Ұйымдастыру іздестіру













Рефлесивтік түзетушілік

Шаттық шеңбері.

Гүл өсірсен терлеп

Мұнын аты еңбек

Кесте тіксен зерлеп

Мұнын аты еңбек

Сабағынды жөндеп

Әзірленсен еңбек

Қиындықтын бәрін

Еңбек қана жеңбек

Орындарына келіп отырады.

Жұмбақ жасыру

«Жиып-теріп болатын

Қамбаға астық толатын

Қызыл қырман ойнайтын,

Қай мезгіл деп ойлайсын? »

Күз мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?

Жапырақтар сарғайып түседі. Күн суытады,жел соғады,жаңбыр жауады. Құстар жылы жаққа ұшады.

Көкөністер,жемістер піседі.

Өте жақсы

Ал күз туралы тақпақ кім біледі?

«Алтын,сары,қызыл,көк.

Алуан-алуан жапырақ

Күзгі бақта күлімдеп

Көз тартады атырап»

Балалар бізге орманнан қонаққа аңдар келіпті.Оны жұмбақ арқылы табамыз.Ал біздің аймақта қандай аңдар бар және олар қайда тұрады.

«Бұтадан-бұтаға секіреді

Жаңғақты жақсы көреді.»

Тиынды балалар сипаттаиды.

Орысша тиынды белка дейміз.

Тақпақ : Мен тиынмын тиынмын

Қысқа жылы киіндім

Қамба толы жаңғаққа

іші жылы үйімнің.

«Дегендей ешкім тимесін

Алыпты қадап инесін.»

Кірпі туралы Аделя айтып береді.

«Қалқып ұзын құлағы

Елендеп қорқып тұрады»

Қоян туралы кім айтады?

Тақпақ

Ұзын құлақ сұр қоян,естіп қалып сыбдырды,

Ойлы-қырлы жерлермен,ытқып-ытқып жүгірді.

Қарап еді артына,қиығын сап көзінің

Келе жатқан,томпандап,көжегі екн өзінің.

Ойын «Сөйлемді аяқта»

Аю үлкен,ал тиын (кішкентай)

Қасқыр ашулы,ал қоян (мейірімді)

Кірпі тікенекті,ал түлкі (үлпілдек)

Балалар орманда суық аңдарға қысқы азық керек ,оларға көмектесейік .

Бірінші топ қоянға ермексаздан сәбіз мүсіндейді.

Екінші топ кірпі мен тиынға арнап саңырауқұлақтын суретін салады. Балалардың естеріне түсіреді, ауада салады. Балалар жұмыстарын жасайды .Жасалған жұмыстарын аңдарға сыйлайды. Балалар аңдар сендерге рахмет айтып жатыр.Олар өздерімен бірге сыйлықтар әкеліпті.

Бүгін сабақта не істедік?

Кімдер қонаққа келді?

Қонақтарға қандай көмек көрсеттік?

Қоянға не жасадық,неден жасадық?

Кірпі мен Тиынға ше?

Балалар аңдар сендерге рахмет айтып жатыр.Олар өздерімен бірге сыйлық әкеліпті.Сендер бүгін сабаққа барлықтарын жақсы қатыстындар аңдар қуанып қалды осымен сабағымыз аяқталды.Сыйлықтарды үлестіру.

Балалар шаттық шеңберді жасайды.

Орындарына отырады жұмбақтын шешуін табады.

Күз

Тақпақ айтады

Тиын

Тақпақ айтады

Кірпі

Кірпі-еж

Қоян

Қоян-заяц

Балалар жауабын айтады

Келіседі

Балалар ермексаздан сәбіз жасайды.

Бояумен саңырауқұлақ салады.

Балалардың жауабы

Рахмет айтады.



Күтілетін нәтиже:

Нені біледі: Жабайы аңдар туралы,олардын тіршілігін біледі.

Нені игерді: Ермексаздан сәбіз жасауды және бояуды қолданып саңырауқұлақтың суретін салуды игерді.

Сұрақтарға толық жауап беру дағдысың меңгерді.



© 2010-2022