Қысқа мерзімді сабақ жоспары. Дауыссыз «Қ» мен «Ғ»

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Кенжебаева Лайла Берикболовна Мұғалім портфолиосы В2 есебі

№ 1 топ ІІІ-деңгей

Өскемен қаласы 14 қараша 2014



В2 есебі

Қысқа мерзімді сабақ жоспары


Сабақ: 1

Уақыты: 09.10.2014

2 «А» сынып

Барлық оқушы: 16

Қатысқаны: 16

Сілтеме:

Күнтізбелік - тақырыптық жоспар, 2-сынып «Қазақ тілі» оқулығы.

Сабақтың тақырыбы:

Дауыссыз «Қ» мен «Ғ»

Мақсаты:

Мақсаты: Қ,Ғ дыбыстарына байланысты ережелерді білу. Бұрын өткен материалдарды пысықтай отырып, қайталау.

СТО-ға байланысты; оқушылардың ойлау, сөйлеу қасиеттерін дамыту, теориялық білімдерін практикада қолдана білуге үйрету.

Топпен жұмысқа байланысты:

Бір-бірін сыйлауға, шыдамдылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:

Қ дыбысының ғ дыбысына өзгеру себебін түсінеді. Сойлеу дағдысы мен тіл шеберлігіне қол жеткізеді.көпшіліктің алдында сөйлеудің ерекшеліктерін меңгереді. Өзіндік пікір қалыптасады. Оқушылар бір-біріне сұрақ қоя отырып, сыйластыққа бейімделеді. Топтық бағалауда бағаны дәлелдеуге дағдыланады.

Ресурстар

Оқулық. 34, 35, 36 беттер. Карточкалар, түрлі - түсті қоңыраулар, проектор.

Әдіс-тәсілдер:

1.Шаттық шеңбері.

«Жалынды тілек, жылы сөз»

2.Топқа бөлу.

-түстерге байланысты қоңырауларды бөліп алады.

3.Өткен тақырыпқа шолу.

Өткен тақырыпқа байланысты карточкалармен жұмыстарды қорғау. Үйге берілген жаттығуды дәптерлерді жинап алып тексеремін.

4.Топтық жұмыс.

-топтастыру

-түсіндіру

5.Бағалау

6. Кері байланыс

Рефлексия

7. Үйге тапсырма. Ережеларді жаттау.

Сабақ барысы:

Мұғалімнің іс-әрекеті:

Оқушының іс-әрекеті:

Ой - толғаныс:

Шаттық шеңбері:

Оқушыларды ортаға шақырады, бір-біріне жақсы тілек айтуға ұсынады.

Оқушылар шеңберге тұрып, бір-біріне тілек айтады.

Шаттық шеңберге шыққанда шын ниетімен бір-біріне жылы лебіздерін білдірді.

Ұйымдастыру кезеңі:

Түстерге байланысты қоңырауларды таратады

Қоңыраудың түсіне байланысты төрт-төрт оқушыдар 4 топқа бөлінеді

Топтарға қоңырауға бөлген себебім, өтетін тақырыбымыз қ дыбысы болғандықтан, миға шабуыл кезінде оқушыларды осы қоңырау сөзімен байланыстырдым.

Өткен тақырыпқа шолу:

Өткен тақырыпқа байланысты карточкаларды таратып, проектор арқылы сол карточкаларда берілген тапсырмаларды түсіндіреді.

Әрбір топқа берілген карточкадағы тапсырмаларды топ- топ болып бірігіп орындайды. Топ спикерлері үй жұмысына берілген карточкаларын қорғайды.

Өткен тақырыптарды қайталау мақсатымен оқушыларымның карточкамен жұмыста, топ спикерлерінің белсене қатысқандары қуантты.

Бағалау:

Әр топты смайликтермен бағалауға ұсынады.

Оқушылар әрбір спикердың жауабын смайликтер беру арқылы бағалайды.

Формативті бағалау болғандықтар кейбір оқушылардың бағалары әділетсіздеу болды.

Жаңа сабаққа даярлық:

«Миға шабуыл» қасық, балық, жорық сөздеріне «ы» дыбысын қосқанда сөздің өзгеруіне көңіл аударту мақсатында тапсырмалар береді. Осы тапсырма арқылы ережені анықтай отырып, бүгінгі жаңа сабақтың ережесі ашылады.

Балалар қасық-қасығы, балық-балығы, жорық-жорығы сөздерін жазады. Ережені анықтайды.

«Миға шабуыл» -дағы тапсырмады орындай отырып ережені өз беттерінше аша алды. Соған байланысты сабағымның өте жеңіл өтетінін байқадын.

Жаңа сабақ

Көркем жазу: қ мен ғ аріптерінің элементтерін қайталатады.

Оқулықпен жұмыс. 101-102 ші жаттығуларды орындату.

Тақтамен жұмыс: көп түктенің орына тиісті әріптерді қойып жазғызу.

Оқушылар қ, ғ аріптерінің элементтерін еске ала отырып көркем жазады.

Оқулықтағы тапсырманы орындайды.

Оқушылар тақтаға шығып орындайды.

Көркем жазуда кейбір балалардың жазу элементтерін дұрыс қадағаламай отырғандарын байқап, ескертулер жасадым. Дәптермен, тақтамен жұмыстары белсенді өтті.

Сергіту сәті: «Қызыл өрік» бейне клиппен билеу.

Оқушылар белсене қатысады.

Бастауыш сыныптары жалпы көп қимылшаң болғандықтан, бейне клипке қарап, оқушының биін қайталағанда көңілдері көтеріліп, сергіп қалды.

Бекіту:

Топтық жұмыс: жаңылтпашы жатқа жазу және бір сөзге дыбыстық талдау жасау.

Әр топ жаңылтпашты жатқа жазып, құлағы, бұлағы, қармағы, қаймағы сөздеріне дыбыстық талдау жасайды.

Ережеге сүйене отырып әр топтың оқушылары белсендік танытып, дыбыстық талдау жұмысын оңай орындады. Оларға сабақтың басвында өз беттерінше ережені аша алғандары көп сеп болды деп ойлаймын.

Қорытындылау:

Бағалау:

Мадақтау сөздер. Жиынтық баға.

Өз-өздерін бағалау.

Жиынтық баға.

Балалар сабақ бойы өз жұмыстарын бағала, соңында өзім жиынтық бағаларын қойдым.

Кері байланыс:

«Білім ағашы»

Оқушылар «Білім ағашына» стикерлерді жабыстыру арқылы сабақ туралы өз ойларын білдіреді.

«Білім ағашы»-ның жапытарқтарына сабақ туралы өз ойларын жазып стикерлерін ағашқа жапсырды.

Үйге тапсырма:

106-жаттығу. 36 бет. Ережені жаттау.

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазады.


Тізбектелген сабақтар топтамасынан алынған сабақ бойынша рефлексивтік есеп.


Адамның адамдышығы....жақсы ұстаздан болады. Абай Құнанбаев. Бүгінгі заман ағымы болашақ ұрпақтың ой-өрісінің кеңеюі, шыңдалуы, жеке тұлға ретінде қалыптастыруын талап етеді. Осы орайда ұлы педагог Ушинскийдың «Бала-балқытылған алтын» деген қанатты нақыл сөздері менің есіме түседі. Көз алдымыздағы балаға қалай бағыт берсек, олар да солай өседі. Мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға мұғалім болғандықтан біздің алдымызға мынадай міндет қойылған өрекениетке білімді де рухани бай тұлғаны-өсіру. Бағдарламаның негізгі міндеті мұғалімдердің педагогикалық тәжірибесін жетілдіру мен бағалауға бағытталады. Сондықтан білім беру мен оқытудың қазіргі заман әдістері мұғалімнің күнделікті тәжірибесінде қарастырылуы тиіс. Жаңа бағдарламаның басты мақсаттарының бірі-баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру. (12-бет) Қазақ халқы жеті санды қасиетті дейтін болса мен үшін де бағдарламаның мазмұнындағы жеті модульдің қасиеті ерекше болды. Бұл модульдың түрлерін сабағымда қолданып жүрсем де, тереңге үңілмеппін, аса мән бермеппін. Курсқа дейінгі сабақтарымда оқушылар емін-еркін отыра алмай, бір-бірімен әңгімелесу мүмкіндіктері болмайтын болса, ендігі жерде, топтаса отырып, бірге ұйымдасқан түрде жұмыс жасайтындарын естігенде оқушылар қуанып қалды. Сол кезде мен алдыңғы сабақтарымды неліктен осылай өткізбегенмін келешек сабақтарымды осындай әдіс-тәсілдерді жаңаша түрде еңгізіп, сабақ барысында пайдалансам өте орынды болар деп тізбектелген сабақтар топтамасының бірін осылай өткізген оң нәтижесін берер деген оймен сабағыма кірістім. Бірінші бетпе-беттен өз мектебіме барып, өз сыныбым 2 «А» болғандықтан, жас ерекшеліктерін ескере отырып, қазақ тілін таңдап алдым. Сыныбымда он алты оқушы бар. Оның он үші ұл, үшеуі қыз балалар. Сыныбымдағы оқушыларымның деңгейлері әртүрлі, сондықтан әр балаға өз қабылдау деңгейіне сай тапсырмалар берілді. Әлеуметтік жағдайы төмен, ата-ана тарапынан көп көңіл бөлінбей, соған байланысты үлгерімі төмен оқушылар да бар еді. Осы оқушыларым бұрында дәстүрлі сабақтарда білім алуда біраз қыйындықпен қабылдаған болса, осы Бағдарлама негізінде үйренген жаңаша топтық жұмыстарда ішкі уәжі мен қызығушылығы оянып, сабақта белсенділік танытар деген үмітте болдым. Сабақ беру барысында сыныбымда сыныбымды зерттеуге алдым. «А» деңгейлі оқушылар - олар өз білімдеріне сенімді, ойларын нақты жеткізе алатын, ұйымдастырушылық, көшбасшылық қасиеттері жоғары деңгейде дамыған балалар. Дәстүрлі сабағымда оқушыларым ережелерді жаттай отырып жаттығуларды орындағанда ғана белсенділік танытатын. Мен мұғалімдерге арналған нұсқаулықта «дайын білімді беруге негізделген оқыту тәсілдерінің білімді меңгеру былай тұрсын, олар бойынша терең түсінік қалыптастырып, бастапқы білімді жаңа біліммен өзара байланыстыруға да мүмкіндік тудыра бермейді» (Мұғалімге арналған нұсқаулық , 6-бет) тұжырымды есімде сақтай отырып, толық келісемін, себебі, дәстүрлі сабақтарымды өткізу барысында оқушыларға көбінесе талдауға, өтілген тақырыптарға байланысты қортындылауға арналған сұрақтар қойғанда, оған қабілеті жоғары, оқушылар ғана шапшаң жауап бере алады, кейбір оқушылар денгейлеп қойылған сұрақтарға ғана жауап берсе, сыныпта бар-жоғы білінбейтін оқушылар мүлде қозғалыссыз енжар отыратын болды. Өзінің алдыма қойған мақсатыма қол жеткізу үшін сабағыма оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді алдым. Мұғалім өз білімін үздіксіз жетілдіріп отырғанда ғана зор табысқа жетеді. Осы қағиданы есімде ұстай отырып, сыныбыма нәтижелі сабақ өткізуді көздедім. Сыныбым бастауыш сынып болғандықтан, сабағымды бастамас бұрын сыныпқа жағымды атмосфера қалыптастыру үшін ортаға шаттық шеңберіне шақырдым. Бастауыш сынып оқушылары бір-біріне жақсы тілектер айта отырып, өздеріне жағымды орта қалыптастыра алды. Топқа бағытталған тапсырмаларды орындату барысында оқушылардың сыни көзқарастарын қалыптастыру үшін түстерге байланысты қоңыраулар бойынша топтарға бөлдім. Әртүрлі қоңырауларды алған сәтте оқушылардың жүздерінен қуаныш лебі байқалды. Бір-біріне салыстыра қоңырауларын көрсетіп жатты. Сабақ барысында өткен тақырыпқа шолу жасалды. Қайталай отырып, оушыларға сыни тұрғыда мынадай сұрақтар қойылды-Өткен тақырып бойынша п және б дыбыстарының ұқсастығы бар ма?-өткен тақырыптың бүгінгі жаңа сабақпен байланысы бар деп ойлайсыңдар ма?-деген сауалдарға оқушылартан төмендегідей сыни жауаптар болды. -ия, п мен б екеуі де дауыссыз дыбыстар, бірақ біреуі қатаң, біреуі ұяң дауыссыз- десе, енді бірі оған мынандай мысал келтірді: п дыбысын сөздің басында да, аяғында да кездестіреміз, ал б дыбысы сөздің аяғында көп кезікпейді - деді. Осындай оқушылардың пікірін естігеннен кейін оқушылардың өткен тақырыты толық меңгергендіктерін байқадым. Алған білімдерін практикамен ұштастыру үшін топтарға өткен тақырыптарға байланысты карточкалармен жұмыс орындаттым. «Тұжырымдамалық карта» әдісі бойынша дауыссыз дыбытарды саралау жұмысы бойынша топтық тапсырмалар болды. Топтық тапсырмаларды орындау барысында байқағаным, әр топта бәсекелестік пен жауакершіліктің қалыптасуы болды. Жаңа әдіс-тәсілдерді меңгергендіктерін тұжырымдамалық картаны жасағандағы шығармашылықатырынан анық байқадым. Кестені қабылдау жағынан да, ішкі мазмұны жағынан да түсінікті болды. Өткен тақырып пен жаңа сабақты байланыстыра оқулыпен жұмыс жүргіздім. Ол төмендегідей әдіс - тәсілдер бойынша іске асты. Әр топта жұптық әңгіме жүргізілді. Алдмаен жаңа сабақты оқулықтан өздері оқуы тапсырылды. Ол «Мен- саған,сен- маған» жұптық әдісі бойынша жүзеге асты. Осы әдісті қолданған кезде «А» деңгейлі оқушыларым «С» деңгейлі оқушыларммен диалогтық қарым-қатынасқа түскенде көшбасшылық қабідеттерін таныта білді. Ал «С»деңгейлі оқушылар «А» және «В»деңгейлі оқушылардан қалмауға тырысып, бәсекелестік қабілеттерін көрсетті. Жаттығу орындату барысында оқушылардың көшбасшылық, жас ерекшелік қабілеттерін шыңдау үшін топ басшысына тобын ұйымдастыру жұмыстарын жүргізуге тапсырмалар берілді. Топ басшысының ұйымдастыруымен топтағы әр оқушы жеке жұмыс орындады. Жаңа Бағдарламадағы есте сақтаудың «орын тәртібі» бойынша оқулықтан оқыған жаттығу тапсырмаларын белгілі бір уақыт аралығында есте сақтап, жатқа жазу тапсырмасы берілді. Осы тапсырманы орындау барысында «С» деңгейлі оқушының қатарындағы «Б» топтың ішінде белсенділік танытып, бірінші болып тапсырманы орындады. Қабілет- қарымы жағынан белсенділік таныта бермейтін оқушының бірінші болып тапсырманы орындағаны мені қуантты. Келесі жаттығуды орындау барысында қ мен ғ дыбыстарына байланысты теорияны практикамен ұштастыру мақсатында топтық жұмыстар берілді. Топ болып орындай отырып, берілген сөздерге байланысты «делегат» әдісі бойынша топ басшысының ұйғарымымен бір оқушы тапсырманы тақтаға орындауға шықты. Тапсырманы орындау барысында кеткен қателіктермен жұмыс жасауда көпіршелер құра отырып, түрткі жұмыстарын жасадым. Менің түрткі болуым негізінде оқушы өз қателігін өзі жөндеді.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары. Дауыссыз «Қ» мен «Ғ»Қысқа мерзімді сабақ жоспары. Дауыссыз «Қ» мен «Ғ»
Оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып, сабақ барысында тез шаршайтындықтарын, тез зерігетіндіктерін білгендіктен, проекторды пайдалана отырып, «Қызыл өрік» әуеніне би билеттім. Өзім де, оқушылармен бір серігіп қалдым. Сабақтан алған білімдерін жүйелеу мақсатында шығармашылық деңгейлерін білу үшін, топқа постер құру жұмысы берілді. Бұл жұмысты орындауда, оқушылар өте жоғары қызығушылық танытумен қатар, қарсы топтармен бәсекелестік жұмыс жасады. Жұмыс жасауда талантты және дарынды балалардың шығармашылығы анықталды. Қысқа мерзімді сабақ жоспары. Дауыссыз «Қ» мен «Ғ» Қысқа мерзімді сабақ жоспары. Дауыссыз «Қ» мен «Ғ» Диалог негізінде оқыту мен оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалімнің оқушы арасындағы диалогтың шәкірттердің өзіндік ой-пікірін жүйелеуі мен дамытуына көмектесетін амал екенін меңзейді. (МАН. 12 бет) Мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым - қатынас диалог арқылы іске асатындықтан сабақ барысында диалогтық қарым-қытынасты орнатуға тырыстым. Оқушылардың сыни көзқарасы, сыни ой-пікірлері бір-бірін дамытумен қатар, ой-өрісітерінің жетілулеріне, сыни көзқарастарының жүйелі болуларына, сабақта уақытқа реттелуіне, өздерінің реттелуіне, жауапкершілікке деген ойларының өзгеруіне ықпал етті. Ашылмай жүрген қабілеттерінің шыңдалуына, бірін-бірі тануына, жаңашылдыққа бағыт алуларына жол ашты. Сабақ барысында топтар бірін-бірі бағалауда өте жоғары белсенділік көрсетті. Топ мүшелерінің бірін-бірі бағалауы смайликтер арқылы жүзеге асты. Осы смайликтермен бағалауда оқушыларды бақылай отырып, мынандай сауалдар тастадым: - «Қ» сен неге «Е»-ге көңілсіз смайлик сыйладың? Ойыңды дәлелдей аласың ба? -менің көңілсіз смайликты сыйлағаным, ол бүгін сабақта көңілсіз отырды, белсенділік танытпады. Жұптық жұмыста тапсырманы мен ғана орындадым, ол ешқандай пікір қосқан жоқ, сол себепті мен оған бүгінгі сабақтағы ынтасына қарай осылай бағаладым. Осындай пікірлер әр оқушының аузынан сыни дәлелдемелер арқылы естіліп жатты. Төрт топ бірін - бірі бүгінгі сабақтарындағы кемшіліктері мен жетістіктерін саралай отырып, «бес ұжымдық шапалақ» бойынша бағалау жұмысын жүргізді. Оқушылардың бағалауынан кейін сабаққа жалпы қорытындылау жасау мақсатында жиынтық бағалау бойынша өзім бағалап отырдым. Әр топтың топ спикерлерін тыңдай отырып, жеке, жұптық, топтық, көшбасшының пікірін есепке алып, нақты жиынтық қорытынды бағаға жеттім деп айта аламын. Сыныптағы ынтымақтастық ахуылы, сабаққа деген бүгінгі қатыстары бойынша оқушылар менің тарапымнан эмоциялық бағалауды қабыл алды. Бүгінгі сабақтан не алдым? Өз тарапымнан қандай жетістіктерге жеттім? Өзімді таныта алдым ба? Топтық жұмыс барысында жеке тұлғалық қасиеттерімді көрсеттім бе? Өзін - өзі бағалауда нақты бағалауға жетістім бе? Сабақ барысында меңгере алмаған тұстарымды саралай алдым ба?-деген сыни сұрақтар арқылы жауап беру мақсатында «Білім ағашына» сыни сұрақтарға сыни жауаптармен өз ойларын жазып, ағашқа ілді. Осындай сабақ құрылымына жасалған кері байланыстан «А» деңгейіндегі «М» былай деп өз пікірін жазыпты: - мен бүгінгі сабақта өзімнің көшбасшылық қабілетімді аштым, топтық жұмыс барысында тобымды жұмысқа жұмылдыра білдім, өз тарапымнан постер қорғағанда шығармашылығымды салып жұмыс жасай білдім және өзімді нақты бағалай білдім деп ойлаймын, - десе, «С» деңгейлі «Р» топта өзімді өзімді соншалықты таныта алдмадым, бірақ өзімнің жеке тұлғалық қасиетім бәсекеге қабілетті екендігімді байқадым. Қарсы топтағы «М» - ға тапсырма берілгенде ол оқушыдан бұрын ол тапсырманы мен орындадым. Бұл менің үлкен жетістігім деп ойлаймын. Осы сабақ барысында тек қана оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер емес, қалған алты модульді де ықпалдастырдым.

  1. Оқуды бағалау және оқытуды бағалауда жеке, жұптық, топтық, топ басшысының бағалауы, топтардың бірін - бірі бағалауы негізінде әр оқушы бойына сенімділік пен «мен» деген қарым-қатаныс қабілеттерін дамыттым.
  2. Білім беруде АКТ-ны пайдалануда сергіту сәті мен тапсырмаларды көрсеттім.
  3. Білім берудегі басқару мен көшбасшылық. Оқушылардың өзін-өзі бағалауда спикер көшбасшылық қабілетін танытып, топты бағалай білді.
  4. Мұғалімнің көшбасшылығы оқушылар үшін ұтымды әдіс-тәсілдерді таңдай білуі, жас ерекшеліктеріне сай тапсырмалар құруы, сабақ смақсатына оқушылармен бірлесе жетуіне жол ашуы болды.
  5. Сабақ барысында, әсіресе сабақ қорытындылау кезінде постер қоғауда шығармашылық жұмыстарын насихаттады.
  6. Сабақтың әр кезеңінде оқушылардың жас ерекшеліктері ескеріліп отырды.
Сабағым жүз пайыз сәтті өтті деп айта алмаймын. Біршама кедергілерге де тап болдым.
  1. Оқушылардың топтық жұмысқа жауапкершілікпен қарамауы;
  2. Жаттанды бағалауға бой алдыру;
  3. Кері байланыстың дұрыс болмауы;
Бірақ өзімнің жаңашылдық әдіс-тәсілдерімді жетілдіре отырып, болашақта бұданда жоғары жетістіктерге жете жұмыс жасаймын деп ойлаймын.





© 2010-2022