Математикадан кіріктіру сабағы 6 саны және цифры

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Математика 1сынып

37-нші сабақ күні_______________

Тақырыбы: 6 саны және цифры Мақсаты:

  1. оқушылардың 6 саны және цифры, 6-ның сандар қатарындағы орны туралы білімдерін қалыптастыру;

  2. геометриялық фигуралар жөнінде алған білімдерін бекітуге және зейіндерін дамыту;

  3. таза, әдемі жазуға жаттықтыру. Бір- бірін тыңдауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, ой туғызу, ойын түрлерін пайдалану

Пән аралық байланыс: күнделікті өмірмен

Көнекіліктер және ТҚЖ: интерактивті тақта, заттық суреттер топтамасы

Қолданылатын технологиялар: ойын технологиясы

Сабақтың типы: жаңа сабақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың сабаққа зейіндерін аудару. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады. ІІ. Тірек білімдерін жетілдіру. Ауызша жұмыстар жүргізу арқылы оқушылардың дайындық деңгейін анықтау. 1-5 сандарының құрамы қайталанылады. Ойындар:Кімнің үйі? Не өзгерді? Көршісін ата. Сандар реті.

ІІІ. Жаңа сабақ. Тақтамен жұмыс. Тақтаға 5 тікұшақтың суреті ілінеді. Неше тікұшақ көріп тұрсыңдар? Тағы бір тікұшақ ұшып келеді. Нешеу болды? 6 саны қалай шықты? Тақ не жұп екенін анықтау. Қорытынды: «5-тен кейін 6 тұрады» Сан сәулесіндегі орнын көрсетеді. 5+1=6 Бестен кейін тұрағым, Есікте мен тұрамын. Кім болмаса ашатын, Сол орында тұрамын (6 саны , құлып) Сан тізбегі бойынша тура және кері санау.

ІV. Сергіту сәті .

Оқулықпен жұмыс. 62-63бет. Оқулықпен жұмыс.№1 тапсырма. Назар аудару. 5 қызыл, бір үшбұрыш бар. Мысалдар төртігін құрастырылады. Қосуға кері амал азайту. Амалдардың компонентерін атау.

5 қызыл 1көк

4 қызыл

2 көк

5+...=6

4+...=6

...+5 =6

...+4 =6

6-...=...

6-...=...

6-...=..

6-...=..

Неше қызыл үшбұрыш салынған? Көк үшбұрыш нешеу?Барлығы нешеу? Өрнектерді жазыңдар. Неліктен соңғы бағанда тек екі өрнек болды?

Дәптермен жұмыс.

6 цифрын жазу. Баспа және жазба түрімен таныстыру. №1оқулықтан көшіреді.

№2 берілген нүктелерді дәптеріңе қайталап сал. Нүктелерді сызық арқылы қос. Бұл фигураларды қалай атауға болады? (бесбұрыш, алтыбұрыш)

Ауызша. №3 тапсырма «Көршісін тап» ойыны

№4 Фигураларды ата. Кесінділерді өлше және салыстыр. 1-сәуле, 2-3-үшбұрыш, 4-8 бұрыштар, 5- шаршы, 6-түзу, 7 -төртбұрыш, 9-10- кесінді.

№5Үлкен текше неше кіші текшеден құралған? 8 кіші текше.(практика жүзәнде көрсету)

Дәптермен жұмыс. №3 «Математикалық жаңбыр» нәтижесін жазу.

Геометриялық фигуралар жөнінде алған білімдерін бекітуге және зейіндерін дамытуға арналған №4 тапсырманы өздік дұмысы ретінде орындайды. Суретті бояп, әр түрдегі фигуралардың санын санап, санын осыған арналған торкөзге жазады. Үлгерімі жақсы оқушыларға: торкөздерге тура осындай суретті қайталап салу тапсырмасы беріледі. V. Сабақты қорыту. Қандай санмен таныстық?



© 2010-2022