Ана құшағында ашық сабақ

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Ана құшағында ашық сабақАна құшағында ашық сабақАна құшағында ашық сабақАна құшағында ашық сабақАна құшағында ашық сабақАна құшағында ашық сабақАна құшағында ашық сабақАна құшағында ашық сабақАна құшағында ашық сабақСабақтың тақырыбы: Ана құшағында

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Мәнерлеп оқу және дұрыс машығын жетілдіру

2. Дамытушылық: Топтық жұмыс. Тірек - схема бойынша шығармашылық қабілетін дамыту

3. Тәрбиелік: Шығармадағы негізгі ойды таба білуге дағдаландыру

Сабақтың көрнекілігі:

Жоспар - схема, тірек, сызба.

Түйенің суреті. Өзін - өзі бақылап, бағалау қима қағаздары. Ғабит Мүсіреповтың суреті.

Сабақтың пән аралық байланысы: қазақ тілі, бейнелеу.

Сабақтың түрі: түсіндіру, баяндау. Аралс сабақ

Сабақ әдісі: сұрақ, жауап, шығармашылық және зерттеу жұмыстары. Ой ашу

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру

а) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

ә) Үй тапсырмасын пысықтау Ой ашу

Түйенің тұқымы:

Нар - жалғыз өркешті түйе

Айыр - қос өркешті түйе

Үй жұмысы: «Үлек» әңгімесінің мазмұнын ашу

Үлек - нардың бұрасы.

Түйелер қыс бойы қар үстіне түнейді. Оларды бағатын үлек. Ауыл адамдарына соғымға, не мініс, не жүк артуға керек болады.

Үлектен барлығы қорқады. Өйткені аңдаусыз келіп қалғандарды үлек шайнап тастамақ болып, тұра ұмтылады.

Елдің зәре - құтын алатын үлек кіп - кішкентай, ап - арық Мүлкібай атаға бағынады. Өйткені ол үлектің иесі.

2. Топпен жұмыс:

І топ: «Үлек» әңгімесінің мазмұнын айту

Түйе тұқымын жасына қарай жазу

ІІ топ:

Буыршын

Інген

Түйе

Құнанша

Дөнен

Тайлақ

ІІІ топ: Түйеге байланысты мақал - мәтелдер айту

3. Оқулықпен жұмыс: Мәтінді тізбектей оқу

4. Блиц - турының сұрақтары:

а) Үлек дегеніміз не?

ә) Үлекке сипаттама бер

б) балалар Мүлкібай атамен бірге қайда, не үшін барды?

в) балалар неден, неге қатты қорықты?

6.Екеуара жұмыс:

Үй тапсырмасына берілген шығармашылық жұмыстарын дәптер алмасып, бір - бірінің жұмысын тексеріп, бағалайды.

7.Сұрақ - жауап арқылы үй тапсырмасын, оқушылардың білімдері мен іс - әрекетін бағалап, сабақты қорыту.

Жаңа сабақ:

1. Ана құшағында. Авторы: Ғ. Мүсірепов

2. Жаңа білімді хабарлау

Материалды қабылдауға психологиялық жағынан дайындау.

Тірек - сызба бойынша автор туралы мәлімет

Мәтін мазмұнымен таныстыру

Әңгімедегі ой жүйесін айқындау

Шығарманың мазмұнын кеңейте әңгімелеу әдісі бойынша қосымша мағлумат бере отырып баяндау

3.Оқулықпен жұмыс:

1) Тізбектей оқу

Мәтінді дұрыс әрі мәнерлеп, кезектестіріп оқыту

4. Қызығушылығын ояту

Шығармадан анасының Қайрошты құшақтаған сәтін тауып оқыту.

5.Сұрақ - жауап:

1) Ана мен баланың бір - біріне деген ыстық сезімін әңгіменің қай жерінен оқуға болады?

2) Мария апай деп отырған кісі кім деп ойлайсың?

3) Қайрош неліктен анасымен бірге ауылға кетіп қалмады?

4) Егер сен Қайроштың орнында болсаң, не істер едің?

6. Қайроштың анасына сипаттама жазу

Басында үлкен жаулығы, көк шұбар көйлігі бар

Мейірімді

Сөйлеген сөздері жағымды

Қойроштың анасы

Мінезі жұмсақ, ақкөніл

7. Баға қою

8. Дәптермен жұмыс

а) Қайрошқа мінездеме жазу

Зерттеу жұмысы

Жанры - шығарма

Авторы - Ғ. Мүсірепов

Азат жолы - 5 жаңа ой

9. Оқушылар қима қағаздар арқылы өзін - өзі бақылап, қорытынды бағалар қояды.

а) Сабақты қорытындылап бағалау

ә) Үйге тапсырма: Ана туралы шығарма жазып келу. Мақалдар жаттау

10. Қорытынды: Оқушылар білімділікке, сауаттылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу, ойларын еркін айтуға дағдылантыру.

«М. Ғабдуллин атындағы жалпы орта мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш

сынып мұғалімі Ешмурзаева Гүлмира



© 2010-2022