Презентация по родному языку на тему Әнші Әміре

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Презентации
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Презентация по родному языку на тему Әнші ӘміреКүні

27.01.2015.

Пәні

Әдебиеттік оқу

Сыныбы

3

Сабақтың тақырыбы

М.Әлімбай. Әнші Әміре

Сабақтың мақсаты

Бағдарламаның жеті модулін ықпалдастыра отырып, сабақта жаңа әдістерді қолдану арқылы оқушылардың сыни ойлауын, сөйлеу мәнерін жетілдіру, таланттылық қабілеттерін шыңдау, ұлы адамдардың өмірі туралы танып-білуге, құрметтеуге үйрету.

Оқыту әдістері

«Түртіп алу» әдісі, «Кең ауқымды дәріс» әдісі, «Жуан және жіңішке сұрақтар» әдісі, «Кілттік сөздер арқылы әңгіме» әдісі, «Бортты журнал» әдісі

Сілтеме

Оқулық, слайд, электронды оқулық, интернет материалдары.

Күтілетін нәтиже

Бағдарламаның жеті модулін ықпалдастыра отырып, сабақта жаңа әдістерді қолдану арқылы оқушылардың сыни ойлауы, сөйлеу мәнері жетіле түседі, таланттылық қабілеттері шыңдалады, ұлы адамдардың өмірі туралы танып-біледі, оларды құрметтеуге үйренеді.

Сабақтың барысы

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс -әрекеті

Психологиялық дайындық

Үй тапсырмасын тексеру

Топқа бөлу.

Ой қозғау

Құлақтан кіріп, бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй.

Осы Абайдың өлең шумағынан не ұқтыңдар, ненің құдіретін түсінесіңдер?

Мағынан тану

Мұзафар Әлімбай - кім?

Мәтінмен жұмыс.

Электронды оқулықтан мәтінді тыңдау ұсынылады.

Өздік жұмыс. Мәтінді түсініп оқу ұсынылады.

«Түртіп алу» әдісі бойынша сөздік жұмыс.

Мәтіндегі қала аты?

Мәтіндегі кісі аттары?

«Кең ауқымды дәріс» әдісі бойынша өздері ізденген интернет материалдары бойынша мағлұмат алу ұсынылады

-Риддер қаласы туралы не білесіңдер?



-Әміре Қашауабаев туралы не айтасыңдар?



-Құрманбек Жандарбеков туралы не білесіңдер?

.

«Жуан және жіңішке сұрақтар» әдісі

1-топ Жуан сұрақ

1.Мәтінде Әміренің сыртқы келбеті қалай суреттелген? Бұл әңгімеден Әмірені әншілігімен қатар қандай қырынан тануға болады?

2-топ. Жіңішке сұрақ

Әнді Әміре қалай айтады?

1-топ Жіңішке сұрақ

Әміренің әнін халық қалай тыңдады?

2-топ Жуан сұрақ

Сол кезде Әмірені ммемлекет қайраткері Луначарский «Қазақ даласының бұлбұлы» деп атады. Қазіргі кезде қазақтың бұлбұлы атанған әншілерді білесің бе?

Әміренің «Балқадиша» әнін тыңдау.

Сергіту сәті.

Электронды оқулықтағы тапсырмалар:

Жұппен жұмыс. Сызбада берілген сөздердің арасындағы мағыналық байланысты анықта.

Аспанды қақ жарғандай бір сәтте қаптап,

ағылып

Тасыған қар суындай топырлайды, бір-

біріне жол бермейді

Сеңдей соғылысады күшті, қатты

Топтық жұмыс. «Кілттік сөздер арқылы әңгіме» әдісі

Суретте мәтіндегі қандай оқиға бейнеленген? Әңгімеле. Әңгімеге жоғарыдағы сызбаның сол бөлігіндегі берілген сөздерді пайдалану.

Шығармашылық тапсырма: Сүйікті әніміз және әншіміз.

Кері байланыс. «Бортты журнал» әдісі

Кейінгі тапсырма: Мәтінді мазмұндау.

Ш.т.Әміре,Құрманбек өмірлерінен естеліктер іздестіру.

Формативті бағалау. Бас бармақ. Парасатты диалог

Жиынтық бағалау.

Күндей жадырап,

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судан мөлдір таза көңілмен

Бүгінгі сабақты бастайық.

1-топ. «Халыққа жеткіз күйімд»і мәтінін

мазмұндайды.

2-топ. Өнер туралы жинаған мақал-мәтелдерін айтады.

Оқушылар нота мен домбыра суреттерін таңдай отырып, 1-топ Домбыра, 2-топ Нота болып топқа бөлінеді.

Оқушылар өлең сөздерінен не түйгендерін ортаға салып, өз пікірлерін білдіріп, жауап береді.

1923жылы Павлодар қаласында туған. Ақын, публицист, әдебиет сыншысы, аудармашы. Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Халық жазушысы, балалар ақыны. Лермонтов, Пушкин, Маяковский, т.б. шығармаларын қазақ тілінде аударған.

Электронды оқулықтан мәтінді тыңдайды.

Мәтінді тізбектей оқиды.

Мәтіннен түсініксіз сөздерді тауып, мағынасын бірлесе отырып түсінеді.

-Риддер.

-Әміре Қашаубаев, Құрманбек Жандарбеков.

Риддер-Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысындағы қала , темір жол станциясы. Риддер қаласының әкімшілік аумағы кенді Алтайдың орталық бөлігінде, Лениногор «шұңқырында», таулы орманды дала өңірінде орналасқан. Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласы 1786 жылы Риддер кенті ретінде негізгі қаланған және кен орнын бірінші ашқан инженер Филипп Риддердің есімі берілген. Алғашында алтай металлургия зауыттарын кенмен қамтамасыз ететін кент ретінде ашылған.1932 жылы Риддерге қала статусы берілді. 1941 жылы Риддер қаласы Лениногорск болып ауысты.2002 жылы қалаға тарихы атауы қайтарылып берілді. Риддер -Шығыс Қазақстандағы қорғасын, мырыш, т.б. сирек метал өндіретін Өскеменнен кейінгі үлкен өндірістік қала.

Әміре Қашаубаев (1888-1934) - атақты әнші, актер әрі музыкант. 1888 жылы туған. 12 жасқа толғанда Исабек деген байдың ат айдаушысы болып, ол жас әншіні той-жиындарда ән салғызады. Әміре 1921 - 24 жылдары Семейде құрылған қазақ жастарының ағарту ұйымы «Ес-аймаққа» мүше болып, әншілік өнерін шыңдай түсті. 1924 жылы осы қалада ұйымдастырылған халық өнерпаздарының байқауына қатысып, бас бәйгеге ие болды. 1925 жылы Парижде өткен Бүкіл дүние жүзі сән өнері көрмесінде «Ағаш аяқ», «Қанапия», «Үш дос», «Жалғыз арша», «Қосбалапан», т.б. әндерді орындап, 2-бәйгемен қоса күміс медаль алды.

Жандарбеков Құрманбек (07.01.1905, Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы - 09.7.1973, Алматыда жерленген) - әнші, актер, режиссер, педагог, ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін салушылардың бірі.

«Жуан және жіңішке сұрақтар» әдісі бойынша сұрақтарға жауап береді.



Оқушылар әнді тыңдайды.

Сергіту сәтінде оқушылар күйге билеп сергіп алады.

Жұппен біріге отырып, сызбада берілген сөздердің арасындағы мағыналық байланысты анықтайды.

Топ мүшелері пікірлесе отырып «Кілттік сөздер арқылы әңгіме» әдісі бойынша сурет бойынша әңгіме жүргізеді.

Топ мүшелері бірлесе отырып, өз пікірлерін ортаға қосып, ортақ пікір тудырады.

Болжам

Жаңа ақпарат

Бұрыннан не білемін?

Енді не білдім?

Оқушылар күнделікке жазып алады.

Бас бармақ арқылы өздерін бағалайды.

Парасатты диалог жүргізе отырып, топқа баға береді.





© 2010-2022