Құстар қайтты әдебиеттік оқу

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әдебиеттік оқу

Уақыты:05.10.2015

Сынып:2 «а»

Мұғалім:Касымханова

Сабақтың атауы

Құстар қайтты Т.Молдағалиев

Сілтеме

Әдебиет оқулығының әдістемесі

Сабақтың жабдығы

Сабақтың көрнекілігі: Құстардың суреттері, «Орманға саяхат» плакаты, сынау қағазы, топтастыру, топпен жұмыс

Жалпы мақсаттар

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жыл құстары туралы түсінік және барлық құстардың пайдасы жөнінде мағлұмат беру. Оқушы білімін тексеріп, әртүрлі тапсырмалар орындату.
Сабақтың дамытушылығы: Оқушылардың құстар туралы ой-өрістерін, түсініктерін дамыту. Сөздік қорларын, тіл байлықтарын, белсенділік, қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың тәрбиелілігі: Экологиялық тәрбие беру, құстарды қорғауға, қамқорлық жасауға баулу, табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Оқыту нәтижесі

Топқа бөлу

1топ - «Қарлығаш» тобы

2топ- «Қараторғай» тобы

3топ- «Бұлбұл» тобы


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ынтымақтастық атмосферасы

Психологиялық дайындық.
Екі көзің не үшін керек?
Жақсыларды көру үшін.
Екі құлағың не үшін керек?
Ақыл кеңес тыңдау үшін.
Екі қолың не үшін керек?
Елге көмек беру үшін.
Екі аяғың не үшін керек?
Туған жерде жүру үшін!-

Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады

Үй тапсырмасын сұрау


Үй тапсырмасын сұрау.

Қызығушылықты ояту

- Көктемде біздер құстарды қарсы аламыз. Құстарды қарсы алу үшін біз

ұямызды жасап қойдық.

- Бүгінгі өтетін сабағымыз Т.Молдағалиевтің «Құстар келді» өлеңі.


Мағынаны тану

Мәтінді тізбектеп оқу

2.Өлеңді мәнерлеп оқу

3. Түсіндіру

- Оқушылар, осы жыл құстары біздің сыныбымызға қонаққа келе жатыр. Қараторғайдың аузында сіздерге алып келе жатқан хаты бар. Соны алып оқып көрейік.

- Балалар, біз өзіміздің туған жерімізге ұшып келгенде жай келмейміз, сендерге тапсырмалар алып келеміз. Сол тапсырмаларды жақсы орындасаңдар, сендер бізге қамқоршы бола білесіңдер.

4. Енді, балалар, біз өзіміздің жасаған ұямызға құстарды қондыру үшін, олардың тапсырмаларын орындауымыз керек.

1. Қараторғайдың тапсырмасы: Өлеңді мәнерлеп оқып бер. (тапсырманы орындап болған соң, құсты ұяға апарып қондырамыз)

2. Көкектің тапсырмасы: Сұрақ-жауап

- Құстардың қандай пайдасы бар?

- Қандай жыл құстарын және қыстап қалатын құстарды білесіңдер?

- Көктемде құстар тіршілігінде қандай өзгерістер болады? (Көкекті ұяға қондыру)

3. Қарлығаштың тапсырмасы: Құстар туралы тақпақ айтыңдар. (Ұяға қондыру)

4. Тырнаның тапсырмасы: «Құстарды қорғау» ойыны- 3 сөйлем құрау


Сергіту сәті

Иiлiп оңға бiр, иiлiп, солға бiр.

Жаттығу жасаймын.

Оң аяқ, сол аяқ, оң аяқ , сол аяқ

Жаттығу оңай-ақ.

Оқушылар денелерін жатықтырады

Ой толғаныс


1-топ. Қараторғайға балалар ұя жасады.

2- топ. Қарлығаштың біздің үйге ұя салғанына екі жыл болды.

3- топ. Бұлбұл ұясын биік бұта басына салды. (Тырнаны ұясына қондыру)

5.Шымшықтың тапсырмасы: Сергіту сәті.

Құстардың ұшатынын «Ұшты-ұшты» ойыны арқылы дәлелдеу. (Шымшықтың ұясына қондыру)

6. Бұлбұлдың тапсырмасы: «Кім алда?» ойыны. Балалар жұмбақ айтып, оның шешуін тауып жарысады. (Бұлбұлды ұяға қондыру)

7. Ұзақтың тапсырмасы: Құстар туралы көрініс көрсет. - Көрініс «Сауысқан»


Үй тапсырмасы

Оқу,сурет салу

Күнделіктеріне жазады

Бағалау

Смайликтер арқылы кері байланыс орнату

Құстар қайтты әдебиеттік оқуҚұстар қайтты әдебиеттік оқуҚұстар қайтты әдебиеттік оқуҚұстар қайтты әдебиеттік оқу



© 2010-2022