• Преподавателю
  • Начальные классы
  • Проект на тему ТАЛАНТТЫ ЖӘНЕ ДАРЫНДЫ: Модульдерді пайдалана отырып, оқушылардың қабілеттерін анықтап, оны дамыту жолдарын оқу - тәрбие үрдісінде жүзеге асыру (автордың өзі құрастырған жұмыс)

Проект на тему ТАЛАНТТЫ ЖӘНЕ ДАРЫНДЫ: Модульдерді пайдалана отырып, оқушылардың қабілеттерін анықтап, оны дамыту жолдарын оқу - тәрбие үрдісінде жүзеге асыру (автордың өзі құрастырған жұмыс)

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Проект на тему ТАЛАНТТЫ ЖӘНЕ ДАРЫНДЫ: Модульдерді пайдалана отырып, оқушылардың қабілеттерін анықтап, оны дамыту жолдарын оқу - тәрбие үрдісінде жүзеге асыру (автордың өзі құрастырған жұмыс)Проект на тему ТАЛАНТТЫ ЖӘНЕ ДАРЫНДЫ: Модульдерді пайдалана отырып, оқушылардың қабілеттерін анықтап, оны дамыту жолдарын оқу - тәрбие үрдісінде жүзеге асыру (автордың өзі құрастырған жұмыс)Проект на тему ТАЛАНТТЫ ЖӘНЕ ДАРЫНДЫ: Модульдерді пайдалана отырып, оқушылардың қабілеттерін анықтап, оны дамыту жолдарын оқу - тәрбие үрдісінде жүзеге асыру (автордың өзі құрастырған жұмыс)Проект на тему ТАЛАНТТЫ ЖӘНЕ ДАРЫНДЫ: Модульдерді пайдалана отырып, оқушылардың қабілеттерін анықтап, оны дамыту жолдарын оқу - тәрбие үрдісінде жүзеге асыру (автордың өзі құрастырған жұмыс)Проект на тему ТАЛАНТТЫ ЖӘНЕ ДАРЫНДЫ: Модульдерді пайдалана отырып, оқушылардың қабілеттерін анықтап, оны дамыту жолдарын оқу - тәрбие үрдісінде жүзеге асыру (автордың өзі құрастырған жұмыс)Проект на тему ТАЛАНТТЫ ЖӘНЕ ДАРЫНДЫ: Модульдерді пайдалана отырып, оқушылардың қабілеттерін анықтап, оны дамыту жолдарын оқу - тәрбие үрдісінде жүзеге асыру (автордың өзі құрастырған жұмыс)

Проект на тему ТАЛАНТТЫ ЖӘНЕ ДАРЫНДЫ: Модульдерді пайдалана отырып, оқушылардың қабілеттерін анықтап, оны дамыту жолдарын оқу - тәрбие үрдісінде жүзеге асыру (автордың өзі құрастырған жұмыс)Проект на тему ТАЛАНТТЫ ЖӘНЕ ДАРЫНДЫ: Модульдерді пайдалана отырып, оқушылардың қабілеттерін анықтап, оны дамыту жолдарын оқу - тәрбие үрдісінде жүзеге асыру (автордың өзі құрастырған жұмыс)Проект на тему ТАЛАНТТЫ ЖӘНЕ ДАРЫНДЫ: Модульдерді пайдалана отырып, оқушылардың қабілеттерін анықтап, оны дамыту жолдарын оқу - тәрбие үрдісінде жүзеге асыру (автордың өзі құрастырған жұмыс)Проект на тему ТАЛАНТТЫ ЖӘНЕ ДАРЫНДЫ: Модульдерді пайдалана отырып, оқушылардың қабілеттерін анықтап, оны дамыту жолдарын оқу - тәрбие үрдісінде жүзеге асыру (автордың өзі құрастырған жұмыс)Проект на тему ТАЛАНТТЫ ЖӘНЕ ДАРЫНДЫ: Модульдерді пайдалана отырып, оқушылардың қабілеттерін анықтап, оны дамыту жолдарын оқу - тәрбие үрдісінде жүзеге асыру (автордың өзі құрастырған жұмыс)Проект на тему ТАЛАНТТЫ ЖӘНЕ ДАРЫНДЫ: Модульдерді пайдалана отырып, оқушылардың қабілеттерін анықтап, оны дамыту жолдарын оқу - тәрбие үрдісінде жүзеге асыру (автордың өзі құрастырған жұмыс)Проект на тему ТАЛАНТТЫ ЖӘНЕ ДАРЫНДЫ: Модульдерді пайдалана отырып, оқушылардың қабілеттерін анықтап, оны дамыту жолдарын оқу - тәрбие үрдісінде жүзеге асыру (автордың өзі құрастырған жұмыс)Проект на тему ТАЛАНТТЫ ЖӘНЕ ДАРЫНДЫ: Модульдерді пайдалана отырып, оқушылардың қабілеттерін анықтап, оны дамыту жолдарын оқу - тәрбие үрдісінде жүзеге асыру (автордың өзі құрастырған жұмыс)Проект на тему ТАЛАНТТЫ ЖӘНЕ ДАРЫНДЫ: Модульдерді пайдалана отырып, оқушылардың қабілеттерін анықтап, оны дамыту жолдарын оқу - тәрбие үрдісінде жүзеге асыру (автордың өзі құрастырған жұмыс)Проект на тему ТАЛАНТТЫ ЖӘНЕ ДАРЫНДЫ: Модульдерді пайдалана отырып, оқушылардың қабілеттерін анықтап, оны дамыту жолдарын оқу - тәрбие үрдісінде жүзеге асыру (автордың өзі құрастырған жұмыс)Проект на тему ТАЛАНТТЫ ЖӘНЕ ДАРЫНДЫ: Модульдерді пайдалана отырып, оқушылардың қабілеттерін анықтап, оны дамыту жолдарын оқу - тәрбие үрдісінде жүзеге асыру (автордың өзі құрастырған жұмыс)Проект на тему ТАЛАНТТЫ ЖӘНЕ ДАРЫНДЫ: Модульдерді пайдалана отырып, оқушылардың қабілеттерін анықтап, оны дамыту жолдарын оқу - тәрбие үрдісінде жүзеге асыру (автордың өзі құрастырған жұмыс)Проект на тему ТАЛАНТТЫ ЖӘНЕ ДАРЫНДЫ: Модульдерді пайдалана отырып, оқушылардың қабілеттерін анықтап, оны дамыту жолдарын оқу - тәрбие үрдісінде жүзеге асыру (автордың өзі құрастырған жұмыс)Проект на тему ТАЛАНТТЫ ЖӘНЕ ДАРЫНДЫ: Модульдерді пайдалана отырып, оқушылардың қабілеттерін анықтап, оны дамыту жолдарын оқу - тәрбие үрдісінде жүзеге асыру (автордың өзі құрастырған жұмыс)Проект на тему ТАЛАНТТЫ ЖӘНЕ ДАРЫНДЫ: Модульдерді пайдалана отырып, оқушылардың қабілеттерін анықтап, оны дамыту жолдарын оқу - тәрбие үрдісінде жүзеге асыру (автордың өзі құрастырған жұмыс)Проект на тему ТАЛАНТТЫ ЖӘНЕ ДАРЫНДЫ: Модульдерді пайдалана отырып, оқушылардың қабілеттерін анықтап, оны дамыту жолдарын оқу - тәрбие үрдісінде жүзеге асыру (автордың өзі құрастырған жұмыс)Проект на тему ТАЛАНТТЫ ЖӘНЕ ДАРЫНДЫ: Модульдерді пайдалана отырып, оқушылардың қабілеттерін анықтап, оны дамыту жолдарын оқу - тәрбие үрдісінде жүзеге асыру (автордың өзі құрастырған жұмыс)Проект на тему ТАЛАНТТЫ ЖӘНЕ ДАРЫНДЫ: Модульдерді пайдалана отырып, оқушылардың қабілеттерін анықтап, оны дамыту жолдарын оқу - тәрбие үрдісінде жүзеге асыру (автордың өзі құрастырған жұмыс)Проект на тему ТАЛАНТТЫ ЖӘНЕ ДАРЫНДЫ: Модульдерді пайдалана отырып, оқушылардың қабілеттерін анықтап, оны дамыту жолдарын оқу - тәрбие үрдісінде жүзеге асыру (автордың өзі құрастырған жұмыс)Проект на тему ТАЛАНТТЫ ЖӘНЕ ДАРЫНДЫ: Модульдерді пайдалана отырып, оқушылардың қабілеттерін анықтап, оны дамыту жолдарын оқу - тәрбие үрдісінде жүзеге асыру (автордың өзі құрастырған жұмыс)Проект на тему ТАЛАНТТЫ ЖӘНЕ ДАРЫНДЫ: Модульдерді пайдалана отырып, оқушылардың қабілеттерін анықтап, оны дамыту жолдарын оқу - тәрбие үрдісінде жүзеге асыру (автордың өзі құрастырған жұмыс)Проект на тему ТАЛАНТТЫ ЖӘНЕ ДАРЫНДЫ: Модульдерді пайдалана отырып, оқушылардың қабілеттерін анықтап, оны дамыту жолдарын оқу - тәрбие үрдісінде жүзеге асыру (автордың өзі құрастырған жұмыс)Алғы сөз


«Адамзат үшін ХХІ ғасыр - жаңа технологиялар ғасыры болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге енгізу, игеру және жетілдіру - ұстаздардың қолында»- деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев атап көрсетті. Бүгінгі таңда дарындылықты дамытудың нақты, бағытты, жүйеленген әдістемелері немесе тәсілдері жоқ. Сондықтан дарынды балаларды анықтау үрдістерін әр мектеп әртүрлі жоспарлайды. Мектеп әкімшілігі оқушы қабілетін дамытуды жоспарлы түрде жүргізеді. Олар әртүрлі зерттеулер, сабақтарға ену, қай оқушының қай бағытқа бейімділігі, әдістемелік кеңес, әдістемелік бірлестік мектеп әкімшілігінің отырысында бекиді. Олимпиадалық резервтерді дайындау, өзіндік білім дамыту, сабақта, үйірмеде, сыныптан тыс жұмыстар, оқушы қабілетінің дамуы, жетекшілердің жүргізген тәрбие жұмыстары арқылы іске асырылады. Ұстаздар қауымына мектеп жасындағылардың қабілеттерін, талантын және дарындылығын анықтап, олармен жұмыс істеу жолдары тапсырылып отыр. Дарынды балаларды іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу қоғам үшін бүгінгі таңда ауадай қажет. Себебі дарынды адам басқаларға қарағанда қоғамға көп пайда әкелетіні анық. Ендеше сол жұмысымыз нәтижелі болу үшін әрқашан жаңа оқу әдістерін ( технология) қолданамыз. Осы жұмыста педагогикалық тәжірибемде талантты және дарынды оқушылармен жүргізген сабақ жоспары және сол жұмыстардың орындалу тәртібі жайлы жазылды. Талантты және дарынды оқушыларды анықтауда жеті модуль пайдаланылып, тапсырмалар қарапайымнан күрделі түріне дейін дайындалады. Осы тапсырмалар талантты және дарынды баланы анықтау және олармен жұмыс істеу әдісі бойынша жүзеге асырылады. Сіздерге ұсынылған жұмыстар 2012 жылы алғаш рет Көкшетау қаласындағы педагогикалық шеберлік орталығында әр облыстың мұғалімдерінің, тренерлердің, тәуелсіз сарапшылардың, ағылшындық бағалаушының алдында өз мақсатына жеткен жұмыс. Содан бері ғылыми жоба ретінде емес өзімді қызықтырған модуль ретінде ізденісімді оятты. Ізденіс барысында талантты және дарынды оқушылар жайлы жан-жақты мәліметтер жинадым. Кейіннен мектептегі әріптесім география пәнінің мұғалімі Өнерхан Айнұр осы әдісті пайдаланып, география пәнінен, аудандық семинарда сабақ өткізіп, өз нәтижесін көрсетті. Сонымен қатар Қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Рашатхан Айнагүл әдебиет сабағынан жоғарыда айтылған әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, тізбектелген күнделікті сабақ жоспарын құрастырып, әр сабақтың өзінше қызықты, әрі балалардың деңгейін анықтай алғандығына көз жеткізді. Сол тізбектелген сабақтардың ішінен ең сәтті болған сабақтың жоспарын қосуды ұсынды. Осы уақыт аралығында бірнеше сабақтарды осы әдіс-тәсілдермен құрастырып, оқушылардың жан-жақтылығын анықтап, әр баланың өз бейімі жағынан жұмыстар істелуде. Қазіргі уақытта «Баланы жастан,... » деген мақалды ескере отырып, 2013-2014 оқу жылының екінші жартысынан бастап 6 сыныптармен жұмыс жасау үстіндемін. Аталған сыныпта фотосуретші, суретші, мүсінші, болашақ филологтар анықталып отыр. Кейінен «Заманауи мұғалім: кәсіби қызмет өзгерістерінің бағдарлары» тақырыбында облыстық семинар-практикумда мұғалімдер арасында талантты және дарынды оқушыларды анықтау, олармен жұмыс істеу әдісін көрсету мақсатында шеберлік сыныбының панорамасы көрсетіп, «Өрлеу» БАҰО және Көкшетау қаласының ПШО атынан сертификат алдым.

























Шығармашылық жоба:

ТАЛАНТТЫ ЖӘНЕ ДАРЫНДЫ:

Модульдерді пайдалана отырып, оқушылардың қабілеттерін анықтап,

оны дамыту жолдарын оқу - тәрбие үрдісінде жүзеге асыру


1. Шығармашылық жобаның мақсаттары мен міндеттері.

Жобаның мақсаты: Талантты және дарынды оқушыларды анықтап, олармен жұмыс істеу кезінде тиімді әдіс-тәсілді көрсету.
Жобаның міндеттері: 1) Сабақ беру барысында талантты және дарынды оқушылармен шығармашылық жұмыс жүргізе біледі, ісмерлікке, еңбек сүйгіштікке, шыдамдылыққа үйретеді.
2) Оқушыларды күнделікті тұрмыста қажетті заман талабына сай өмір сүруге үйретеді.
Туындаған мәселенің шешімі: Талантты және дарынды оқушылармен жұмыс істеудің нақты бағыт-бағдары жоқ. Алайда мектеп әкімшілігі дарынды оқушылармен жұмыс істеу жоспарын және олармен орындаған жұмыстың нәтижесін талап етеді. Осындай жағдайларда аса қиындықтарға тап болып келдім. Алайда мұның шешімін Кембридж бағдарламасын оқыған уақытта, практика істеп жүргенде таптым. 7 сыныпта «Қой шаруашылығы - мал шаруашылығының негізгі саласы» тақырыбын өзгеше өткізуге тырыстым. Олай деп шешкенімнің басты себебі Қашықтықтан оқыту кезеңінің 2.3 - тапсырмасы бойынша ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, бұрын «өзіңіз қолданбаған белсенді оқытушылық стратегияңызды (топтық талқылаудан өзгеше) пайдалана отырып Сіз тәуекел ететін сабақ» деп аталатын тапсырманы орындау. Өзіме деген сенімділігім бірде басым, бірде күмәнді болды. Сонда да сабақты өткізу, мен үшін батылдықты талап етті.Себебі бұрын сабақ өткізу кезінде бұл әдіс - тәсілді қолданған да, ойланғанда емеспін. Қашықтықтан оқыту кезеңінің тапсырмасы бойынша тәуекел сабақ өткізуге тиіс болған соң ойлануға тура келді. Ойыма неше түрлі идеялар бірде кіріп, бірде естен шығып, ұмыт болып жатты. Біраз ойланып мынадай ойға келіп, оны өзіме мақсат еттім;

  • тақырып бойынша бүгінгі таңда куә болып жүрген мәселені алға қою
  • проблеманы шеше білу
  • сыни тұрғыдан ойлай алу
  • дарынды немесе талантты балалардың көрінуі
  • рөлді сезінуі
  • сабақ соңында көшбасшы оқушының байқалуы тиіс
деген оймен «қой шаруашылығы» тақырыбында пирамида бойынша тапсырмалардың қарапайымнан күрделіге, жеке - дара жұмыстан топқа көшу үшін тапсырмалар ойластырдым. Сөйтіп, белгілі бір тапсырмаларды жүйе арқылы оқушыларға бере отырып, сабақ соңын нәтижелі аяқтадым. Бұл әдіс арқылы география пәнінің мұғалімі осы сыныпқа 2 жылдан кейін тәуекел сабақ ретінде аудандық семинар өткізді. Нәтижесі жемісті болды. Мен анықтаған талантты және дарынды оқушылар бұл сабақта да көрінді. Әдеттегі өздерінің бейімі, білімі, жан-жақтылықтары анықталды. Осы әдіс - тәсілді пайдаланып сынып белсенділерін анықтау үшін тапсырма ойластырып, облыстық семинарда мұғалімдерге шеберлік сыныбын өткіздім. Семинардың шешімінде бұл әдіс-тәсілге қызығушылық танытқан мұғалімдер саны көп болды.
Тиімділігі: Дарынды балаларға арналған жұмыс жоспарын құруда, үйірмелер ашуда, элективті курстар өткізгенде баланың бейіміне қарай жұмыс жасайды. Экономика пәнінде сабақ жоспарлауға, нарықтық экономиканы үйретуде, сонымен қатар оқушыларды болашақ маман иесі болуға, ресми іс жүргізу құжаттарын толтыруға, өмірде кездесіп жататын барлық жағдаяттардан алып шығатын азамат тәрбиелеуде маңызы зор.


Нақты тұжырымға келу. Мен бұл жұмысты жаңадан бастаған жас мамандарға, пән мұғалімдеріне, сынып жетекшілеріне көмекші ретінде пайдалансын деген оймен жоғарыда аталған әдіс-тәсілдер арқылы жасалған бірнеше сабақ жоспарын көмекші құрал етіп шығарғым келді.



Талантты және Дарынды оқушыларға қысқаша мінездеме:



Дарындылықтың деңгейі




Ерекше

Қалыпты





Дарындылықтың дамуы







Ерте


Кеш






Дарындылықтың пайда болу формасы







Жасырын

Анық,айқын








Талантты және дарынды балаларды анықтауға арналған әдіс-тәсіл арқылы жасалған сабақ жоспарлары №1 сабақ Бұл сабақ бойынша Кембридж бағдарламасының 3 (базалық) деңгейінде әр облыстың мұғалімдерінің, тәуелсіз сарапшының, ағылшындық бағалаушының алдында қорғалып, ПШО атынан Алғыс хат алдым.

Апта- 3

Күні:

16.05.2012 ж

Пәні: биология

Сыныбы 7

Сабақтың тақырыбы

Қой шаруашылығы - мал шаруашылығының негізгі саласы (тәуекел сабақ)

Сабақтың түрі

Бекіту сабағы

Сілтеме

Alexander7 R.J.(Диалогтық оқыту) Mercer N ( Сөздер мен ойлар). Schon D (Кәсіби іс-әрекетте қалайша ойланады.) Қ. Қайым, Р.Сәттімбеов... Биология 7 сынып.

Жалпы мақсаты

Оқушылармен бірлесе отырып, шаруашылықтың мақсаты мен міндеті маңызы жайлы тақылап, сабақ барысында тәлімгер ретінде оқушыларды тәрбиелей отырып, түсіндіру.

Оқушы үшін оқу нәтижелері

Оқудағы қиындықтар мен мәселелерді шешу. Сабақтың талаптарын орындау барысында өз жетістігін көру. Рөлді сезіне білу.

Сабақта туындаған негізгі идеялар

Дарынды және талантты оқушылар суырылып алға шығады. Өмірде болып жатқан мамандықтардың іс жүзінде жүргізілу қиындықтарын түсінеді. Шамасы жеткендерінше пирамида деңгейінде қалады.

Тапсырмалар

Мұғалімнің оқулықты негізге ала отырып, жасаған тапсырмалары

1-тапсырма

  • Бастық болып сезіну.

  • Шаруашылықты жүзеге асыру арқылы жоспар құрып, оны оқушыларға ұсыну (мақсатын, міндетін, іс-әрекетін яғни жұмысшылар алу және оларды қанағаттандыру жолдары қарастырылады)

2-тапсырма

  • Ең озық оқушыларға ұнаған шаруашылықтарды таңдау .

  • Ісін жалғастырушы шаруашылықтардың бір-бірімен шартқа отыруы (Ең көп серіктес жинаған шаруашылықтар таңдалады)

3-тапсырма

Банкрот болған шаруашылық иелерінің басқа шаруашылыққа жұмысқа тұруы

4-тапсырма

  • Жұмыс

шылар алу

  • Басқа шаруашылық

қа жұмысшыларды жібермеу үшін ынталандыру жолдарын қарастыру

  • Кері байланыс

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:

  1. Мұғалім мақсатын түсіндіреді.

  2. Жұмыстың қалай жүргізілетіне байланысты бағыт береді.

1-тапсырма (шағын топпен жұмыс). Жалпы басшы болу деген не? Ол үшін не істеу керек? деген сұрақ беріп, берілген тапсырмалар бойынша оқушылардың іс-әрекетін бақылау

Сұраққа жауап беру.

Жеке жұмыс : Бастық ретінде жоспарларын сыныптастарына ұсыну

2-тапсырма: 1.Ұнаған жоспарларға дауыс береді.

2. Дауыс көп жинаған шаруашылықтар істерін жалғастырады.

3. Өздеріне серіктестер жинайды.

3-тапсырма:Серіктестік жинай алмаған шаруашылықтар өздеріне банкрот жариялап, өздеріне басқа шаруашылықтан жұмыстар қарастырады.

4-тапсырма: Жеңген шаруашылықтар жұмысшылар қабылдайды (бәсекеге түседі)

Басқа шаруашылыққа жұмысшыларды жібермеу үшін ынталандыру жұмыстарын жүргізеді.

Сабақ соңындағы нәтиже

  1. Жеңімпаз қой шаруашылығы пайдасы

  2. Жұмысшылар саны

  3. Көп серіктестер жинаған шаруашылықтар

  4. Озық жоспармен шыққандар

  5. Бастапқы щаруашылықтар

Сабақты талдау:

  • Қандай жаңа мәлімет алдыңдар?

  • Бәрінен де неге риза болдың?

  • Сіздерге ең оңайы не болды?

  • Сіздерге не ерекше қиын болды?

  • Өз проблемаларыңызды шешуге не көмектесті?


Дереккөздер және жабдықтар: қима қағаздар.

Модульдердің тиімді пайдаланылуы

1.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

(диалогтік оқыту);

2.Сыни тұрғыдан оқытуға үйрету;

3.Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау;

4.АКТ;

5. Талантты және дарынды балаларды оқыту

6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес

оқыту және оқу

7.Оқуды басқару және көшбасшылық Сабақты бағалау: Әрбір оқушылардың пирамидадағы орнына байланысты бағаланады. Жеңімпаз қой шаруашылығы мен табысы жоғарылар «5», Жұмысшылар саны мен серіктестер саны бойынша «4», Бастапқы шаруашылық бастықтары мен озық жоспарлар «3» Жеңімпаз қой шаруашылығының жеңімпазы мен пирамида деңгейі бойынша орнына байланысты «сұхбат»береді..SAM_1738.AVISAM_1624.AVISAM_1623.AVI


«Қой шаруашылығы - мал шаруашылығының негізгі саласы» тақырыбы бойынша рефлексивтік есеп «Қой шаруашылығы - мал шаруашылығының негізгі саласы» тақырыбын өзгеше өткізуге тырыстым. Олай деп шешкенімнің басты себебі Қашықтықтан оқыту кезеңінің 2.3- тапсырмасы бойынша ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, бұрын өзіңіз қолданбаған белсенді оқытушылық стратегияңызды (топтық талқылаудан өзгеше) пайдалана отырып Сіз тәуекел ететін сабақ деп аталатын тапсырманы орындау. Өзіме деген сенімділігім бірде басым, бірде күмәнді болды. Сонда да сабақты өткізу, мен үшін батылдықты талап етті.Себебі бұрын сабақ өткізу кезінде бұл әдіс- тәсілді қолданған да, ойланғанда емеспін. Қашықтықтан оқыту кезеңінің тапсырмасы бойынша тәуекел сабақ өткізуге тиіс болған соң ойлануға тура келді. Ойыма неше түрлі идеялар бірде кіріп, бірде естен шығып, ұмыт болып жатты. Біраз ойланып мынадай ойға келіп, оны өзіме мақсат еттім;

  • тақырып бойынша бүгінгі таңда куә болып жүрген мәселені алға қою
  • проблеманы шеше білу
  • сыни тұрғыдан ойлай алу
  • дарынды немесе талантты балалардың көрінуі
  • рөлді сезінуі
  • сабақ соңында көшбасшы оқушының байқалуы тиіс деген оймен «қой шаруашылығы» тақырыбында пирамида бойынша тапсырмалардың қарапайымнан күрделіге, жеке - дара жұмыстан топқа көшу үшін тапсырмалар ойластырдым.
Сөйтіп, белгілі бір тапсырмаларды жүйе арқылы оқушыларға бере отырып, сабақ соңын нәтижелі аяқтадым. Әдеттегі сабақты топқа бөлуден бастасам, бұл сабақты керісінше жекеден топқа ауыстырдым және де топ оқушылардың іс -әрекеті бойынша өз еріктерімен құралды. Бірінші тапсырма Қой шаруашылығын құру, оның басшысы бола отырып, мақсаты мен міндетін анықтау болды. Тапсырманың мақсаты рөлді сезіне білу, нәтиже шығару. Қашықтықтан оқу кезеңінің тапсырмасы бойынша өзін - өзі реттеуін, оқушыларға қойылған тапсырмалар мен олардың жауаптарын анықтау. Барлық оқушылар мақсаттары мен міндеттерін айқындап оқып берді. Екінші тапсырма Оқушы бастықтардың жұмысын қарастыра отырып, жақсы деген төрт шаруашылықты таңдау. Бұл тапсырманың мақсаты ұшқыр ойлы, нақты жауаптарды ескере отырып, сыни ойлауға жетелейді. Үшінші тапсырма өзара жұмыс жүргізуі жағынан ұнаған шаруашылықтармен бірлесу үшін келісім шартқа отырады. Төртінші тапсырма жинаған серіктестеріне байланысты серіктестер саны көп шаруашылықтар жұмысын жалғастырады да, жинай алмағандары өз шаруашылығын тоқтату үшін банкрот жариялайды. Мақсаты кез -келген жағдайға көндігіп мойынсынуға, мойымай еңбегін жалғастыруға үйрету. Бесінші тапсырма алға шыққан шаруа қожалықтары жұмысшы алу үшін ереже шығарып, жарнама жасау, ал өз жұмысын тоқтатқан жұмысшылар өздерін қанағаттандыратын шаруашылыққа жұмысқа орналасады. Алтыншы тапсырма жұмысшыларды маман ретінде қол астына орналастыру, мақсаты әр нәрсенің орнын білу, қадірін түсіну, ынталандыру. Жетінші әрекет бағалау, балалар өз бағаларын пирамида бойынша айтпай жатып түсінді, пирамиданың алты деңгейі бойынша төменнен жоғары қарай жұмыстың жеткен жеріне дейін бағаланды. Расында да, жоғарыда көрсетілгендей алға қойған мақсаттарым орындалып, ойым жүзеге асты. Бұл сабақ оқушы үшін де, мен үшін де жемісті болды. Күнделікті жай сабақтардан ерекшеленіп шыққандықтан ба ой елегінен бірнеше рет өткіздім де болашақта өткізсем қалай болады!?-деген сұрақтар мазалап жүр. Сабақ соңында оқыту үшін бағалау пирамида деңгейі бойынша бағаладым. Оқушыларды қызықтыру үшін, шынайы марапаттың, еңбектің бағалануы болатынын сездіру үшін алғашқы үш жеңімпаз шаруашылықпен және ойын білдіремін деген оқушылардан диалогтық оқытудың бір түрі «сұхбатты» пайдаланып, камераға сұхбат алдым. Кері байланыс ретінде «мұғалімге хат» деген атаумен сабаққа рефлексияларын хат арқылы жазды.

«Мұғалімге хат» деп аталатын кері байланыс парағынан үзінді; Сайранбек Г: Бүгінгі сабақта жетістікке жету үшін міндет пен мақсат және ой қабілеті керек екенін түсіндім және балалардың өз ойларын айтқан, жалпы бүгінгі сабақ ұнады. Хапар Нұрсұлу:Мен бүгінгі сабақтан үйренгенім: болашаққа сәл де болсын саяхат жасадым. Өмірге құлшынысым оянды. Шаруашылық ашудың қиын екенін түсіндім. Әр нәрсеге дұрыс көзбен, батылдықпен, үлкен міндетпен қарау керек екенін ұғына білдім. Болашаққа деген жеңіл көзқарасым өзгерді. Қайратқызы Жұлдыз Бүгінгі сабақ өте қызықты, әрі танымды болды Мен сабақтан үлкен әсер алдым. Мен шаруашылықпен айналыссам, менің қолымнан келеді деп ойлаймын.






























Сабақтың жүрілгенін қорғайтын презентация



















№2 сабақ Бұл сабақ №1 сабақтың негізінде әдіс - тәсілдерін пайдаланып 2 жылдан кейін сол сыныппен география пәнінің мұғалімі Өнерхан Айнұр аудандық семинар өткізді. Ұстаздар тарапынан сәтті шыққан сабақтардың бірі болды. Ең негізгісі, мен анықтаған талантты және дарынды оқушылардың арасында алшақтық байқалмады. Яғни бұл әдіс - тәсілдің дұрыстығын дәлелдеді.


Сабақ жоспары

Күні: 19.02.2014ж

Сыныбы:9 а,б География пәні

Сабақтың тақырыбы

Су салалары (тәуекел сабақ)

Сілтеме

Мәтін,әдістемелік журнал

Жалпы мақсаты

Су салаларын бүгінгі өмірдегі мамандықтың бірі ретінде санап, оқушылардың сыни ойлауы арқылы өмірге деген шынайы көзқарас қалыптастыру

Оқушылардың ойлау,есте сақтау қаблетін дамыту.

Белсенділікке,тиянақтылыққа тәрбиелеу

Оқу нәтижесі

*сыныпта топтық жұмысқа оқушылар дағдылана бастайды;

*Әр оқушы өз ойын жеткізуге мүмкіндік алады.

Негізгі идеялары

Өз ойларын еркін жеткізе білуге үйренеді

Топта сыныптастарымен еркін тіл табысады.

Өмірге ересектер көзқарасымен қарауды үйренеді;

Тапсырмалар

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Сұрақ -жауап

1.Сәлемдесу

1. Сәлемдеседі

2.Топ ережелерін естеріне түсіру

2.Топ ережесіне

бағынады

3. Жағымды атмосфераны ұйымдастыру:

«Көршісіне тілек айту»

Парталас көршілеріне тілек айтады

Қызығушылықты ояту

«Су саласындағы (Су спорты) репортаждарын ұсыну»

Сынып интербелсенді тақтадан видео көреді

Жеке жұмыс

Мағынаны тану

  • Су саласының құру. (Аты, мақсаты, міндеті)

  • Өздеріне ұнаған серіктестерімен шартқа отыру

  • Жинауға тиісті серіктестер санына байланысты алға шығу және өздеріне банкрот жариялату

  • Алға шыққан қожалық иесі

  • Жұмысшы қабылдау үшін

  • Ереже мен жарнама құру

Оқушылар сыни тұрғыдан ойлай отырып,өз шаруашылықтарын құрады,өздеріне серіктес жинайды,өз шаруашылығына жарнама жасау арқылы мамандар алады

Дәптермен жұмыс

Ой толғаныс

  • Жұмысшыларды ынталандыру,

  • Мамандық бойынша орналастыру

  • Алған жұмысшыларын мамандықтары бойынша орналастырады.


Дереккөздержәнежабдықтар Ватман,суреттер, оқулықтар, слайдтар

Қолданған модульдер

1.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

(диалогтік оқыту);

2.Сыни тұрғыдан оқытуға үйрету;

3.Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау;

4.АКТ;

5. Талантты және дарынды балаларды оқыту

6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес

оқыту және оқу

7.Оқуды басқару және көшбасшылық

Үй тапсырмасы

Қайталау

Бағалау

Шаруа қожалықтарын пирамида бойынша бағалау

Рефлекция

  • Мұғалімге хат

  • Сабақтан алған әсерлерімен бөліседі




Сабақтың жүру барысының презентациясы



  1. 2


  1. 4


5 6

7 8






















Сабақты қорғау презентациясы






№3 сабақ Қазақ тілі және Қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі Рашатхан Айнагүл Әдебиет сабағының бірнеше тақырыбын талантты және дарынды баланы анықтау және олармен жұмыс істеу әдісін пайдаланып өткізген мұғалімдердің бірі. Тізбектеліп жоспарланған сабақтардың ішіндегі талантты және дарынды оқушылармен жұмыс жасауға зор мүмкіндік туғызған сабақ жоспары.

Апта -6

Сыныбы:7

Пән: қазақ әдебиеті

Сабақтың атауы

Білімді жүйелеу сабағы

Сабақтың тақырыбы

Ғ.Мүсіреповтің "Ананың Анасы"әңгімесінің шығарма құрылысы

Сілтеме

Қазақ әдебиеті оқулығы. Әдістемелік нұсқа. Қазақ әдебиеті журналы.

Жалпы мақсаты

әңгімедегі ана бейнесін ашу, ананың балаға деген сезімін жеткізу; - білім қоржындарын толықтыру; әдеби - көркем сөйлеу тілін дамыту, шығармашылық қабілетін арттыру.

Оқушылар үшін оқу нәтижелері

Жеке тұлға топта жұмыс жасай отырып, өз ойын еркін жеткізеді.

Сабақта туындаған негізгі идеялар

Т Топтық жұмыс негізінде ынтымақтаста жұмыс жасап, өзгелерді оқыту арқылы есте сақтау қабілеті дамиды. Ашық сұрақтарға жауап беру арқылы сыни тұрғыдан ойланады.

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:

Сабақ барысы.

I. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу. Топқа бөлу.

II. Үй тапсырмасын тексеру. 10мин

Туған жері

қызметі

Ана жайлы әңгімелері

(1902-1985)

Қазіргі СҚО Жамбыл ауданындағы «Жаңа жол» ауылы

Жазушы, драматург, публицист, аудармашы, киносценраист, қоғам қайраткері, ғалым. Қазақ КСР Ғылым Академиясының академигі (1958)

Қазақстанның халық жазушысы (1984)

«Адамның анасы» (1934)

«Ашынған ана» (1934)

«Ананың арашасы» (1934)

«Ер ана» /1942/

«Ақлима» (1944)

Мұғалім сөзі:

Өткен сабақта оқушылар дауыс жинау нәтижесінде 2 оқушы режиссер болып тағайындалды.

Бүгін Ғ.Мүсіреповтің «Ананың анасы» әңгімесі негізінде кино түсірмекші болып, бізге режиссерлер келіп тұр. Сөз кезегін режиссерлерге беріледі.

Режиссерлер:

Ғ.Мүсіреповтің «Ананың анасы» әңгімесі негізінде кино түсірмекшіміз, сондықтан сынып оқушыларының арасынан киноға лайықты әртістерін кастинг арқылы таңдап аламыз.

Кастинг мақсаты түсіндіріледі.

Кастинг өткізудегі критерийлер қойылады.

1.Образды шебер сомдай білуі.

2.Дауысты ырғағының лайықты қойылуы.

3.Эпизодтағы сөзді жатқа, анық айтуы.

Кастинг ережесі таныстырылады./кастингке қатысушылар әңгімедегі ең аянышты,қызықты жерлерін образға кіре отырып, айтып береді/


  1. Жеке оқушылар арасында

  2. Топ арасында

Әңгімеден алған әсерім

пікірім

Қолданылған модульдер:

Сыни ойлау

Дарынды және талантты балалармен жұмыс

Оқыту үшін бағалау.

Сабақты бағалау

Оқушы аты-жөні

Қорытынды баға






























№4 сабақ «Заманауи мұғалім: кәсіби қызмет өзгерістерінің бағдарлары» тақырыбында облыстық семинар-практикумда мұғалімдер арасында талантты және дарынды оқушыларды анықтау, олармен жұмыс істеу әдісін көрсету мақсатында шеберлік сыныбының панорамасы көрсетілді. «Өрлеу» БАҰО және Көкшетау қаласының ПШО атынан сертификат алдым.

Шеберлік сыныбының жоспары


Күні: 29.03.2014ж

Облыстық семинар

Тақырыбы

Талантты және дарынды оқушымен жұмыс істеу барысы

Мақсаты

Талантты және дарынды оқушылармен жұмыс істеу барысын таныстыру және оны іс жүзінде көрсету

Сабаққа қолданыла

тын құрал-жабдықтар

Интерактивті тақта, таймер,

Мұғалімнің қолданатын әдіс-тәсілдері

1.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер

(диалогтік оқыту);

2.Сыни тұрғыдан оқытуға үйрету;

3.Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау;

4.АКТ;

5. Талантты және дарынды балаларды оқыту

6.Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес

оқыту және оқу

7.Оқуды басқару және көшбасшылық

Сабақтың жүру барысы

Тапсырма

Лар


  1. Ұйымдастырушы деген кім, қай уақытта, қай жерде қажет болады?

  2. Сіздің ойыңызша ұйымдастырушы не істеу керек

  3. Сіз

ұйымдастырушы болсаңыз не істейсіз? Шағын жоспар құрып ұсыныңыз

  1. Озық ұйымдастырушылар сіздерге кімдердің көмегі керек? Жазыңыздар

(Қалғандары өздерін көмекші ретінде ұсыну керек)

  1. Ұйымдастырушылар өздерін ұсынған көмекшілерден, өзі қалаған көмекшіні таңдап алу


  1. Ұйымдастыру кезеңіндегі

әрекеттер

2) сабақтың негізгі бөліміндегі тапсырмалар мен әрекеттер

Жүргізуші

Қатысушы

Жүргізуші

әрекеті

Қатысушы

әрекеті

Қатысушылармен сәлемдесу

Танысу

Талантты және дарынды балалармен жұмыс бойынша аздап мәлімет беру

(2 мин)

Қатысу

шыларға нөмір беру

Әркім өзіне тиесілі нөмірді таратып алады.

Тапсырманың орындалуын қадағалайды

Берілген дауыстарды санап көп дауыс жинағандарды алға тартып отырады және

Әрекетке сай тапсырмалар беріп отырады.

Екі жақтың сәйкестігін қадағалап, көп көмекші жинаған ұйымдастырушыны таңдау

Ең соңында ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, жан-жақты таланты бар, дарынды ұйымдастырушыны анықтап, сол адаммен әрі қарай жұмысты жалғастыруды түсіндіру

(2 мин)

  1. Әркім өз білгенім , ойын қағазға түсіреді.

(1 мин)


  1. Бірін-бірі мұқият тыңдап, жақсы ойларға дауыс береді

(2 мин)

  1. Шағын жоспар құрып, оны барлығына оқып береді және үздік жоспарға тағыда бір-біріне дауыс береді

(3-4 мин)

  1. Озық ұйымдастырушылар өздеріне керек көмекшіні ойланып жазады, қалғандары оған керек көмекші ретінде өздерін ұсынады (2-3) мин


  1. Алға шыққан ұйымдастырушы өзіне керек көмекшіні жазады, қалғандары өзін көмекші етіп ұсынады

(2-мин)

Кері байланыс: «Сіздің де айтарыңыз бар шығар...» (ұсыныстар, пікірлер, кеңестер) парағын тарату (4 мин)

Барлық уақыт 20 минут




Шеберлік сыныптың өту барысының презентациясы







Қорытынды.


Ғылыми зерттеу жобада жұмыстың мақсаты мен міндеті, теориялық мәліметі, практикалық жасалу түрі ретінде әртүрлі пәннен сабақ жоспары берілді. Сабақ жоспарлары талантты және дарынды баланы анықтау және олармен жұмыс істеу әдісі бойынша жасалған. Бұл шығармашылық жұмысты кез-келген мұғалім оқи отырып өзі игеріп, сабақта қолданып үйренуіне толық мүмкіндік бар. Кез-келген пән мұғалімі өз пәні бойынша балалардың қабілеттерін анықтауда, жаңадан сынып алған кезде сынып жетекшісі сынып белсенділерін танып білуде қиындық тудырмайтын әдістердің бірі болады деген сенімдемін. Сонымен қатар бұл әдістерді пайдалану ауқымы да кең болмақ. Мысалы: экономика пәнінен күнделікті сабақ жоспарын құра отырып, оқушыларды нағыз маман иесі ретінде тәрбиелей отырып, нарықтық экономикаға, іс жүргізу мамандығы бойынша ресми құжаттар (келісім шарт жасауға, түйіндеме құруға, жарнама жасауға, банкрот жариялауға т.б.) толтыруға үйретеді. Бұл әдіс бір сыныпта араға уақыт салып өткізілгенде де талантты және дарынды оқушылардың арасында алшақтық онша байқалмады. (басында 7 сынып болған, кейін 9 сыныпта өткізілді) Пирамиданың жоғары деңгейіне шыққан оқушылар бір сатыға орындарын ғана ауыстырды. Мысалы: 7 сыныпта Жаманбай Ербұлан екінші орында болса, 9 сыныпта жеңімпаз болды. 7 сыныпта жеңімпаз болған Қайратқызы Жұлдық 9 сыныпта екінші орында болды. Қазіргі уақытта мен биология пәніне алғаш қадам басқан 6 сынып оқушыларымен жұмыс істеуді бастадым. Бұл сыныптың оқушыларының арасынан фотосуретші, суретші, мүсінші, жас филологтар анықталып отыр. Осындай қабілеттерін анықтаған соң әр баланың қабілетінің бейімдігіне қарай жұмыс істеуге тырысып жүрмін. Бұл әдіспен үйірме жұмыстарын, элективті курстарды ұйымдастырғанда да өте тиімді. Оқушыларды үйретудегі тәрбиелік мақсатым, оларды ізденпаздыққа, төзімділікке, өнерді құрметтеуге, заман талабына сай маман иесі болуға, күнделікті өмірде нарықтық экономикаға бейім, іс жүргізуде, құжаттар толтыруда сауатты жазуға тәрбиелеу. Мен өз жұмысымның қорытындысына зер сала отырып, оқушылардың шығармашылық жұмысының ойдағыдай шыққанына сеніммен айта аламын.



Мазмұны

  1. Алғы сөз...............................................................................................3

  2. Шығармашылық жобаның мақсаттары мен міндеттері..................5
  3. Талантты және Дарынды оқушыларға қысқаша мінездеме............7

  4. Талантты және дарынды балаларды анықтауға арналған әдіс-тәсіл арқылы жасалған сабақ жоспарлары................................................8

  5. №1сабақ Биология «Қой шаруашылығы -мал шаруашылығының негізгі саласы» (тәуекел сабақ).........................................................8

  6. «Қой шаруашылығы - мал шаруашылығының негізгі саласы» тақырыбы бойынша рефлексивтік есеп..........................................10

  7. Сабақтың жүрілгенін қорғайтын презентация...............................13

  8. №2 сабақ География «Су салалары»..............................................15
  9. Сабақтың жүру барысының презентациясы...................................17

  10. Сабақты қорғау презентациясы .....................................................19

  11. №3 сабақ Әдебиет «Ғ.Мүсіреповтің "Ананың Анасы"әңгімесінің шығарма құрылысы»........................................................................20

  12. №4 сабақ Шеберлік сынып «Талантты және дарынды оқушымен жұмыс істеу барысы» ......................................................................23

  13. Шеберлік сыныптың өту барысының презентациясы...................24

  14. Қорытынды ......................................................................................25


1


© 2010-2022