Қазақ тілінен ашық сабақ: Баяндауыш

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Тақырыбы: Баяндауыш Сабақтың мақсаты: Оқушыларға баяндауыш туралы топтастырылған ұғым қалыптастыруға, оны сөйлем ішінен таба білуге мүмкіндік туғызу; сөздік қорын, байланыстырып сөйлеу тілдерін дамыту; экологиялық тәрбиесіне, табиғат-ананы, ондағы өсімдіктер дүниесін, құстар тіршілігіне деген сүйіспеншілікке баулу. Сабақтың түрі: аралас сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері: көрнекілік, сұрақ-жауап, талдау, жинақтау. Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.. Қызығушылықтарын ояту мақсатымен оқулықтағы ребусты шешкендегі, жұмбақты табу. Жұмбақ Екі доп ауысты, Бір шеңберді тауысты (Күн, ай, тәулік) Ребустағы суреттер: күн, тай, сәукеле, елік. ІІ.Үй тапсырмасын тексеру: 39-жаттығудағы сөзжұмбақтарды шешу.Табылған сөздер қандай сұрақтарға жауап береді? Ол қандай мүше болып табылады? ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау. ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру.Қимылды білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қоямыз? Мысал келтіріңдер. Ү.Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс. Жұмбақтағы бастауыш пен баяндауышты тап, оларға сұрақтар қой. ә) дәптермен жұмыс. Күн ретін жазу. Көркем жазу. Жаңылтпашты оқу, жаттау, жатқа жазу. Тыныс белгілеріне әр сөздің қалай жазылатындығына мән беру. Жазу, бастауыштың астын - бір рет, баяндауыштың астын екі рет сыздыру. 41-жаттығуда берілген өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу. Баяндауышты табу, оның қай сөз табынан жасалғандығын сұрақ қою арқылы табу. 42-жаттығу ьерілген Марс планетасы туралы мағлұматты есте сақтау, баяндауыштарды сұрақтар қою арқылы табу, көшіріп жазу. 43-жаттығудағы жұмбақтың шешімін табу, көшіру, баяндауыштың астын сызу. ҮІ. Бекіту: «Не, қалай дыбыстайды?» Ойынның шарты: суретерге сәйкес жануарларды дыбысталуын табу, оның қай мүше екенін анықтау.

Қазақ тілінен ашық сабақ: Баяндауыш

Қазақ тілінен ашық сабақ: Баяндауыш

Қазақ тілінен ашық сабақ: Баяндауыш

Қазақ тілінен ашық сабақ: Баяндауыш

Қазақ тілінен ашық сабақ: Баяндауыш

Қазақ тілінен ашық сабақ: Баяндауыш


Тірек сызба бойынша оқушылардың алған білімдерін тиянақтай түсу. ҮІІ. Қорытындылау. Балалар, бүгін біз не үйрендік? Сөйлем дегеніміз не? Сөйлемнің қандай мүшесімен таныстық? Оған қандай сұрақтар қойылады? ҮІІІ. Үйге тапсырма: 44-45-жаттығу, 85- бет. ІХ. Оқушыларды бағалау


© 2010-2022