Разработка по грамматике Көгершін мен құмырсқа (1 класс)

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сауат ашу. 1-сынып

Сабақтың тақырыбы:Құмырсқа мен көгершін

Мақсаты: 1.Оқушыларға С. Көбеевтің «Құмырсқа мен көгершін» мәтінін

меңгерту.Мәтінді түсініп оқуға, негізгі ойды анықтай білуге үйрету.

2.Оқу-жазу дағдысын жетілдіру,функционалдық сауаттылықтарын

жетілдіру.

3.Еңбек сүйгіштікке, бірлікке, білімділікке,табиғатты сүюге, құстарға

қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Әдісі: сөздік,сұрақ-жауап, талдау-жинақтау,көрнекілік.

Көрнекілігі: сюжетті суреттер, көгершін түрлеріне байланысты суреттер,сөзжұмбақ, қима қағаздар.

Қолданылған технология: оза оқыту, СТО элементтері.

Пәнаралық байланыс:дүниетану,қазақ тілі,ана тілі.

Сабақ жүрісі:

І. Бағдарлау-мотивациалық кезең:

1.Ұйымдастыру.

-Балалар,қазір бізде қай сабақ?

-Бүгін қаншасы екенін тағы бір айтып кетейік.

-Сабағымызда мектеп ұстаздары.

Ұлағатты ұстаздарға сәлем берейік.

Ойға толы санамыз,

Бестік баға аламыз.

Баласындай бір үйдің,

Сәлем бердік сіздерге

Басымызды иіп бәріміз.

Рахмет, балалар.

Мұғалім:-Балалар, бүгінгі сабағымыздың қалай өткенін қалайсыңдар?

- Сабақтың өз ойларыңдағыдай өтуі үшін қандай ережелерді естен шығармауымыз керек?

Оқушы жауаптары:

-Тәртіп сақтау

-Сұрақтарға қол көтеріп жауап беру

-Берілген тапсырманы түсініп орындау

2. Ендеше, сабағымызды сұрақтарға жауап беріп, ұпай жинаудан бастаймыз.

Тақта төрінде төмендегідей дайын кесте тұрады, сабақта оқушы есімі айтылмайды, мұғалім тек оқушының орнын кесте бойынша көрстеді, оқушы тұрып, сұраққа жауап беруі тиіс. Әр жауапқа мұғалім 1 «қосу», (плюс) қойып отырады.

Разработка по грамматике Көгершін мен құмырсқа (1 класс)

Мұғалім:

Баршаларыңа сәттілік!

Көшбасшыны ортаға шақырамын.

Сынып көшбасшысы:

Достар!

Бүгін сабақта жақсы білім көрсетейік.

1-2-3!

Жинап бойға күш,

Жауап беруге кіріс! Кеттік!

Мұғалім:

Сұрақтар:

1. Бүгін аптаның нешінші күні?

2. Бір аптада неше күн бар?

3.Биыл қай жыл?

Жылдың қай мезгілі? Қыс айлары? Наурыз қыс айы ма?

4. Биылғы жыл несімен ерекшеленеді? Ненің 550 жылдығы?

5.Ұлы Мереке- Ұлы Жеңіске қанша жыл?

6.Ұлы Отан соғысына қатысқан батыр жерлесіміз?

7.Алматыда өткен «Жырлайды жүрек» байқауы кімге арналды?

8. Есіл жағасындағы қала?

9.Астананың символы?

10. ҚР мемлекеттік тіл?

11. Қазақ әліпбиінің атасы?

12. Қазақ даласында тұңғыш мектеп ашқан адам?

13. Естиміз, айтамыз нені?

14. Көреміз,жазамыз нені?

15. Буын дегеніміз не? (сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады)

16. Дыбыс нешеге бөлінеді? (дауысты, дауыссыз)

17. Дыбыс созылып айтылса, ол дауыссыз дыбысқа жата ма? жоқ

18. О- қандай дауысты дыбыс? Т.б.

19. йу естіледі,бірақ не жазылады? (ю)

20. йа естіледі, бірақ ... (я жазылады)

21. Жұп дауыстыларды ата.

22. Жуан және жіңішке жұп дауыстылар?

23. Ауа сөзі тасымалданады ма?

24. Дауыссыз дыбыстарды айтқанда.... (өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында түрлі кедергіге ұшырап, ауа қысылып шығады)

25. Әріпті көреміз, .....және

26. Сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса, .... сөз жуан айтылады.

27. Ауа сөзінде неше буын бар?

28. Өрмек ненің ұясы?

29. Дауысты дыбыстарды айтқанда.....

30. Аю сөзінде неше дыбыс бар?

31. Пырақ дегеніміз не? (қанатты тұлпар)

32. Сөйлем қандай әріптен басталып жазылады?

33. Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады?

34. Ақ сөзіне мағынасы қарама-қарсы сөз?

35.Түйенің төлі?

36.Қандай құс балапандарына ұя салмайды?

37.Өмірін араб елінде өткізген сұлтан? 38. Неде туған жердің иісі бар?

ІІ. Операционалдық- орындаушылық кезең.

1. Жұптық жұмыс.

Алдарыңдағы қима қағаздарды алып тапсырмаларды орындауға кірісеміз.

1. Буындардан сөз құрап, сабақ тақырыбын анықтаймыз.

-гер,-шін,кө. -қа,-құ,-мырс.

Сонымен, қима қағаздарды құрастырғанда қандай сөз шықты?Ендеше сабақ тақырыбы қалай аталады?Авторы?

(Құмырсқа мен көгершін. С.Көбеев)

2. Сәйкестендіру тесті. Авторлар мен тақырыптарды сәйкестендіреміз.

1-2-3!

Жинап бойға күш,

Білім алуға көш!

2. Ой шақыру:

Ал, қысқаша ортаға саламыз.

Құмырсқаның үйі қалай аталады?

Одан нені үйренеміз?

Құмырсқа туралы қандай ертегі білеміз?

Ал, көгершін туралы бізде бір ақпарат бар. Оны алдын-ала даярланып келген оқушы видео материал көрсете отырып таныстырады.

Басқа құстардан айырмашылығы қандай болады? Кептер. Ертедегі теңіз саяхатшылары бір елден, екінші елге апарып олардың таралуына ат салысқан.
Оны бейбітшілік құсы немесе хат тасушы құс деп атайды.
Кептердің төрт түрі бар: етті, спорттық, сәндік, байланыс.
Халқымыз балалар көк жөтелмен ауырғанда оның қанын емдік қасиет ретінде мөлшермен қолданған. Бірақ қазір құс тұмауы деген бар, сондықтан қанын арнайы тексеруден міндетті түрде өткізу керек.

Енді суреттерден көгершін түрлеріне қарай ажыратайық.

Разработка по грамматике Көгершін мен құмырсқа (1 класс)Разработка по грамматике Көгершін мен құмырсқа (1 класс)

Разработка по грамматике Көгершін мен құмырсқа (1 класс)

Разработка по грамматике Көгершін мен құмырсқа (1 класс)


Автор туралы Шынайым, Гүлназ.

Спандияр Көбеев (1878-1956) -қазақ жазушысы,,Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі,.Торғай облысында дүниеге келген.

Ұстазы Ы.Алтынсарин.

Анасы-Айтбоз, әкесі-Көбей. Қолөнермен күн көрген.

Танымал шығармалары: Қалың мал, Орындалған арман. Құстың ұясы.Екі соқа.

2. Сөздік жұмыс
Сөзжұмбақ шешу.

Сөзжұмбақты шешкенде сабағымыза таныс болатын сөздік сөз шығады.

Разработка по грамматике Көгершін мен құмырсқа (1 класс)

1.Ойды аяқтап қорытады,

Соңында доп тұрады? (сөйлем)

2.Бірде дауысты,бірде дауыссыз дыдыс? (У)

3.Оқу-білім аспабы,

Қоймасының бас қабы.

Бөлмесі бар бірнешеу

Тиегі бар ашпалы (сөмке)

4.Әкеңнің әкесі саған кім? (ата)

5.Өзі орындық, өзі үстел

Оқушының бесігі? (парта)

Сөзжұмбақтағы тірек сөз: сусап.

Ол қандай мағынада айтылатынын білу үшін қазақ сөздігі кітабын пайдаланамыз.

Қазақ сөздігі кітабымен жұмыс.

Суса- шөлдеп. Сөйлем құратып,оны дәптерге жаздыру. Сызбасын сызу.

Асан ыстықтан сусап келеді.

Сергіту. Там-там-тамшы-там.

Тамшы там нөсерлет

Нөсерден өсер көк.

3. Мәтінді электронды нұсқада тыңдату.

Талдау-жинақтау.

-Тыңдағанымыз не? (Ертегі).Ертегі түрлеріне алдағы уақытта тоқталамыз.

Бұл ертегінің авторы бар. Сондықтан бұл авторлық ертегіге жатады.

Ертегі не жайында?

Саған әңгіменің қай жері ұнады?

Ертегінің тәрбиелік мәні неде?Бірі құс, бірі жәндік бола тұра бір-біріне қиын кезде қайтті? Ендеше, ертегі неге тәрбиелейді?

1-2-3!

Бойларыңа жинап күш,

Кітап оқуға көш!

4. Оқулықпен жұмыс.

Өз беттерінше іштей оқып шығу.

Дауыстап тізбектеп оқыту .Сюжетті суретпен жұмыс.

Жеке тапсырма (үлестірмелі қағазбен жұмыс)

ІІІ. Рефлексиялық - бағалау кезеңі.

1. Өз беттерінше жұмыс.

Тасымалдау түрін жазу.

І- нұсқа. Кө-гер-шін.

1. кө-гершін

2. көгер-шін

ІІ-нұсқа. Құ-мырс-қа.

1.құ-мырсқа

2.құмырс-қа

Осы кезде оқушымен тақтада жеке жұмыс жүргізу.

1 оқушы.Құстар сөзіне дыбыстық талдау жасату.

Құстар- 6 әріп,6 дыбыс,2 дауысты, 4 дауыссыз, 2 буын, құс-тар.

Ұ- жуан, еріндік

А- жуан, езулік.

2 оқушы. Көгершін- бес жолды өлең әдісіне салу.

Тасымалдауды тексеру. (өзара)

Ұпайларын толықтырып,санап, бағалау.

Сабақты қорытындылау.

-Бүгін қандай жұмыс жасадық?

-Құмырсқа мен көгершін бір-біріне қайырымдылық көрсете алды ма?

-Ендеше, мына мақалдардың қайсысымен сабақты қорытуға болады?

Өнер алды- қызыл тіл.

Бірлік бар жерде-тірлік бар.


Разработка по грамматике Көгершін мен құмырсқа (1 класс)

Разработка по грамматике Көгершін мен құмырсқа (1 класс)

Разработка по грамматике Көгершін мен құмырсқа (1 класс)


Разработка по грамматике Көгершін мен құмырсқа (1 класс)




© 2010-2022