Конспект урока по казахскому языку на тему Менің достарым (2 класс)

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Менің достарым.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: оқылым, тыңдалым, айтылым, жазылым әрекеттерін жүйелі түрде қолданып, тілдесім әректіне жетелеу. Сан есімдермен жұмыс жасап, есептік сан есімдерді қайталап, реттік сан есімдерін жасалу жолдарын түсіндіру.

2. Тәрбиелік: оқушыларды достыққа, татулыққа баулу және дер кезінде көмек беруге тәрбиелеу.

3. Дамытушылық: байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту. Сан есімдермен жұмыс жасау жолдарын үйрету.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Модуль құрамын түсіндіру.

ІІІ. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

ІҮ. Сөздік жұмысы.

1. Жаңа сөздермен таныстыру. Сөздерді мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды.

2. Оқушылар жаңа сөздерді тізбектеп айтып шығады.

3. Әр түрлі әдістер арқылы жаңа сөздерді пысықтау.

а) Мұғалім сөздік бойынша сөздің орысшасын айтып, допты бір оқушыға лақтырады, оқушы допты қағып алып, сөздің қазақшасын айтып, допты мұғалімге қайтарады. Осылай барлық сөздермен жұмыс жасалады. Көп сөз меңгерген оқушы алғыр атанады.

ә) тақтаға бір оқушы шығып, жаңа сөздерді қазақ тілінде жазып тұрады, ал сол сөздің аудармасы дұрыс тапқан оқушы тақтаға келіп, аудармасын жазады.

б) Жаңа сөздер деректі заттар болса, оларды мұғалім көрсетіп отырады, басқа оқушылар сол заттың атауын дәптерлеріне жазып отырады. Кейін оқушылар кезек- кезек тақта алдына шақырылып, сөздердің сауатты жазылуы тексеріледі.

Ү. Тапсырмалармен жұмыс.

1-тапсырма. Айтылым әрекетін «Досын қайда тұрады?» атты сұрақпен бастап, әр оқушымен жеке-жеке жұмыс жасау. Бұл сөздегі жатыс септігінің орнын және маңызын түсіндіру.

2-тапсырма. Реттік сан есімге берілген ережемен жұмыс жасау. Жұрнақтарын көрнекілік арқылы түсіндіру. Әр оқушымен жеке-жеке жұмыс жасау.

3-тапсырма. Грамматикалық тақырыпты бекіту мақсатында берілген тапсырмамен ауызша жұмыс жасап, тапсырманы жазылым әрекетімен ұштастыру

4- тапсырма

Сергіту сәті.

Бір, екі, үш, төрт деп

Орнымыздан тұрамыз.

Алақанды соғамыз.

Бес, алты, жеті деп,

Бір отырып, бір тұрып,

Аяқты жазып аламыз.

Сегіз, тоғыз, он деп,

Алақанды он соғып,

Біз тынығып аламыз.

5-тапсырма. Жазылым әрекетін 5-тапсырмада берілген сөздермен тақта алдында орындату.

6-тапсырма. Ережені бекіту үшін оқушылармен жеке-жеке жұмыс ұйымдастыру, сыныптағы заттармен сөз тіркестерін жасау.

ҮІ. Сабақты бекіту.

ҮІІ. Сабақты қорытындылау. Оқушылардың білімін бағалау.

ҮІІІ. Үй тапсырмасын беру. 21-бет , №4 оқу



© 2010-2022