Баяндама12-жылдық мектепке арналған қазақ тілі пәнінен «Железин өңірінің компоненттері» атты арнайы курс бағдарламасы

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

«Железин ауданы Ш.Уәлихан атындағы ЖББОМ»ММ







БАЯНДАМА:

12-жылдық мектепке арналған қазақ тілі пәнінен «Железин өңірінің компоненттері» атты арнайы курс бағдарламасы
























Дайындаған:Қазақ тілі мен әдебиет пәндерінің

мұғалімі-Сыздықова Жанар Қиноятқызы



Павлодар, 2014 жыл

12-жылдық мектепке арналған қазақ тілі пәнінен «Железин өңірінің компоненттері» атты арнайы курс бағдарламасы Қазіргі әлемдік білім кеңістігіндегі халықаралық стандарт талаптарына сай оқыту үдерісінің орталық тұлғасы - білім алушы субъект, ал ол субъектінің алған білімінің түпкі нәтижесі құзіреттілік болып белгіленуі білім беру жүйесінің маңызды буыны болып саналады. Ал құзіретті тұлғаны қалыптастыруда басқа пәндерді оқытуға негіз болатын тіл пәндерінің орны ерекше. Бұл оқыту қазақ тілді емес мектептердегі «Қазақ тілі» пәніне тікелей қатысты. Тілдік қабілеті дамыған дара тұлғаны қалыптастыру Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Тіл туралы» Заңдары мен Тіл саясаты тұжырымдамасындағы айқындалған мақсаттар мен міндеттердің жүзеге асуының басты шарты болып саналады. Тілді меңгертудің шешімін табуы тиіс мәселелерінің қай-қайсысы да оқытудың құзіреттілік бағытын іске асырудың, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтудің және білім беруді бүгінгі таңдағы қоғамның әлеуметтік сұранымымен үйлестірудің аса маңызды тетігі болып табылатын арнайы курстарда тұлғаны қалыптастырумен тығыз сабақтасып жатыр. Бұл бағдарлама 12 жылдық білім беру жүйесінде қазақ тілі пәні бойынша оқыту орыс тілінде жүргізілетін топтарда тиімді әрі қажет. Біріншіден, бұл курс - тілді меңгертудің тиімді бір тәсілі, себебі Павлодар Ертіс өңірінің бергі бетінде орналасқан Железин тарихын, әдебиетін, мәдениетін оқыту арқылы оқушылардың бойындағы Отансүйгіштік қабілетін дамытып, тілге деген қызығушылықтарын арттыруға, тілдік білім мазмұнының көлемін сақтай отырып, оның танымдық өзегін кеңейту арқылы қазақ тілін жетік меңгертуге болады. Екіншіден, бейіндік оқытуда аталмыш курстың рөлі тек мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтумен шектелмейді. Железин өңірінің тарихы мен мәдениетіне сусындаған өлкетанушы өрен жүйріктерді тәрбиелеудің маңызды тетігіне айналады. Болашақта туризм, өлке тарихы, өлкетану, журналистика мамандықтарын таңдайтын оқушылар үшін берері мол. Үшіншіден, «Тіл туралы» Заң мен бағдарламаны іске асырып, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мен дамытуға қосқан үлес деп бағалауға болады. Арнайы курс мақсаты - жас ұрпақтың өз Отанына, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, қазақ халқының адал перзенті болуға және патриоттық сезімге тәрбиелеу. Міндеттері: - өзінің туған өлкесі туралы терең мағлұмат алу; - қазақ тілінде қарым-қатынас жасауға үйрету; - оқу мәтіндерін аудармасыз түсінуге жұмылдыру; - қазақша ойлауға, қазақша сөйлеу желісіне, қазақша сөйлеу әуезділігіне машықтандыру; - үлгісіз, жетексіз, өз бетінше сөйлеуге, жазуға, ойын айтуға дағдыландыру; - қазақ тілінде айтылған сөздерді тыңдай білу, түсіну, сөйлесе білу (диалог), ауызша сөйлеу (монолог), үлгі бойынша мәтін құрастыру дағдыларын меңгерту. Нәтижені бағалау құралдары: -қарастырылған материалдар бойынша реферат, баяндама, қосымша тапсырмалар беріліп, жұмыстары сыныпта қорғалып, талқыланады. Курс бағдарламасы 34 сағатқа құрастырылған. Әр сағатқа Железин өңіріне байланысты мәтін берілген, мәтіндер шағын, мазмұнды, орыс сыныптарына түсінікті. Мәтіндерден кейін мәтінге сәйкес сөздік, сөздіктен соң оқушылардың білім деңгейлеріне сәйкес деңгейлік тапсырмалар берілген.

Бағдарламаға енген тақырыптардың қысқаша мазмұны: Железин өңірі Ертіс өзенінің баурайында орналасқандықтан, ол туралы жазбау мүмкін емес, сондықтан да ең алғашқы тақырыпты Ертіс өзеніне арнап «Қайран менің Қара Ертісім» /1 сағат/ деп атадым. Көлемі жағынан шағын тақырыпта Ертіс өзені туралы 7- сыныпқа жетерлік ақпарат көздері берілді. Мектеп оқушыларын, былайша қойғанда өңірімізде туып, талай жыл тұрып жатқан адамдардың өзі Железин атауының қайдан бастау алатынынан бейхабар. Сондықтан да екінші тақырыбымды ««Железин» сөзі қайдан бастау алады» /1 сағат/ деп алдым. 3-4 тақырыптарын «Табиғат, неткен тамаша едің!?» /1 сағат/, «Бұралып өскен - аққайың» /1 сағат/ деп алып өңіріміздің әсем табиғатын жазуды жөн көрдім, әсіресе өңірдің көркін алатын аққайын ағашына жеке тоқталдым. Әр аймақтың климаты бір-біріне ұқсамайтыны бәрімізге аян, міне сол себепті келесі тақырыпты «Өңіріміздің климаты» /1 сағат/ деп атадым. Нағыз интернационалды ұлттың түп кіндігі Железин ауданы болғандықтан, алтыншы сабақты «Бір шаңырық астында» /1 сағат/ деп атап, ауданда бір шаңырақ астында үлкен бір отбасындай тату-тәтті өмір сүріп жатқан ұлт өкілдеріне арнадым. Қазіргі таңда әлем тарихында болған ең елеулі кезеңнің көзі ол Ұлы Отан соғысының ардагерлері. Міне олардың құрметіне келесі тақырыбымды «Ұлы Отан соғысында өңіріміздің даңқын шығарғандар» /1 сағат/ деп алдым. Келесі тақырыптар өңірдің ең негізгі ақпарат көздері болып отыр. Сондықтан бағдарламаны «Ауданымыздың Қорғаныс істер бөлімі» /1 сағат/, «Ішкі істер бөлімі» /1 сағат/, «Ауданның прокуратурасының беделді қызметкері» /1 сағат/, «Ауданның мемлекеттік салық инспекциясы» /1 сағат/, «Болашақ елдің тірегі-дені сау ұрпақ» /1 сағат/, «Мектеп-кеме, білім-теңіз» /1 сағат/, «Мәдениетті ұрпақ» /1 сағат/, «Спорт - күш, сұлулық, денсаулық»» /1 сағат/, «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімі» /1 сағат/, «Ауданның көлік жолы» /1 сағат/, «Павлодар облысы Железин ауданының Мемлекеттік мұрағат бөлімі» /1 сағат/, ««Туған өлке» газеті» /1 сағат/, «Татар-башқұрт этномәдени орталығы» /1 сағат/, ««Балапан» бөбекжайы» /1 сағат/, «Білімнің кілті - кітапханада» /1 сағат/ деген тақырыптармен толықтырдым. Әр елдің өз дарындары, біртуарлары, шабыттары үнемі халық пайдасына ғана оянатын талант иелері болады, сондай адамдардың бірі Железин өңірінің тумасы - Жаманбалинов Мүбәрәк Кәрімұлы. «Өңіріміздің атын шығарған белгілі адам» /1 сағат/ атты келесі тақырыбым осы ақынның құрметіне арналып алынған. Бағдарламаның келесі тақырыптары «Захаровка, Башмач, Есқара, Лесной, Петропавл, Церковный, Приертіс ауылдарының тарихы» /7 сағат/, «Ауылдың Абай аталуына себепші болған Абай кім?» /1 сағат/, «Ауылдың Уәлихан аталуына себепші болған Ш.Уәлиханов кім?» /1 сағат/, «Ауылдың Жамбыл аталуына себепші болған Жамбыл кім?» /1 сағат/ деп алдым. Әрбір ауданның картасынан уақыт өткен сайын кей ауылдар жоғалып отырады. Кітаптың ең соңғы тақырыбына кезінде Железин ауданының дүркіреп тұрған ауылы болып саналған, бірақ қазіргі кезде адамдардың қоныс аударуына байланысты жермен жексен кеткен ауылдардың бірі-Тельман ауылы жайлы жазуға ұйғардым. Себебі әр оқушы өңіріміздің тарихи беттерінде болып жатқан әр мәліметпен таныс болуы керек деп санаймын. Сондықтан да ең соңғы мәтінімді «Жоғалып кеткен ауыл сыр шертеді» /1 сағат/ деген тақырыппен атадым.

«Железин өңірінің компоненттері» атты арнайы курсқа арналған күнтізбелік-тақырыптық жоспар

Тақырыптар:

Тілдік бірліктер:

Сағат саны:

1

Қайран менің Қара Ертісім

Сөз таптары

1

2

«Железин» сөзі қайдан бастау алады.

Зат есім. Дара және күрделі зат есімдер

1

3

Табиғат, неткен тамаша едің!?

Зат есімнің тәуелденуі, көптелуі, жіктелуі, септелуі. Сөйлемдегі қызметі

1

4

Бұралып өскен-аққайың

Зат есімнің мағыналық түрлері

1

5

Өңірдің климаты

Сын есім. Сапалық және қатыстық сын есімдер

1

6

Бір шаңырақ астында

Сын есімнің жасалу жолдары. Шырай категориясы

1

7

Ұлы Отан соғысында өңіріміздің даңқын шығарғандар

Сын есімнің тұлғасына қарай бөлінуі.

1

8

Ауданымыздың Қорғаныс істер бөлімі

Сан есім

1

9

Ішкі істер бөлімі

Сан есімнің мағыналық түрлері

1

10

Ауданның прокуратурасының беделді қызметкері

Сан есімнің мағыналық түрлері

1

11

Ауданның мемлекеттік салық инспекциясы

Есімдік. Есімдіктің мағыналық түрлері

1

12

Болашақ елдің тірегі-дені сау ұрпақ

Есімдік. Есімдіктің мағыналық түрлері.

1

13

Мектеп-кеме, білім-теңіз.

Етістік. Болымды және болымсыз етістіктер

1

14

Мәдениетті ұрпақ

Салт және сабақты етістіктер

1

15

Спорт - күш, сұлулық, денсаулық

Етістіктің жасалу жолы

1

16

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарлама бөлімі

Етіс түрлері

1

17

Ауданның көлік жолы

Шылау. Шылаудың түрлері

1

18

Павлодар облысы Железин ауданының Мемлекеттік мұрағат бөлімі

Үстеу.Үстеудің мағыналық түрлері

1

19

«Туған өлке» газеті

Еліктеуіш сөздер

1

20

Татар-башқұрт этномәдени орталығы

Сөйлем мүшелері. Бастауыш

1

21

«Балапан» бөбекжайы

Баяндауыш

1

22

Білімнің кілті - кітапханада

Толықтауыш

1

23

Өңіріміздің атын шығарған белгілі адам

Анықтауыш

1

24

Захаровка ауылының тарихы

Пысықтауыш

1

25

Ауылдың Абай аталуына себепші болған Абай кім?

Тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелер.

1

26

Ауылдың Уәлихан аталуына себепші болған Ш.Уәлиханов кім?

Хабарлы сөйлем

1

27

Башмач ауылының тарихы

Сұраулы сөйлем

1

28

Есқара ауылының тарихы

Лепті сөйлем

1

29

Лесной ауылының тарихы

Бұйрықты сөйлем

1

30

Петропавл ауылының тарихы

Сөйлемнің айтылу сазына қарай бөлінуі.

1

31

Церковный ауылының тарихы

Септік жалғауы

1

32

Приертіс ауылының тарихы

Тәуелдік жалғауы

1

33

Ауылдың Жамбыл аталуына себепші болған Жамбыл кім?

Көптік жалғауы

1

34

Жоғалып кеткен ауыл сыр шертеді

Жіктік жалғау

1


Қолданған әдебиеттер тізімі:


  1. Артыкова Т, Ермекбаева Г. Қазақ тілі. Учебник для 7 класса общеобразовательной школы с русскийм языком обучения. 3-е издание. -Алматы: «Атамұра», 2012. -272 стр.
  2. Болтина В.Д., Шевелева Л.В. Край Железинский. - Павлодар: «ЭКО», 2010.-751с.
  3. Джүнүсбекова К. Қазақ тілі: Қазақ тілін оқитындарға әдістемелік. -Алматы: «Рауан», 1995.-288б.
  4. Исаев С, Мұқышева М. Қазақ тілі. Дидактикалық материалдар. Жалпы білім беретін мектептің 6-сынып мұғалімдеріне арналған. -Алматы: «Атамұра», 2002. -112 бет.










© 2010-2022