Табиғи шешек

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Табиғи шешек

Сабақтың мақсаты б.п: Аса қауіпті жұқпалы ауру-табиғи шешек,оба ауруы туралы түсінік беру;

Т.к:Жұқпалы аурулардан сақтана білуге ,тазалыққа тәрбиелеу;

Дамытушылық: Танымдылық ,есте сақтау қабілетін дамыту;

Көрнекілігі: Сызбанұсқалар,кестелер ,оқулықтар ,мәтіндер.

Сабақтың типі: Аралас сабақ.

Сабақ түрі: Дәстүрлі сабақ.

Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап,топпен жұмыс,cын-тұрғы,ойлау,стратегиялар.

Пән аралық байланыс: Биология,медицина,әдебиет.

Сабақ барысы.

І.Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушыларды тынышталдырып,назарларын сабаққа аудару.

2.Сыныпты топқа бөлу.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

І топ 1) Аса қауіпті инфекциялық аурулар туралы валеологиялық анализ жасау.

  1. Денсаулық туралы мақал-мәтелдер айту

ІІ топ 1)Тырысқақ ауруы туралы валеологиялық анализ жаса.

2) Инфекция таралуына жол бермеу үшін мектепте қандай іс -шаралар жүргізіледі?

ІІІ топ 1) Жұқпалы аурулардың басқа аурулардан ерекшелігі, жұқпалы аурулар қалай топтастырылады.

2)Жұқпалы аурудан қалай сақтанамыз атты эссе жазу.

ІІ Үй тапсырмасын бекіту.

Аса қауіпті инфекциялар дегеніміз не?

Эпиделия,пандемия деген не?

Тырысқақ дегеніміз не?

Мектепте инфекциялық ауруларға қарсы қандай шаралар жүргізіледі?

ІV.Жаңа сабақ

1.Сызбанұсқамен жұмыс.

Кесте арқылы табиғи шешек,оба туралы түсіндіру.

2.NSEPT әдісі бойынша 3 топқа мәтін таратылады.Олар мәтінді оқып белгі қояды.Бұрыннан білетіндерін «V» белгісі бар қатарға, + белгісі бар бұрыннан білер, оқығаннан толықтырғанын жазады , ал -және ? бар білмейтін мәліметтерінжазады, термин сөздер жазылады.

V. Ой толғаныс

Табиғи шешек, обо,жұқпалы аурулар туралы,денсаулық туралы «бес жолды өлең» әдісі бойынша өлең, тақпақтар құрастырады.

VI.Дәптермен жұмыс

Дәптерге 3 топ жұқпалы аурулардың алдын алу тақырыбында эссе жазады.

VII Сөзжұмбақ шешеу

3 тоқа сөзжұмбақ жасырылады.

VI.Сабақты қорыту.

Табиғи шешек ауруы туралы білесің?

Табиғи шешектің белгілері туралы не білесің?

Жұқпалы аурулардан қалай сақтанамыз?

VII.Үйге тапсырма.

Үйден 22 тақырыпты оқу.Обаны жұқтыру тәсілдері мен оның алдын алу туралы әңгіме құрастыру.



© 2010-2022