- Преподавателю
- Начальные классы
- Конспект урока на тему Қамқорлық
Конспект урока на тему Қамқорлық
Раздел | Начальные классы |
Класс | 3 класс |
Тип | Конспекты |
Автор | Джанбирова Г.А. |
Дата | 25.06.2015 |
Формат | docx |
Изображения | Нет |
Поделитесь с коллегами:
Сабақтың тақырыбы: Қамқорлық. Б. Соқпақбаев. Сабақтың мақсаты:
- Білімділік: Мәтінді сапалы түсініп оқу, нақышына келтіріп, мәнерлеп оқу. Және дұрыс оқу машығын жетілдіру.
- Дамытушылық: Сөздік қорын молайту, тіл байлығын арттыру, ой - қиял ұшқырлығын күшейту, шығармашылық қиялын, дүниетанымын дамыту.
- Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатты сүюге, тіршілік иелеріне қамқорлық жасап, мейірімділік таныту.жақсы мен жаманды айыра білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Сабақтың әдіс - тәсілі: Ж. Қараев технологиясы. Техникалық құрал: Видеопроектор. Пәнаралық байланыс: Дүниетану, бейнелеу,қазақ тілі Сабақтың жүрісі:
І. Ұйымдастыру Психологиялық ахуал ұйымдастыру.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
а) Мәнерлеп оқу ә)«Көжек» әңгімесінің мазмұнын айту
1 - слайд ә) «Жедел ойлау» стратегиясы бойынша сұрақтарға жауап алу
- Мәтін шығарманың қай түріне жатады? (Ертегі)
- Ертегідегі кейіпкерлерді ата. (Шаруа, көжек)
- Шаруа көжекті қайдан тауып алды? (Мұздан)
- Ертегідегі негізгі ой нені меңзейді? (Туған жер)
ІІІ. Ой қозғау: -Балалар, біз өтіп жатқан тарауымыз қалай аталады? -«Табиғат - менің өз үйім» деп аталады -Адам және барлық тіршілік атаулы, жан - жануарлар, құстар, жәндіктер, өсімдіктер бәрі табиғат перзенті. Көктем айында барлық тіршілік атаулы өзінің қарбалас кезін бастайды. Мысалы құстар туған жерге оралып, ұя салып , балапан өргізеді.Ал жануарлар ұрпақ көбейтіп, төлдейді. Сондықтан барлығымыз осы табиғатперзенттеріне қамқорлық жасауға міндеттіміз. -Қамқорлық дегенді қалай түсінеміз:
Осыған орай бүгін өзімізге таныс атақты жазушы Б. Соқпақбаевтың «Қамқорлық» мәтінін өтеміз.Бұл мәтінде қандай қамқорлық жөнінде сөз болған екен ,келіңдер, танысайық.
3 - слайд «Сөз ойла, тез ойла»
қ м о л қ ы а қ р
Адам бойындағы жақсы қасиеттерді айту -Қандай сөз шықты? -Қамқорлық Осыған орай бүгін өзімізге таныс атақты жазушы Б. Соқпақбаевтың «Қамқорлық» мәтінін өтеміз.Бұл мәтінде қандай қамқорлық жөнінде сөз болған екен ,келіңдер, танысайық.
4 - слайд
ІV.Жаңа тақырып: Қамқорлық. Б. Соқпақбаев туралы мағлұмат беру.
Мәтінді оқу.
5 - слайд Сөздік жұмыс. Жан далбаса - асыға, тездете. Ентелеп - Бірдеңеге үлгере алмай қалатындай, ентігіп, демалысы жиілеп. Дуал - үйді, бақты айнала қоршалған қоршау. Әккі - төселген, қуланған, әбден бойы үйреніп алған. Безбүйрек - аяусыз. Топшы - құс қанатының кеудеге жалғасқан жері. Бейқам - ешнәрсе ойламай отыруы. V. Жаңа сабақты пысықтау 1.Мәтінді мазмұндау. Джиксо әдісі бойынша
7 - слайд 2.«Торғай» «Қамқорлық» мәтіндерін салыстыру.
8 - слайд VІ. Сергіту сәті. Ал, балалар тұрайық Алақанды соғайық. Оңға қарай иіліп, Солға қарай иіліп. Бір отырып, бір тұрып, Орнымызды табайық.
9 - слайд VІІ,Деңгейлік тапсырмалар:
- Міндетті деңгей:
- Алгоритмдік деңгей:
- Кейіпкерлерге мінездеме беру.
- Эвристикалық деңгей:
- Сен қалай ойлайсың?
- Сен Қожаның орнында болсаң не істер едің?
- Мәтін туралы өз ойын ортаға салу
- Шығармашылық деңгей:
- Бұл деңгейде балалар мақал - мәтелдерді, халық даналығын қолдана отырып «Жақсылық пен Жамандық» тақырыбына эссе жазу.
10 - слайд VІІІ.Қорытындылау
- Балалар, бүгін біз не туралы мағлұмат алдық?
- Қамқорлық, мейірімділік.
- Сендерге әңгімедегі қай кейіпкер ұнады, қай кейіпкер ұнамады?
ІХ. Кері байланыс:
- Мәтін авторының кім?
- Мәтіндегі Жантас қандай бала?
- Мәтіндегі Қожа қандай бала?
- Қожаға толығырақ мінездеме бер.
- Жантасқа толығырақ мінездеме бер.
- Жантастың алғашқы оғы неге тиді?
- Торғайдың халін баяндап бер.
- Мәтіндегінегізгі ой не?
- Бүгінгі сабақ ұнады ма?
- Несімен ұнады?
Х.Бағалау.
ХІ.Үйге тапсырма: Мәнерлеп оқу, мазмұнын әңгімелеп беру.Құстар - біздің досымыз» тақырыбына эссэ жазу.