Ашық сабақ екі таңбалы санға көбейту және бөлу тәсілдері4 *класс

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Класс:4

Пәні: математика

Тақырыбы: Екі таңбалы санға көбейту және бөлу тәсілдері.

Мақсаты: Оқушыларға екі таңбалы санға көбейту және бөлу тәсілдерін тиянақтауға, теңдеу құрастырып шешімін табуға үйретуге мүмкіндік жасау; ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту; білімділікке, дәптермен жұмыс жасау барысында тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, есептеу, салыстыру.

Көрнекілігі: жолақшалар, суретті кестелер, қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Оқушылардың құрал-жабдықтарын түгендеу.

Балалар, бір - біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.Мен бақытты баламын,

Жан дүниемде күн нұрлы

Жылуым мол бойымда.

Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын. Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!

ІІ. Мақсат қою кезеңі: Балалар, бүгін біз Екі таңбалы санға көбейту және бөлу тәсілдерін қайталаймыз. Екі таңбалы санға көбейту және бөлу тәсілдерін кім қалай меңгергенін байқап көреміз.

ІІІ. Жаңа сабақ: Оқулықпен жұмыс: 1-жаттығуда мысалдарды тиімді тәсілмен, әрі тез есептеу.

550+49=599

458-59=399

670+99=769 700+599=1299

730+399=1129

760+598=1358 5700+999=6699

5500+499=5999

1005+999=2004 4680-598=4082

46800-5999=40801

468000-59999=408001

2-жаттығуны екі таңбалы санды екі таңбалы санға бөлу, тексеру.

72:24=3

80:6=15 90:18=5

68:17=4 84:21=4

64:16=4 93:31=3

76:19=4

70 • 2+х=3500+120 х+2400:60=310+5000

Өздік жұмыс:

ІҮ.Жаңасабақты пысықтау:

№4. Есептерді шығар.

а)

Шешуі: 650-(1200-800) =250

800-250=550

Жауабы: 1-мектептен 250, 2-мектептен 400, 3-мектептен 550 бала. ә)

Шешуі: 1000-(2000-1400) =400

1400-400=1000

Жауабы: 1-бала 400 м, 2-бала 600 м, 3-бала 1000 м арақашықтықты жүгіріп өтті.

№5 а) Тіктөртбұрыштың ауданы 24 см², ұзындығы 6 см. Тіктөртбұрыштың периметрін тап және дәптеріңе сыз.

№6. а) Шешуі: 1000:4=250 (м)

Жауабы: балалар 250 метр жүгірулері керек.

ә) Шешуі: 1000:5=200 м

200 :20 =10 с

Жауабы: Мұрат жүгіруге 10 с жұмсады.

№7 Тиімді тәсілмен есепте.

125 • 40+125∙6=125∙(40+6) =5750

241∙50+241 ∙8=241∙(50+8) =13978

314∙30+314∙7=314∙(30+7) =11618 418∙30+418∙4=418∙(30+4) =14212

315 ∙60+315 ∙5=315∙(60+5) =20475

829 ∙20+829 ∙3=829∙(20+3) =19067

Ү.Қорыту. Бүгінгі сабақтан не білдік?

ҮІ. Үйге тапсырма: № 6 б, в №8; 5 бет.

ҮІІ. Оқушыларды бағалау.



© 2010-2022