Сауат ашу пәнінен сабақ жоспары 1 сынып Менің Отаным-Қазақстан

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Апта 1


Күні: 2.09

Сабақ: Сауат ашу

Сабақтың тақырыбы

Менің Отаным- Қазақстан. Астана


Сабақтың мақсаты

а\ Еліміздің астанасымен таныстыру.

Оқушылардың рухани дүниесін дамыту.

ә\ Тәрбиелілігі: Өз елін, жерін сүюге, құрметпен

қарауға,табиғатын қорғауға тәрбиелеу.

б\ Дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын, тіл

байлықтарын сөздік жұмысы арқылы дамыта отырып, көркем сөйлеуге дағдыландыру.


Күтілетін нәтижелер

Еліміздің астанасымен танысады.

Өз елін, жерін сүюге, құрметпен қарауға, табиғатын қорғау керектігін түсінеді.

Сөздік қоры, тіл байлықтары сөздік жұмысы арқылы дамиды.


Сабақ түрі

аралас


Оқытуда қолданатын әдіс-тәсілдер

Түсіндіру, сұрақ- жауап, салыстыру, диалогтік оқыту, сыни ойлау мен өзін -өзі реттеу стратегиялары, өзіндік жұмыс, жеке, жұптық, топтық жұмыс

Керекті жабдықтар

Ұ. Ботабаева, К.А. Ерешева, Б.К. Игенбаева

Әліппе, 1 сынып, 2012 «Алматыкітап».

Елбасының суреті, рәміздердің суреті, Астана қаласының суреттері.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе


1.Психологиялық ахуалды жақсарту мақсатында тренинг өткізу:

2. Сыныпты топтарға бөлу

Ынталанады, топтарға бөлінеді.

Жұмыс істеуге дайындалды, топ ішінде өзара ынтымақтастық қарым-қатынас орнығады.

Тұсаукесер

Диалогтік әдіс арқылы тексеру:

-Балалар біздің Отанымыз қалай аталады?

-Ал, тұратын қаламызды қалай атаймыз?

-Отанымыздың астанасы қай қала ?

1.Кіріспе әңгіме.

ҚазақстанРеспубликасы,табиғаты,жерінің байлығы туралы оқушыларды қатыстыра отырып әңгімелесу.


Оқушылар өз білгендерін ортаға салады, қойылған сұрақтарға жауап береді.


Негізгі бөлім

2.Суретпен жұмыс.

Сұрақтар қою арқылы оқушыларды сөйлету.

-Отандеген не?

«Отан от басынанбасталады»мақалының мағынасынтүсіндіру.

Өлең оқу

Отан-жерім,Отан -суым,

Отан-қуат, нәр береді.

Отан- ұран,Отан-туым,

Отан мәңгі гүлденеді

3.Сергіту сәті.

Жоғары қарап күн көрдім,

Төмен қарап жер көрдім,

Оңға солға бұрылып,

Егеменді ел көрдім.

4Сөздік жұмыс .

Астана. Үкімет үйі. Президент.

Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құрату.

Астана әдемі қала. ___ ____ ____.

Үкімет үиі биік.___ -___ ___.

5.Дәптермен жұмыс

Әріп элементерінқұрайтын сызықтарды жазу арқылы, әріптің толық тұлғасын өрнектеу.

5. «Кім жылдам ?» ойыны

(Қалалардың аттарын атау)

Астана.Атрау. Ақтөбе.Орал. Ақтау. Тараз. Қызылорда т. б

Буындық талдау жасату.


Сурет арқылы қойылған сұрақтарға жауап береді.

Мақалдың мағынасын түсіндіреді

Өлеңді хормен айтады. Өлең мазмұнына түсінік береді.

Сергіту сәтін қимылымен жасап айтады.

Берілген сөздерді қатыстырып сөйлем құрайды.

Әріп элементерінқұрайтын сызықтарды жазу арқылы, әріптің толық тұлғасын өрнектеп жазады.

Сөздерді буынға бөліп, дыбыстық талдау жасайды.

Қорытынды

-Бүгінгі сабақта немен таныстық.?

-Қазақстан Республикасының елбасы кім ?

-Еліміздіңрәміздерінатаңдар?



Сабақтың өзіндік талдауы



Сабақ бойынша өзгертулер

Уақытты тиімді пайдалану, топқа бөлу әдісін өзгертер едім.Себебі осы сабақтарда топқа өзім бөліп отырдым. Келесі сабақтарымда оқушылардың өздеріне бөлдірер едім. Қызықты материалдарды көбірек қолдану.Оқушылардың сабаққа белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттырады деп ойлаймын.




© 2010-2022