Етістік 2 сынып

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Етістік. 2 сынып.

Сабақтың мақсаты: етістік, олардың түрлері туралы білімдерін нығайту; сөйлем ішінен етістіктерді тауып, сұрақ қоя білу.

Сабақтың барысы: Кіріспе бөлім

«Пресс-конференция» дидактикалық ойыны. Ойынның шарты: тақта алдына үш орындыққа етістікті зерттеп жүрген «ғалымдар» отырады. Қалған оқушылар «журналистер)» болады. «Журналистер» «ғалымдарға» темендегі үлгі бойынша сұрақтар қояды:

Етістік дегеніміз не?

- Етістік қандай сұраңтарға жауап береді?

- Дара, күрделі етістіктер туралы не айтасыз?

«Ғалымдар» мысал келтіре отырып, жауап беруі тиіс. Мұғалім «жетекші ғалым» ретінде жауаптарды толықтыруына болады.

Негізгі бөлім

1, 2-жаттығу оқушылардың етістік туралы білімін толықтыруға арналған. Етістік заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретіндігі, оның зат есіммен байланысы еске түсіріледі.

3, 5-жаттығу дара, күрделі етістіктерді ажырата білуді үйрете арналған. Күрделі етістіктерді дұрыс жазу, оларды қатыстырып сөйлем құрастыруды үйренеді.

4-жаттығуда сурет бойынша мәтін құрастыру арқылы тіл дамыту жұмысы жүргізіледі. Құрастырған сөйлемдердегі ішінен етістіктерді тауып, сұрақ қояды, астын сызады.

Олардың қайсысы дара, қайсысы күрделі етістік екенін анықтайды.

Қорытынды бөлім

Тақтаға кесте ілінеді. Оқушылар етістікке қатысты мәлі-меттерге «+» таңбасын қояды.

Заттың

атын

білді-

реді

Заттың

қимы-

лын, іс-

әрекетін

білдіреді.

Дара және

күрделі болып

бөлінеді.

Заттың санын

білді-реді.

Зат

есіммен

байла-

нысады.

Сұрақ- Сұрақтары: тары:

не істеді? не Қанша? қылды? Неше?

қайтті? Нешін-ші?


+

+


+

+


- Неліктен бұл бөліктерге «+» таңбасын қойдыңдар? Әрқайсысың мысалдар келтіріп, ойларыңды дәлелдеңдер,

Оқушылардың етістік туралы алған білімі пысықталады.



© 2010-2022