Бейнелеу өнері. Ашық сабақ. Көктемгі табиғат

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

ақырыбы: Көктемгі табиғат
Мақсаты:
Білімділігі: Қазақстанның көркем табиғатымен танысу, табиғат көріністерін бейнелеуге үйрету.
Дамытушылығы: Оқушылардың пейзаж жанры бойынша алған білімдерін дамыту.
Тәрбиелігі: Туған табиғатты аялауға, қорғауға үйрету. Қоршаған ортаға деген экологиялық тәрбиені қалыптастыру
Көрнекілігі: Слаид,бейнеролик, суреттер.
Құралдар: акварель, гуашь, қылқалам, альбом, қалам
Әдісі: Түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, топтық жұмыс
Типі: меңгерген білімдерін дамыту.
Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу,музыка

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
А) амандасу, түгендеу.
Б) жұмыс жасауға қалыпты жағдайды қамтамасыз ету.
Г) жаңа сабаққа көңіл аудару.
Психологиялық дайындық
Шіркін сурет сабағы ,
Ауылды еске салады.
Мың құбылтып бояймын,
Туып өскен даланы
Қызыл бояу-қызғалдақ
Сары бояу-сарғалдақ
Жасыл бояу жайлауым
Барар іздеп армандап
Ой толғаныс.
Олай болса көктем бізге күннің шуағында ала келеді.
Көктемнің кезінде жасалатын жұмыстар
мен табиғи құбылыстарды анықтайық
Өткенді қайталау
Лезде сұрақтар:сұрақ -жауап
1. Пейзаж дегеніміз не?
2. Натюрморт деген не?
3. Портрет деген не?
4. Автопортрет деген не?
5. Кемпірқосақтың неше түсі бар?
6. Мүсін дегеніміз не?
Жаңа сабақ
А)Жұмбақ шешейік!
Қар кетіп,
Қыр көгерді.
Құс қиқуы көбейді.
Жерге диқан дән сеуіп,
Қорадан жас төл өрді.
(Көктем)
Ә) Бейнеролик көру
-Бейнероликтан жылдың қай мезгілі туралы айтылған?
Көктем - жылы жыл мезгілі. Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр. Көктем мезгілін қазақтар жазғұтұры деп те айтады. Көктемде қар ериді, күн жылынады, бәйшешектер шығады. Сондай - ақ құстар жылы жақтан ұшып келеді, ағаштар гүлдейді. Көктемде әр түрлі мерекелер бар.

Оқулықпен жұмыс
Сұлу көктем табиғатын бейнелеген суретшілер шығармасымен танысу.
Топтық жұмыс.
1-қатар
«Көктем» тақырыбына эссе жазу
2-қатар
Ассоциация әдісі

3-қатар
Көктем туралы өлеңдер айту
Машықтық жұмыс
Ендеше топ болып көктемгі табиғаттың суретін саламыз.
Жасалған жұмыстарды көрме жасап бағалау. Жұмыс барысында табиғаттың көктемгі көрінісін бейнелеп, бояумен жылы және салқын түстердің қосындысын көрсетіп, пейзаж салынды.
Сабақты қорыту
Жұмыстарды ұжым болып талқылаймыз.
Балалар өз жұмыстарына баға беріп, ең үздік шыққан жұмыстарды өздері атап береді. Жасалған жұмыстарды көрме жасап бағалау.
Бағалау.

© 2010-2022