Тәрбие сағаты. Тақырыбы: «Сарқылмас ұлылықтың бастауысың, саған мәңгі басымды ием, Бастауышым»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қызылорда қаласы,Тәрбие сағаты. Тақырыбы: «Сарқылмас ұлылықтың бастауысың, саған мәңгі басымды ием, Бастауышым»

Қараөзек ауылы

№39 «Қызылөзек» орта мектебінің

бастауыш сынып мұғалімі

Хасанова Әсел

Сыныбы: 4

Тақырыбы: «Сарқылмас ұлылықтың бастауысың, саған мәңгі басымды ием, Бастауышым»

Мақсаты: Білімнің сара жолы мектептен басталатынын білімнің кең дүниеде өмірге есік ашатынын сезіндіру.Білімге деген құштарлығын арттыру оқуға,білімді болуға шақыру.Мектепті,яғни білім ордасын,ұстаздарын құрметтеп,еңбекті бағалай білуге тәрбиелеу.Бастауыш сыныбымен білімнің алғаш есігін ашқан ұстаздармен қоштаса отырып,жоғары сынып мұғалімдеріне әр баланы өз ерекшелігімен таныту,сәт-сапар тілеп табыстау.

Көрнекілігі: Слайд презентациясы,шарлар мен гүлдер билбордтар.

Аудивизуалды құралдар: Мультимедиялық проектор,музыка орталығы,синтезатор.

Барысы: Сынып жетекшісі келген қонақтарды отырғызып кіріспе сөз сөйлейді:

-Кеше ғана білім ордасына тарыдай болып еніп,жан-жақтарына таңырқай қарап жүрексіне табалдырық аттаған балапан едіңдер,бүгін міне 4 жыл білім нәрімен сусындатқан қалам ұстап,әріп танытқан білімнің негізі-бастауыш сатысыменде қоштасар сәт таянды.Адам өміріндегі ең бір тәтті алаңсыз бақытты шақ-балалық шақ.Ендеше сол балалық шақтарыңнан мәңгілік естерінде қалсын,балалықтың жақсы бір елесі болып қалсын деген мақсатпен бүгін дәстүрлі үлкен қуанышты шараға жиналып отырмыз.

-Құрметті ата-аналар, ұстаздар, қонақтар әрине,бастауыш сыныптың түлектері.Бүгінгі салтанатты мерекелеріңіз құтты болсын!

Толқимыз,толқып тұрсыз баршаңыз да

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда

Қол соғып,қошеметтеп шақырайық

4-сыныптарды ортамызға!

-Олай болса,құрметті шәкірттерім сөз кезегі өздеріңде!

Вальс әуәнімен сынып оқушылары ортаға келіп,билейді.Әуеннің соңында сахнаға шығып, төрден орын алады.

1-Жандос:

-Ассалаумағалейкум,ағайын!

2-Ақбота:

-Армысыздар мұғалімдер әз- жандар

Білім іздеп инемен құдық қазғандар

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді

Би билейік,әнде бүгін шырқалар.

1-Жандос:

Армысыздар жаны жайсаң қазақ елі!

2-Ақбота:

Қайырлы күн,қарыштаған Қазақстан,асқақтаған ауылымның жұртшылығы!

Ғылым иесі ғалымда,ел қорғаған батырда,тілінен бал тамған ақында,тегеуріні темір балқытқан жұмысшыда,егін салған диқанда,мал бағып терін төккен малшыды бәрі-бәрі ұстаздан білім ,тәлім алған. Сондықтан ұлағатты ұстаздар сіздерге бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

1-Жандос:

Мектептің ойлап, өткен айы,жыл күні

Сондықтан да біздің мектеп үлгілі

Фазилия апай- дана кісі басшымыз

Білім менен мәдениеттің символы.

Олай болса,бүгінгі « сарқылмас ұлылықтың бастауысың,саған мәңгі басымды ием,Бастауышым» атты салтанатты кешімізді ашу үшін сөз кезегін мектеп басшысы Фазилия Елтайқызына береміз.

1-Жандос:

Сен менің әкемдейсің,анамдайсың,

Мен үшін армандайсың,алаңдайсың

Ұстазым сенен артық ақылшым жоқ

Адалдық пен парасаттан жаралғансың.

2-Ақбота:

Көңілін бар шәкірттің табалатын

Кеуделерге намыс отын жағалатын

Өзіңдей болса,шіркін,барлық ұстаз,

Жезтаңдай,күміс көмей,сөзі алтын.

Ән: Шамахатов Диас «Ассалаумағалейкум»

1-Жандос:

Ақбота мен үшін мұғалім болу өте қиын,себебі жұмыстың көп болып,әрі жауапкершілігі мол болуы ,ізденісті,шығармашылықты қажет етеді.

2-Ақбота:

Жандос мен сенің сөзіңмен келісемін бірақ мұғалім болу мен үшін қызықты себебі көппен араласып өз жұмысыңды тани білуің, саралай білу яғни зерделей білу болып табылады.

Ұшырсада бұл өмірдің сан құсын,

Ұстаз ғалым,толастамас мәңгі ісің,

Тыншымайтын асыл жанды аяулы

Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын.

1-Жандос:

Олай болса оқушылардың жүрек жарды өлеңдерін қабыл алыңыздар.

1-Ақбота:

Ұқсаттың ба сіз бізді балаңызға

Ұқсатып ек біз сізді анамызға

Жақын тартың біртіндеп бауыр бастық

Жүргеніңді ұнатып арамызда.

Ән: «Дос болайық» Зарина,Нұрзада,Келбет.

1-Жандос:

Бізді үйреткен білімге жалықпастан,

Рақмет ұстазыма көзімді ашқан.

Біз шәкірт,біз Отанның болашағы,

Білімнің басқышына қадам басқан.

2-Жандос:

Ұлылықтың ардақ тұтар үнемі,

Алтын ұя, ақ босаға киелі

Қанат қаққан,білім алып өзіңнен

Күллі шәкірт саған басын иеді.

Би: «Өзбек» Нұрай,Ақбота, Айдана.

1-Мұғалім:

«Мұғалім-мектеп жүрегі»-деген Ыбырай Алтынсарин атамыз.Жүрексіз өмір болмаса,мұғалімсіз білімнің,тәрбиенің іске аспайтыны белгілі.Өмірдегі қоғам қайраткерлері,небір данышпан адамдар,қарапайым еңбеккерлер,тіпті арман қуған жеткіншектерде бәрі-бәрі бір адамға қарыздар.Ол-Ұстаз.Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес.Адамды тәрбиелеп,оны азамат атандырудың өзі бір үлкен күш.Сондықтан да ұстаздың еңбегі-ұлы еңбек.

1-Жандос:

Алғыстарым көп менің.

Ұстаз-анам,мектебім!

Ән: «Мектебім» Нұрай ,Нұржігіт

2-Ақбота:

Құрметті ұстаздар,біз сіздер оқытып,жүрген барлық пәндерді ардақтаймыз.Сөздеріңізді ықылас қоя тыңдап,зер салып,оқып,үйреніп жүреміз.Әрбір пән мұғалімнің біздерге жан-жақты білім бергеніңіз үшін алғыс айтамыз.

Пән мұғалімдеріне әдеби монтаж.

1-Жандос:

Мектебім-білім берер алтын ұям.

Ер жетіп сенде сөзім, артты санам.

Баулыған 4 жыл бойы ата-анамдай,

Әрқашан қасиетті атың маған.

2-Ақбота:

Арада өтсе дағы дүркіреп жыл,

Әр күні балалықтай бір жүрек бұл.

Өзіңе борыштармын өмір бойы

Есейген шәкіртіңнің серті деп біл.

Ортада 4 сынып оқушыларының дайындаған «КВН» тамашалайық.

1-Жандос:

Бар білгенін аямаған

Өз гүліндей аялаған,

Мың рахмет ұстаздарға

Қамқор әкем,аяулы анам.

2-Ақбота:

Төрт жыл бойы нұрын төккен,

Аттандырған ақ тілекпен

Ұстаз үмітін ақтаймыз деп

Серт береміз шын жүректен.

Би: «Кукарелла» Нұрай,Нұрзада,Келбет.

2-Ақбота:

«Оқу білім бұлағы,білім-өмір шырағы»-деген бұл мектеп талай жас бүлдіршіндерді білім нәрімен сусындатып,азамат қатарына қосып келеді.

1-Жандос:

Міне ,біздің де осы киелі шаңырақтың табалдырығын аттағанымызға да 4 жыл болыпты.Рахмет аяулы да ардақты ұстаздар!

Әдеби монтаж.

1-Жандос:

Армысысың сен алтын ұя мектебім,

Саған айтар жыр алғысым көп менің.

Жүректерге жаққан білім шырағын

Мақтан етем сені мәңгі мектебім.

2-Ақбота:

Бар білім бастауыштан басталады.

Шығармыз шыңға биік асқаралы.

Тынымсыз ізденісті еңбегіңіз

Әсел апай, әлі-ақ ақталады.

Ән: «Кездесерміз біз әлі» Арұлан.

1-Жандос:

Бүгін міне,бастауышпен қоштасады бал бұлақ,

Ән мен жырға қонақтарым сал құлақ.

Кеше сәби,міне бүгін- жас ұлан

Лаулап жансын болашағың шам шырақ.

2-Ақбота:

Бесіктегі баланың,

Күлгенін көрген бір мұрат.

Алдына түсіп ананың,

Жүргенін көрген бір мұрат-дегендей мұны көруде бір бақыт деп ойлаймын.Сіздердің алдарыңызда тұрған мына біздер 4сынып оқушыларына тілектеріңіз жақсы ниеттеріңіз болса,---------------------------------------------------------------------------------------------------------------------- сөз кезегін береміз.

1-Жандос:

Ұстаз !

Қандай қасиетті ұлы сөз.Осы ұлылықты бойына сіңіріп,шәкірт тәрбиелеуде,егеменді еліміздің мықты азаматтарына білім беруде зор үлесін қосып келе жатқан ұстаздарымызға мың алғыс.Олай болса,келесі әсем әнді барша ұстаздарға арнаймыз.

Ән:Ақбота «Ертегілер»

2-Ақбота:

Бір ұядан түлеп ұшқан құстармыз

Жақсылықпен адалдыққа құштармыз.

Еңбек пенен тіршілікке сән берсін,

Достық туын әр кез биік ұстармыз.

Ортада жастар биі.

2-Ақбота:

Жаным толқып,лүпілдейді жүрегім,

Бойым өсіп,ойым толып,түледім.

Бірі құрбы,бірі шын досс біз үшін

Боламыз енді жоғары сынып түлегі.

Ән: «Ұстаз» Ақерке

1-Жандос:

Сондықтан да бұл сәтті қасиеттеп,

Мәңгі сақтап қалармыз жүректе біз.

Қош айтысып соңғы рет осы жерде

«Мың алғыс бастауышым саған» дейміз.

2-Ақбота:

Сенен алған білімге де рахмет!

Сенен тапқан достарғада рахмет!

Бастауышым,қоштасарда тағы да

Жүз қайтара айтарымыз рахмет!

1 сынып оқушылары ортада.

1-Жандос:

Бастауышым-бал бұлағым,

Алдым сенен балдың дәмін.

Әріп танып,білім алып

Рахметімді жаудырамын.

2-Ақбота:

Бастауышым-бал бұлағым

Лаулап жанған шам шырағым

Өзің берген біліміңмен,

Самғап ұшар тау қыраның.

Би: «Қазақ» Ақерке,Тұмар,Зарина,Келбет.

1-Жандос:

Мода.

1-Жандос:

------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------.

2-Ақбота:

Хор.

Қорытынды: Міне, алғашқы басқыш бастауыш мектепті тәмәмдап ортаңғы буынға көшкелі отырсыңдар.Қаумалаған көпшілік ата-аналар,ұстаздар қауымы-сендер не біліді,нені үйренді,біліммен тәрбиені қалай меңгерді деп сынай қарап отыр.Міне,балалар сендер осы сыннан сүрінбей өттіңдер.

Ата-аналар шашу шашады.

Шашу,шашу шашайық,

Ақ сандықты ашайық

Бұл мереке,бұл тойдың

Бастаңғысын жасайық.

Мұғалім:Бастауыш мектеппен қоштасу салтанатын аяқтай келе 4 сыныпты сапалы білімдерімен аяқтаған оқушылары ма,жоғары сыныпқа барғанда да,осы сапалық құрамын сақтап,үнемі жақсы оқуымызбен,болашақ Тәуелсіз еліміздің тірегі болар азамат болып өсіңдер деп тілек білдіремін.

Ал ата-аналарға айтарым:қырандарыңыздың білім қанаттары талмасын,тек биікке самғасын дегім келеді.

Алдарыңда ұзақ жолың бар,

Оқуменен өсіп толыңдар

Қиындыққы мойымай

Аман-есен болыңдар-деп бастауышпен қоштасу кешін аяқтаймыз.



© 2010-2022