Қысқа мерзімді сабақ жоспар

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пәннің аты:

Тәрбие сағаты

Уақыты:

23.01.2016ж.

Кабинет:

Мұғалім:

Маширова Зоя

Сабақтың атауы

Менің Отаным- Қазақстан!

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Мақсаты: Отан туралы білімдерін назарға ала отырып, Отанымыз - Қазақстан Республикасы туралы не білетіндігін саралау, алған мәліметтер бойынша білімдерін бекіту.
Міндеттері:
1) Білімділік: Балалардың Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту.
2) Дамытушылық: Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне деген сүйіспеншілігін аттыру.
3) Тәрбиелік: Оқушыларды елін, жерін сүюге, байлығын қорғауға, өз елінің патриоты болуға тәрбиелеу.
Әдісі: топтық жұмыс, сұрақ - жауап, пікірталас
Көрнекіліктері: интерактивті тақта.слайд.



Ынтымақтастық атмосфера (1мин)

«Шаттық » шеңбер:
Бір шаңырақ астында,
Қазақстанда тұрамыз.
Бірге сайран құрамыз,
Бір үйде біз тұрамыз.
Құт, береке-шаңырақ,
Орын алған ол төрде.
Билігім өз қолымда-
Еркіндігім- Елімнің!

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Хор: Әнұран.
- Кәне балалар Отан деген не?
- Адамның туып өскен жері, туған - туысқандары, біз тұратын атамекен.
- Балалар біздің отанымыз қалай аталады?
- Біздің - Отанымыз Қазақстан.


Мұғалім: Біздің Отанымыз-Қазақстан. Мемлекетіміз тәуелсіздік алғалы Қазақстан Республикасының жетістіктері өсуде. Осынау жылдарда елдігімізді танытып, еңсемізді көтерген қаншама ұлы оқиғалар бар.

Қазақстан Республикасы 1991 жылы16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Осы өткен жолдарымызға қарасаақ, әр жылдың өз шежіресі, сыры, тарихы, қасиеті бар. Қазақстанды мекендеген барлық халықтардың ұлттық мәдинетін көркейтіп, бірлігі мен ынтымағын жарастырып отырған ұлы елміз. Осыған орай «Менің Отаным-Қазақстан!» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.

ІІ. Негізгі бөлім.
Оқушыларды 3 - топқа бөлу. Әр қатарға қиылған қағазды тарату. Шыққан суреттен әр топтың аты шығады. (Мозайка)
1 - топ: Туған жер
2 - топ: Отан
3 - топ: Атамекен
Тақтада ілінген плакатқа назар аудару. Дұрыс жауап берген топ өзінің қоржынына ұпай жинайды.
- ҚР тәуелсіздігін қай жылы алды?
- Еліміздің бас қаласы
- ҚР президенті
- ҚР туының авторы
- ҚР елтаңбасының авторлары
- Әнұранымыздың авторлары
- Еліміздің көрікті жерлері
- Отан туралы өлең айт
- Отан туралы ән шырқа

Балалар Қазақстан туралы өлеңдер оқып, елімізді, жерімізді мадақтау бүгін біздің еншімізде. Ендеше өнерімізді ортаға салайық. (Тақпақтар айтылады)

Ой толғаныс

Жаңа сабақты бекіту:

1-топ:

2-топ:

3-топ:

Сұрақтарға жауап алу.

«Туған жердей жер болмас» әнін хормен орындау.

Рефлексия.


Қысқа мерзімді сабақ жоспар

Қысқа мерзімді сабақ жоспар

Қысқа мерзімді сабақ жоспар



© 2010-2022