Баяндауыш

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

8-сынып қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Баяндауыш.

Сабақтың мақсаты: 1. білімділік: Оқушыларға сөйлемнің тұрлаулы мүшесі баяндауыш туралы жан-жақты түсінік беріп, дара және күрделі баяндауыш түрлерін ажырата білуге үйрету.

2. дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын молайту, ойлау қабілетін дамытып, өз ойын жүйелі түрде жеткізуге, топпен жұмыс істеуге үйрету.

3. тәрбиелік: дүниетанымдық көзқарастарын, рухани-адамгершілік, еңбексүйгіштік дағдыларын қалыптастыру, отанды сүюге, қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру.

  • Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

  • Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, ой қозғау, тест т.б.

  • Сабақ көрнекілігі: сызба-схемалар

Сабақтың барысы:

Ұйцымдастыру кезеңі;

Үй тапсырмасын тексеру: Бстауыш (ереже жаттау) ; 37- жаттығу 47- бет.

Жаңа сабақ: Баяндауыш.

Баяндауыштардың жасалуы:

  • Сөз табының бәрі де баяндауыш бола алады. Көбіне баяндауыш болатын сөз табы - етістіктер. Мысалы: Амантайдың жүрегі аттай тулады.(С.Мұқанов.)

  • Қазақ тілінде есім сөздердің (зат есім,сын есім, сан есім, есімдіктердің) қайсысы болса да баяндауыш қызметінде жұмсала береді.

  • Зат есімдерден болған баяндауыштар: Түнергенде түнмін, күлгенде күнмін. Сөзім- шекер, тілім-бал, лебізімнен алған нәр. (Ғ.Мұстафин.)

  • Сын есімдерден болған баяндауыштар:

  • Ауа-райы жақсы. Қар қалың.

  • Сан есімдерден болған баяндауыштар: Мен он бестемін. Білгенің -бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз.(Мақал.)

  • Есімдіктерден болған баяндауыштар:Басқаға үлгі болатын бізбіз. Жидебайдағы қыстаудың ең үлкен бөлмесі- осы.(М.Әуезов.)

Дара баяндауыш

Күрделі баяндауыш


Жаттығу жұмыстары:

39- жаттығу.Жаттығудан дара және күрделі баяндауыштарды тауып, жасалу жолын түсіндіру. Қандай сөз табынан екекнін ажырату. Қарамен жазылған сөздерді мғынасына, сөз құамына талдау.

Мысалы. Аударуға- аудар- түбір, у- тұйық етістік жұрнағы, ға -Барыс септігі.

Тапсырма.

Мына сұрақтарға жауап беру:

Жерден ауыр не? Судан терең не? Оттан ыстық не? Көктен биік не?

Қорытынды:

1.Баяндауыш дегеніміз не?

2. Баяндауыш қай сөз табынан жасалады?

3. Баяндауыш құрамына қарай нешеге бөлінеді?

4.Дара және күрделі баяндауыштарға мысал келтіріңдер?

Баяндауыш

Үйге тапсырма: 1. Ереже жаттау

2. 38-жаттығу 50-бет

© 2010-2022