Конспект по начальным классам ЗАТ ЕСІМ

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Қысқа мерзімдік жоспар :

Сабақтың тақырыбы: Зат есім.

Сабақтың мақсаты: зат есім туралы білімдерін кеңейту.

Сабақтың нәтижесі: Зат есім туралы біледі, сөйлем ішінен таба алады.Топпен жұмыс жасай біледі.

Сабақтың түйінді идеялары: Сын тұрғысынан ойлау қабілеті дамиды. Оқушылардың берілген тапсырманы өздігінен орындауга қабілетін шыңдайды. Сөздерге сұрақ қоя біледі.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: «Шаттық шеңбері» , «Маршрут картасы», « Миға шабул», сематикалық картамен жұмыс, топпен жұмыс.

Сыныбы: 3 «Г» Пәні: қазақ тілі Мерзімі: 15.02.16 ж

Уақы-ты

Сабақтың кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушы іс- әрекеті

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Қолданылатын ресурстар

2 мин

Ұйымдас-

тыру

1.«Шаттық шеңбері» орындату арқылы жағымды ақуал туғызу.

Әрқашанда біргеміз,

Жабырқауды білмейміз,

Жалқаулықты сүймейміз.

Біз - талапты жас ұлан,

Үлгі аламыз жақсыдан.

2.Топқа болу: Сөз таптары арқылы бөлу

1.Өлеңді хормен оқиды

2.Сөз таптарын таңдайды.

Жарай-

сыңдар

Шапалақ соғу

1.Өлең жазылған қағаз

Конверт

10 мин

Танысты-

рылым

  1. «Маршрут картасы»

арқылы үй тапсырмасын сұрау

2.Үйде орындаған жаттығуды оқыту.

3. Дәптерлерін үлестіру. Бүгінгі күн мен көркем жазу жаздыру: Л л Лаура, алау, қалам, жайлау.

1.Картаға сұрақ салады, өзгелер оған жазбаша жауап береді.

2. Жаттығуды оқиды

3.Дәптерге жазады

Смайлик-тер арқылы бағалау

Маршрут картасы, смайлик-

тер, бор , тақта.

25 мин

Негізгі бөлім

  1. «Миға шабул»

Жаңылтпашты оқытып, жекеше және көпше зат есімдерді таптыру.

Ара, ара, аралар,

Орманның бойын аралар.

Гүлдерден сорып бал алар,

Бал, тәтті ғой, балалар!

2.Суретпен жұмыс.

Суреттен жалпы және жалқы есімдерді табады.

  1. Сематикалық картамен жұмыс.

Жалқы есім

Жалпы есім

Көпше түрдегі зат есім

Жекеше түрдегі зат есім

3.Тақтамен жұмыс.

15 - жаттығу. Көптік жалғаудың тиістісін қойып жаз.

Ауданда суретші(-тер, -дер,-лер) жарысы өтті. Бала(-лер, -дар, -лар) сурет салуды жақсы үйренген. Жеңімпаз(-дар, -дер, -тар)ға сыйлық(-тар,-дар,-тер) тапсырылды.

Жаңылтпашты оқиды, жекеше және көпше зат есімдерді табады

Суреттен жалпы және жалқы есімдерді айтады.

Әр топ өз тапсырмаларын орындайды, қорғайды.

Жаттығуды орындайды.

Смайлик-тер беру.

Смайликтер беру

Өзара бағалау

Смайлик

тер беру

Оқулық, смайлик-

тер.Стикер-лер, А4 қағазы, сурет

Тақта, бор, дәптер.

2 мин

Сергіту сәтті

Бейне жазбадағы қимылдарды орындату.

Қимылдарды қайталайды

Шапалақ соғады

Бейне жазба

4 мин

Пысық-

тау

18-жаттығуды топпен орындату. Берілген сөздерге сұрақтар қояды, кімдер? нелер? сұрақтарына жауап беретін сөздерге өздгертіп жаздырту.

Әр топ өз тапсырмасын орындайды, қорғайды.

Өзара бағалау

А4 қағазы, маркерлер,

2 мин

Қорытын-ды

1.Сабақтан алған әсері.Кері байланыс: «Бас бармақ» әдісін орындату

2.Үйге тапсырма: 16 - жаттығу

Жиын-

тық баға

Бас бармақ







Зат есім

Етістік

Сын есім

Сан есім

© 2010-2022