Сауат ашу. 1-сынып. Ё дыбысы мен әрпі

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың атауы

Ё дыбысы мен әрпі

Жалпы мақсаты

Ё дыбысы мен әрпін таныстыру. Ё дыбысының дауысты және оның й+о дыбыстарын беретінін, екі дыбыс естілгенімен орнына ё әрпі жазылатынын түсіндіру. Сауатты оқуға, жазуға дағдыландыру. Әр маман иелерін құрметтеп, еңбектерін түсінуге баулу.

Оқыту нәтижесі

Ё дыбысы мен әрпін таниды. Ё дыбысының дауысты және оның й+о дыбыстарын беретінін түсінеді. Орыс тілінен енген ё, я, ю дыбыстары келетін сөздерге дыбыстық талдауды дұрыс жасауды үйренеді. Мамандық пен оның жетістіктері мен қиындықтары туралы ұғым алады.

Негізгі идеялары

Тақырыпты жан-жақты қарастыру. Жұппен, топпен жұмыс жүргізу арқылы оқушылар арасындағы диалогті арттыру. Өз ойын нақты, ерікті түрде жеткізе білуге үйретіп, сауаттылықтарын арттыру.

Тапсырмалар

Мұғалім тарапынан берілетін тапсырмалар

Оқушыдан күтілетін іс-әрекет, нәтиже

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды ұйымдастыру. Топтарға бөлу(3 топ).

Әр топ өз ұранымен таныстырады

(1 шумақ).

І топ.Тәуелсіздік төрінде,

Егемендік елімде.

Білімді, білгір болар деп

Әр ұстаз бізге сенуде.

ІІ топ. Ұйымшылдық ұстаным,

Ұялатар ұстазым.

Топ болып жұмыс істеу

Жеткізер шыңға ұққаным.

ІІІ топ. Әр топтың биік тұғыры,

Еңбекшіл болған ұжымы

Бірлік бар да, тірлік бар деген

Ұлылардың ұлығы!

Үй тапсырмасы

1. Мәтінді оқиды.

2. Футбол туралы әңгіме құрастыру.

3. 3 топқа қиылған сөздер беріледі, сол сөздерден сөйлемдерді құрайды.

Әр топ өз ішінен 1 оқушыны таңдап, мәтінді оқиды, 2 оқушыға ең жақсы деп таңдалған әңгімені оқытады. Топпен сөйлем құрайды.

Бағалау критерийі

1. Мәтінді мәнерлеп оқу.

2. Мәтінді сауатты оқу.

3. Сұрақтарға толық жауап беру.

4. Дыбыстық талдау.

5. Топтық жұмыс.

Әр топ мүшесі сабақта қалай бағаланатынын түсінеді. Әр критерий бойынша жұлдызша жинайды.

І. Қызығушылы- ғын ояту.

Шахта мен шахтёрлар туралы видео ролик көрсетіледі.

ІІ. Мағынаны тану.

Ё әрпімен таныстыру. Сөз арасында келетін орнын анықтау.

Й+о дыбыстары естілгенімен ё әрпі жазылатынын түсіндіру.

1. Сөздерді оқиды.

2. Оқулықпен жұмыс. Мәтінді оқиды.

3. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.

4. Әріптің жазылуымен таныстыру. Электрондық оқулық көмегімен әріпті ауада жазады.

5. Әріптерді жазады.

Ё әрпімен танысады. Сөз арасында келетін орнын анықтайды, й+о дыбыстары естілгенімен ё әрпі жазылатынын түсінінеді.

Ё әрпі келетін сөздерге мысал келтіреді.

Берілген сөздерді топпен оқиды.

Мәтінді тізбектей топпен оқиды.

Сұрақтарға жауап береді.

Әріппен танысады.

Әріпті әдемі, көлбеу, дұрыс жазуды үйренеді, жазады.

Сергіту сәтін өткізу

ІІІ. Ой-толғаныс.

Үш топқа арнайы сөздер мен суреттер беріледі. Олар сол сөздерге толық дыбыстық талдау жасайды.

1-топ: шахтёр

2-топ: қоян

3-топ: аюлар

Кері байланыс жасау

Өтілген сабақтың нәтижесі туралы сұрақтар қойылады.

Оқушылар қойылған сұрақтар бойынша өз ойларымен бөліседі.

Оқушыларды бағалау

Оқушыларды бағалау, мадақтау.

Критерий бойынша жиналған жұлдыздардың көмегімен жақсы жұмыс істеген топтарды анықтау.

Сабақтан алған көңіл-күйлерін смайлик арқылы көрсету сұралады.

Үйге тапсырма беру

112-беттегі мәтінді оқу, өлеңді жаттау



Сабақтан қысқаша көрініс

Сауат ашу. 1-сынып. Ё дыбысы мен әрпіСауат ашу. 1-сынып. Ё дыбысы мен әрпі Сауат ашу. 1-сынып. Ё дыбысы мен әрпі

Сауат ашу. 1-сынып. Ё дыбысы мен әрпі Сауат ашу. 1-сынып. Ё дыбысы мен әрпі Сауат ашу. 1-сынып. Ё дыбысы мен әрпі

© 2010-2022