Жарыс сабақ «Білімді достар»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Жарыс сабақ «Білімді достар»

Жұлдыз ауылы

А.Хұсайынов атындағы орта жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Гумарова Айымжан Сүйеуғалиқызының

іс-тәжірибесінен
Тақырыбы: «Білімді достар»

Мақсаты:

А) білімділік: оқушылардың білім-білік дағдыларын бақылау, топта бірлесіп жұмыс істеуге, басқалардың жұмысын бағалауға үйрету;

Ә) дамытушылық: оқушылардың тіл байлық, сөздік қорларын молайту, шығармашылық қабілетін жүйелеу, ойлау қабілеттерін дамыту;

Б) тәрбиелілік: оқушыларды ана тілін сүйетін, болашаққа үлес қоса білетін білімді, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу.

Түрі: интеллектуалды дамытпа, сайыс сабақ.

Әдісі: өтілген материалдарды қайталау, сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар, ізденушілік.

Көрнекілігі: жосапры, нақыл сөздер.

Сабақтың барысы:

Ойынға қатысушылар төрт-төрттен үш топқа бөлінеді.Ойын 6 айналымнан тұрады.

1-айналым: «Бәйге»

2-айналым: «Сен білесің бе?»

3-айналым: «Ұшқыр ой»

4- айналым: «Іздеген жетер мұратқа»

5-айналым: «Сөзжұмбақ сыры»

6-айналым: «Жорға»

Қазылар орнықтырар әділдікті,

Кімдердің жауаптары кәміл мықты.

Білім мен тапқырлықтың сайысында,

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.

  • Енді ойынымыз интеллектуалдық жарыс түрінде өтетін болғандықтан әділ қазыларды сайлап алайық.

Әрқашанда білім көптік етпеген,

Талапсыз жан мұратына жетпеген.

Сәлем бердік ұландарға талапкер

Дос көңілден адал, аппақ ниетпен.

  • Алғашы айналымымызды бастаймыз.

1-айналым: «Бәйге»

Әр оқушыға сұрақтан беріледі. Ол үшін тақтада тұрған ұяшықты таңдайды. Сол ұяшықтар бойынша сұрақтар қойылады.

1-ұяшық сұрақтары:1. Сөйлем түрлерін ата. (хабарлы, сұраулы, лепті)

2. 1 тәулікте неше сағат бар? (24сағат)

3. Мектептегі ең жоғарғы баға? (бестік)

4. Үш биді ата? (Қазыбек би, Төле би, Әйтеке би)

2-ұяшық сұрақтары: 1. «Кел, балалар, оқылық!» кімнің өлеңі? (Ы.Алтынсарин)

2. Күзде жапырақ қайтеді? (сарғаяды)

3. Көше қиылыстарында жолды не көрсетеді? (бағдаршам)

4. Екіні өзіне неше рет қосқанда 10 шығады? (5 рет)

3-ұяшық сұрақтары: 1. Мәтіннің неше түрі бар? (әңгімелеу, сипаттау, пайымдау)

2. 1 сағатта қанша минут бар? (60 минут)

3. Ең үлкен бір таңбалы сан? (9)

4. Абай Құнанбаевтың шын аты? (Ибраһим)

4- ұяшық сұрақтары: 1. Көктемде шығатын алғашқы гүл? (бәйшешек)

2. Ең үлкен екі таңбалы сан? (99)

3. Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? (жуан, жіңішке)

4. Ұя салмайтын құс? (көкек)

5-ұяшық сұрақтары: 1. «Орман емшісі» қай құс? (тоқылдақ)

2. Алматыдағы мұз айдын? (Медеу)

3. Күйді орындаушы адам? (Күйші)

4. Жылдан құр қалған жауар? (Түйе)

6- ұяшық сұрақтары: 1. Бейбітшілік құсы? (көгершін)

2. Жанғыш пйдалы қазба? (көмір)

3. Абайдың әжесі? (Зере)

4. ҚР мемлекеттік тілі? (Қазақ тілі)

Оқушылардың ұпайлары есептеледі.

2-айналым: «Сен білесің бе?»

-Ақындар, батырлар, жазушылардың суреттері көрсетіледі. Сендер соның атын өз іштеріңізден ойланып, қағазға жазасыздар, айтпайсыздар.

1-сурет. Бес асыл іс пен бес дұшпанды кім айтқан? (А.Құнанбаев)

2-сурет. Желтоқсанда ауыр соққыдан қаза болған апамыз? (Ләззат)

3-сурет. «Тоқымқағар» өлеңінің авторы. (Қадыр Мырза Әли)

4-сурет.Кеңес Одағының батыры, Халық Қаһарманы. (Б.Момышұлы)

5-сурет. Атақты күйші. Оның «Сарыарқа», «Балбырауын» күйлері бар. (Құрманғазы)

6-сурет. Қазақ халқының еңбек сіңірген әншісі. (Р.Рымбаева)

7-сурет. Торғайда тұңғыш мектеп ашқан ағартушы ұстаз. (Ы.Алтынсарин)

8-сурет. 75 жасында Алматыға тұңғыш келіп, құдіретті өнерімен бүкіл республикаға жарқ етті. «Бұлбұл» күйін орындаушы күйші. (Дина)

9-сурет. «Үш бақытым» өлеңінің авторы. (М.Мақатаев)

10-сурет. Ұлы Отан соғысына қатысқан батыр апамыз, оның соғыстағы қаруы пулемет болған. (М.Мәметова)

Оқушылардың ұпайлары есептеледі.

3-айналым: «Ұшқыр ой»

Әріптер берілген оқушылар әріптер таңдайды, сұрақтың жауабы сол әріптен басталады.

А- Желтоқсан оқиғасы қай қалада болды? (Алматы)

Ә - Үй құсы? (Әтеш)

Б - Суда өмір сүретін тіршілік иесі? (Балық)

Г- Машина тұрағы? (Гараж)

Ғ - Тоқтар Әубәкіров кім? (Ғарышкер)

Д - Бізді ауырғанда емдейтін кім? (Дәрігер)

Ж - Айдалада ақ отау, аузы мұрны жоқ отау. (Жұмыртқа)

И - Жеті қазынаның бірі? (Ит)

К - Көру мүшесі? (көз)

Қ - Мемлекеттік тіл? (Қазақ тілі)

Л - Қышқыл жеміс? (Лимон)

М - Пән атауы? (математика)

Н - Қасиетті тағам? (Нан)

П - Ең алып жануар? (піл)

Р - Гүлдің аты? (Раушан)

У - Уақыт өлшем бірлігі? (Сағат)

Т - Төрт түліктің бірі? (Түйе)

Ұ - Құстың үйі? (Ұя)

Ү - Үй құсы? (Үйрек)

Ы - Кесе, қасық бұл не? (Ыдыс)

І - Киім ілетін зат? (Ілгіш)

О - Батыс Қазақстан облысының орталығы қай қала? (Орал)

Ш - Әнұран авторы кім? (Шәмші Қалдаяқов)

Х - Сөйлем соңында нүкте қойылатын қандай сөйлем? (Хабарлы)

Оқушылардың ұпайлары есептеледі.

4- айналым: «Іздеген жетер мұратқа»

Ана тілі, қазақ тілі, математика, дүниетану пәндері бойынша сұрақтар қойлады. Оқушылар өздері ұяшық таңдайды.

Ана тілі.10-Сұраққа жауап бер: «Тезек іздеп жүріп неге тап болды?» Қай мәтіннен алынған? (көмір «Екібастұз» мәтіні)

20 - «Құймақұлақ» сөзінің мағынасы не? (жақсы сөзді тыңдап, ұғып үйренген бал)

30 - Ш.Уәлиханов Туралы қай мәтінде айтылады? («Оқуға құмарлық», Сапарғали Бегалин)

40- «... Анамның тура жиырма алты қолы бар, құрметті ұстазым» Бұл үзінді қай шығармадан алынған? («Анамның қолдары» Рыза Акдемір)

Қазақ тілі. 10- Сөйлем неден құралады? (Сөзден)

20 - Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді? (қатаң, ұяң, үнді)

30 - Жоғары-төмен, биік-аласа сөздері қандай сөздер? (Қарама-қарсы мағыналы сөздер)

40 - Тек адамға қойылатын сұрақ? (Кім?)

Математика. 10 - 1 ғасырда неше жыл бар? (100 жыл)

20 - Аулада 4 тауық және олардан 3-еуі артық үйрек жүр. Ауладағы үйректердің саны неше? (7 үйрек)

30 - Екі жағы тұйықталған түзу сызықты қалай атаймыз? (кесінді)

40 - Фигураның периметрі қандай амалмен табылады? (Барлық қабырғаларының өлшемін қосамыз)

Дүниетану. 10- Алматы қай таудың етегінде орналасқан? (Алатау)

20 - Адам немен тыныс алады? (ауамен)

30 - Әр адамның шағын отаны? (отбасы)

40 - Өсімдіктің жер асты мүшесі? (тамыр)

Оқушылардың ұпайлары есептеледі.

5-айналым: «Сөзжұмбақ сыры»

1-топқа: «Тәуелсіз»

  1. Жылдан құр қалған жануар? (түйе)

  2. Сенің атаң әкеңе кім болады? (әке)

  3. Қазақтың жаңа жылы? (наурыз)

  4. Мектептегі ең жаман баға? (екі)

  5. Адамдар не арқылы хабар береді, сұрайды, сөйлеседі? (тіл)

  6. Аптаның бірінші күні? (дүйсенбі)

  7. Мектеп бізге не береді? (білім)

  8. Қойдың төлі? (қозы)

2-топқа: «Егеменді»

1.Құстар жылы жақтан қай уақытта ұшып келеді? (көктем)

2. Бейбітшілік құсы? (көгершін)

3. Аптаның алтыншы күні? (сенбі)

4. Сөз мәйегі? (мақал)

5. Үш бидің бірі? (Төле)

6. Ұлттық мереке? (наурыз)

7. Н.Ә.Назарбаев кім? (президент)

8. Ең кіші бір таңбалы сан? (бір)

3-топқа: «Мемлекет»

  1. 8-наурыз, 16-желтоқсан қандай күндер? (мейрам)

  2. Төрт түліктің бірі? (ешкі)

  3. Иіс сезу мүшесі? (мұрын)

  4. Бағалы, құнды қазба байлығы? (алтын)

  5. Қиял-ғажайып не? (ертегі)

  6. Ұясы жоқ құс? (көкек)

  7. Пырақты ат, бидай масағы бейнеленген рәміз? (Елтаңба)

  8. Жеті күн? (Апта)

Оқушылардың ұпайлары есептеледі.

6-айналым: «Жорға»

Үш топқа қатар жедел 15 сұрақ қойылады. Әр сұраққа ұпай есептеледі.

  1. Күйді орындаушы адам? (күйші)

  2. Күндіз көрмейтін құс? (Жапалақ)

  3. Биыл қандай жыл? (Жылқы)

  4. 9 мамыр қандай мереке? (Жеңіс күні)

  5. Мемлекеттік тудың ортасында не бейнеленген? (күн, қалықтаған қыран)

  6. Қазақтың ұлттық аспабы? (Домбыра)

  7. Біз қай облыста тұрамыз? (БҚО)

  8. Білім күні? (1 қыркүйек)

  9. Сабақ арасында болатын бос уақыт? (Үзіліс)

  10. Әліппедегі ең бірінші тұрған әріп? (А)

  11. Түнде аспанда не көрінеді? (Жұлдыз)

  12. Дәптерге немен жазамыз? (Қаламмен)

  13. Қыста не жауады? (Қар)


  1. Азайту амалының компаненттерін ата? (азайғыш, азайтқыш, айырманың мәні)

  2. Тиіннің азық қоры не? (жаңғақ)

Қорытынды бөлім.

Әділқазылар шешімдерін айтады. Жеңген топты марапаттау.



© 2010-2022