Конспекты Тәрбие сағаты по тему Әліппемен қоштасу

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әліппеменқоштасу.
Мұғалімніңсөзі: Құрметтіұстаздар, оқушылар, ата - аналар! Тойымызғақошкелдіңіздер! Кеше ғанамектепесігінашқанбүлдіршіндеріңіздіңқадамдарыңыздыңсәттілігінтілейотырып, алғашқыайлардағыөнерлерінтамашалауғашақырамыз. балаларыңыздың осы қарашаңыраққааттағанқадамдарықұттыболсын. Тойларыңызтойғаұлассын.

1 «Г» сынып оқушыларын қошеметпен ортаға шақырайық.

Қош келдіңіздер,балдырғандар

Қадамдарыңыз құтты болсын

Мектеп мынау, есік ашып Тек әдебің мықты болсын Қайсы күйші, кім биші Талабыңа қарайық. Кімдер зерек, кім тапқыр, Таланттарын табайык.

ҚР. Мемлекеттік әнұраны:

- Бүгінгі тойымыз ерекше болады.

- Себебі біз ертегілер әлеміне саяхатқа шығамыз. - Көздерімізді жұмып, көз алдымызға ертегілерді елестетейік.
- Қандай ертегілерді естеріңе түсірдіңдер? - Айтып беріңдерші?
Көрініс: «Бауырсақ ертегісі»

- Кәне бұл ертегіні бізге кім айтып береді.
- Ертеде шал мен кемпір болыпты. Шал кемпірге: Кемпір, менің қарным ашты, бауырсақ пісірші! - депті. Кемпірі үйде ұн жоқ дейді. Қаптың түбін қырып ал!- дейді шал.
Кемпір бауырсақ пісіріп, шалға алып келеді. Шал: терезені ашып қоя тұр, ыстық екен, суысын дейді. Терезені ашып, бауырсақты суытып қояды. Бауырсақ домалап жерге түсіп, қашып кетеді.

Атамнан да құтылдым, Апамнан да құтылдым, - деп әндетіп келе жатып, балаларға кездеседі. - Ой мына жерде той болып жатыр екен ғой? - Бұл не той? - деп сұрайды.

Балалар: Әліппемен қоштасу тойы - деп жауап береді.

Хор «Әліппем» әні

-Сол кезде алдынан Қоян шығады. Бауырсақ, Бауырсақ - мен сені жеймін дейді. - Бауырсақ балалардың артына тығыла қашып;Балалар көмектесіңдерші! - деп көмек сұрайды. -Балалар, әрине көмектесеміз дейді.

Бауырсақ: Жемеші, жемеші, біз сізге тақпақ айтып, ән де шырқап береміз, - дейді.

1 - оқушы: Көз салып қараңызшы бойымызға.

Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.

Хош келіпсіз ұстаздар, ата - аналар!

Әліппемен қоштасу тойымызға.

2 - оқушы: Өтті оқу сан сабақ,

Бүгінгі үлкен салтанат.

Оқулықпен достассаң,

Әліппемен қоштассаң,

Өстібілім бойымыз,

Хор: Құтты болсын тойымыз!

3 - оқушы: Армысыздар, аналар!

Бармысыздар, балалар!

Сөзіме құлақ салыңдар,

Бір серпіліп қалыңыз.

Әліппеге арналмақ,

Бүгінгі жыр әніміз!

4 - оқушы: Өсті міне бойларың,

Өсті ақыл - ойларың.

Қуанышқа ортақпын

Құтты болсын тойларың.

Би: Қыздардың орындауында «Балдаурен» биі.

Қоян:Балалар, сендер өте өнерлі екенсіңдер, мен бауырсақты жемеймін!!! (кетіп қалады )

Жүргізуші: Балалар, мне сендерге жұмбақ жасырамын шешуін табайық.

Іші толған әріпке

Білімдіге жарық не? (Әліппе)

-Олай болса барлығымыз Әліппені шақырайық.(Осы кезде Әліппеортаға келеді)

Әліппе:

Армысыздар, жас достар! Келешегі қазақтың,Армысыздар, ата - аналар! Басталады сендерден.Болашаққа жол ашар, Жақсы білім көрімдік, Әліппе келді ортаға.Болсын сізге халайық. Білім деген ғалымның, Не үйрендік, не білдік, Әліппесін меңгерген. Қане, ортаға салайық!

-Мен әуелі әріптерімді түгендеп алайын. Дауыстылар қайдасындар?

Дауысты дыбыс формасындағы балалар: -Біз мұндамыз.

«Әліппе»: Дауыссыздар қайдасыңдар?

Дауыссыз дыбыс формасындағы балалар: -Біз де мұндамыз.

«Әліппе»: Жіңішкелік белгісі мен айыру белгісі жоқ қой?

Балалар:- Олар ойнап жүр.

«Әліппе»: -Олар тойға қатыспай неге ойнап жүр?

5-оқушы: Біз барлық сөзде жазыла бермейміз деп өкпелеп жүр.

«Әліппе»: - Біреуің барып шақырып келе қойыңдар.

Бір бала барып, екеуін қолынан жетектеп келеді, жіңішкелік белгісі мен айыру белгісі формасындағы балалар өкпелегендей, тартыншақтап кіреді.

«Әліппе» (оларға қарап): -Балалар мені оқып бітірдіңдер. Менен не үйрендіңдер?

Барлығы:Дыбысты танытып, буыннан сөз құрауды, сөзден сөйлем құрауды, ана тілімізде дұрыс сөйлеуді үйреттіңіз!

Әліппе:Олай болса, мен сендерге жасыратын жұмбақтарым бар. Қане, осыны шешіп көрейік.

Қабат - қабат қаптама, Ақылың болса аттама. (КІТАП)

Үйреткен ілімді, Қырық екі білімді. (Әліпби)

Болған сайын тереңге, Шығасың биік белеске. (Білім)

Алты қырлы түсі бар, Суретпенен ісі бар. (Қарандаш)

ОЙЫН: «Аялы алақан» - өз анасын табу.

Бауырсақ әндетіп жүреді, алдынан Қасқыр шығады.

Қасқыр:Бауырсақ, Бауырсақ, мен сені жеймін дейді. Бауырсақ балалар- дың артына тығыла қашып: Балалар, көмектесіндерші! - деп көмек сұрайды. -Балалар, әрине көмектесеміз дейді.

Бауырсақ: Жемеші, жемеші, біз саған мақал - мәтел жалғастырып, ән айтып береміз - дейді.

1.Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ. 2.Оқу - білім бұлағы,Білім өмір шырағы.3. Қына тасқа бітеді, Білім басқа бітеді. 4. Ақыл тозбайтын тон, Білім таусылмайтын кен.

БИ:Ұлдардың орындауында «Джентлмен» биі

6 -оқушы: Ең алғаш алғанымда әліппені, Қызығып қарай бердім әріптерді. Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді? Ұстазым оның кілтін алып берді.

7 - оқушы: Білім алып мектепте, Талай пәнді оқимыз. Мұғалімнің айтқанын Зердемізге тоқимыз.

8 - оқушы: Бүкіл қазақ баласы дәріптеген, Қоштаспақпыз сүйікті әліппемен. Ризамыз бәрімізді таныстырған, Сөз бен дыбыс әр түрлі әріптермен.

9 - оқушы: Әліппем, менің Әліппем, Сені қолға алып мен Есігін аштым мектептің Ертеңгі сәуле жарықпен.

10 - оқушы: Әліппе деген алтын жол Апарар сені алысқа Оқы, үйрен, жалықпа, Тырмысып бақ намысқа.

11 - оқушы: Әліппемен қош айтысып қаламыз. Енді қолға «Ана тілін» аламыз. Ата - ана қуанышқа ортақ бол, Сауатты боп шықты міне балаңыз.

Қасқыр:Балалар, сендер өте өнерлі екенсіңдер, мен бауырсақты жемеймін!!! (кетіп қалады)

Әліппе: Дұрыс, балалар, сендер мені оқып бітірдіңдер, әріптерді жақсы меңгердіңдер.Енді сендерге ары қарай білім беретін мына Ана тілі болды. Ендеше, балалар, барлығымыз ана тілін ортаға шақырайық.Ана тілі: Сәлеметсіздер ме, балалар. Ақылы мен танымын. Сәлем, достар, аман ба? Таныстырар бәріне Аман болған әманда, Ана тілі пәнімін. Ана тілін ардақтар, Ана тілі ұраным, Ата - бабам, анам да,Ана тілім - құралым. Туған елдің тілімін,Ана тілім болмаса,

Мықты болмас тұрағым.

Бауырсақ әндетіп жүреді, алдынан Аю шығады.

Аю:Бауырсақ,Бауырсақ, мен сені жеймін, - дейді.Бауырсақ балалар-дың артына тығыла қашып: Балалар, көмектесіңдерші! - деп көмек сұрайды. Балалар, әрине көмектесеміз дейді.

Бауырсақ : Жемеші, жемеші, біз саған есептер шығарып, «санамақ» айтып береміз - дейді.Ал, ойланыңдар: Ойда жүр бес ешкі,Қырда жүр бес ешкі, Болады сонда неше ешкі.

Хормен: Болады сонда он ешкі.

Математика: «Санамақ айту» Бір дегенім - бесік, Алты деген - ақыл, Шықтың содан өсіп. Тыңдағаның мақұл.

Екі дегенім - елім, Жеті деген - жалау, Далам, тауым, көгім. Жүректегі алау.

Үш дегенім - үміт, Сегіз деген - сөзің, Үміт артар жігіт. Серт беретін кезің.

Төрт дегенім - төзім, Тоғыз деген - тоқтау. Төзе білем өзім. Елдің жоғын жоқтау.

Бес дегенім - бақыт, Он деген - Отан, Бағалайтын уақыт. Қорға соны ботам.

Би: Қыздар мен ұлдардың орындауында би.

Аю:Балалар, сендер өте өнерлі екенсіңдер, мен бауырсақты жемеймін!!! (кетіп қалады)

ОЙЫН:

Бауырсақ әндетіп жүреді, алдынан Түлкі шығады.

Түлкі:Бауырсақ,Бауырсақ, мен сені жеймін, - дейді.Бауырсақ балалар -дың артына тығыла қашып: Балалар, көмектесіңдерші! - деп көмек сұрайды. -Балалар, әрине көмектесеміз дейді.

Түлкі: Өте жақсы, ендеше әріптер айтысын көрелік!!!

Әріптер тізіліп тұрады.

1-Оқушы:Алфавитті жаттадықОнда жүйе, қалып бар,Біздің қазақ тілінде42 әріп бар.

2 - оқушы:Сан әріпті үйрендік, Бүгін бізге сеніңдер. Әріптер әлеміне, Саяхаттап көріңдер. Әріптердің атаманы қай әріп?

3 - оқушы:Ж дегенің Жазира Жазира деген мен болам. Жақсы оқысам сабақты Одан шара жоқ шара.

4 - оқушы:Әсел деген мен болам, Көңілге мені түйесіз. Ә әрпі де атымда Оқып - біліп жүресіз

5- оқушы:Дөңгеленген доп келеді, Оны теуіп Дарын келеді. Мәз боламыз шаттана Ойым мүлде басқада.

6- оқушы:

Енді біз жаза аламыз, Әріпті қосып әріпке, Риза боп саған жүреміз, Сүйікті біздіңӘліппе

7- оқушы: ОТАН

Оспан да өлең жаттады, Олжас та өлең жаттады. Мына менен басталған Екеуінің аттары.

8- оқушы:Торғай, торғай торғайсың, Таяу келіп қонғайсың. Жем шашайын тойып ал, Сонда аязға тоңбайсың.

9- оқушы:Астана Астанам, Астана - бас қалам. Ардақтап атыңды, Аузыңнан тастама.

10- оқушы:Ас біткеннің атасы Қасиетті нан осы. Қайсы әріптен басталып Аяқталғанын қарашы.

11- оқушы:Енді біз жаза аламыз, Әріпті қосып әріпке, Риза боп саған жүреміз, Сүйікті біздіңӘліппе.

1 «Г» сыныбының орындауында «Менің отаным» әні

Түлкі: Балалар, мен сендерден достықты, бірлікті үйрендім!!!Ендеше мен Бауырсақты жемеймін, Бауырсақпен дос болып ертегілер әлеміне қайта оралайық!!! (Бауырсақпен қолұстасып кетіп қалады)

Әліппе: Балалар, мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарына сенемін.Ал, енді мен сендермен қоштасамын. Қош болыңдар, балалар! Сабақты жақсы оқыңдар!

ХОРМЕН:

«5» болсын алар бағамыз, Біліммен бақыт табамыз, Өнер - білім көп тоқып, Өсе берсін санамыз!

Хормен: Қош бол, қош бол, құтты Әліппе!

Ана тілі:Балалар,Енді бұрынғыданда да көп оқитын боласыңдар.Мен өте қызықты оқулықпын. Ынта қойып оқысаңдар көп нәрсе үйренесіңдер.

Оқушылар: Оқимыз, «Ана тілін» оқимыз!

Мұғалім: Оқушылар ана тіліне арнап тақпақ айтып берейік.

12- оқушы:

Ана тілің - біліп қой, Бостандығың теңдігің. Ана -тілің біліп қой, Мақтанышым елдігім.

13 -оқушы:

Ана тілің - арың бұл, Ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте.

14-оқушы:

Жарқын жүзді жан анам, Сендей болсын бар адам. Сендей болса бар адам, Шаттық кетпес баладан.

Мұғалім: Сендердің «Әліппені»жақсы меңгеріп, сауатты оқуларыңа ата -аналарың, әжелеріңнің де қосқан үлесі мол. Қане, бәріміз рахмет айтайық.

Оқушылар:Бақытты балалық шағымыз үшін рахмен, сіздерге, ата - аналар!

Мұғалім: Әліппемен қош айтысып қаламыз, Енді қолға ана тілін аламыз. Ата - ана қуанышқа ортақ бол, Сауатты боп шықты міне балаңыз!-деп бүгінгі 1 «Г» сынып оқушыларының «Қош бол құтты әліппем» атты ертеңгіліміз аяқталды.

Құттықтау үшін сөз:

ДТЖО:

Ата-аналар кеңесі:



© 2010-2022