Математика «Тік бұрыш, сүйір бұрыш және доғал бұрыш»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Математика «Тік бұрыш, сүйір бұрыш және доғал бұрыш»Тақырыбы: Тік бұрыш, сүйір бұрыш және доғал бұрыш. Мақсаты: Тік бұрыш, сүйір бұрыш және доғал бұрыш жайлы түсінік беру. Ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Тапқырлыққа, алғырлыққа тәрбиелеу. Көрнекілігі: оқулық, үлестірмелер, геометриялық фигуралар.интербелсенді тақта Әдісі:Түрі түсіндіру, сұрақ-жауап, іздену, өзіндік. Түрі: Баяндама сабақ Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:Сабаққа әзірлік.

1.Баяндама: Хор: Отан деген - атамекен,

Отан деген- туған жер,

Отан - тарих, отан- тіл

Қазақстан туған ел!

2.Баяндама Әр адамның өз Отаны бар. Біздің Отанымыз-Қазақстан. Қазақстан тәуелсіз мемелекет. Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізу үшін сан ғасырларды бастан өткізді Қазір еліміз тәуелсiз мемлекет ретiңде әлемге танылған. Қазақстанның әрбiр Отансүйгiш азаматының кеудесiне осындай сенiмнiң өшпес оты тұтанған. Менiң туған өлкем - кең байтақ Қазақстан. Оның асқар таулары мен айдын көлдерi, жайқалған орманы мен жасыл жайлауы менiң ақ бесiгiм. Сондықтан да мен оны ардақтаймын. Шексiз сүйемiн. Әрқашан аялап,қорғап жүремiн Ауызша есептеу 14,18,19, сандарының құрамын ауызша сұрауТақтамен жұмыс ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 2 ,102 бет. Көркем жазу 101 Математикалық диктант а)30 бен 20-ның қосындысы Ә)1 онд 6 бірлік Б) 100 бен 30-дың айырмасы ІІІ. Өткенді пысықтау :-Қандай геометриялық фигураларды білеміз? -Шаршы дегеніміз не? -Тік төртбұрыш деген не? ІҮ Мақсат қою кезеңі:Тік бұрыш, сүйір бұрыш және доғал бұрыш. Ү. Жаңа сабақ:№ 1 Геометриялық фигуралармен жұмыс жүргізе отырып, тік бұрыш, сүйір бұрыш, доғал бұрыш жайлы түсінік беру.Сүйір бұрыш тік бұрыштан кіші. Доғал бұрыш тік бұрыштан үлкен екенін түсіндіру. Тік бұрыштар 1,4 Сүйір бұрыштар 2,5,7 Доғал бұрыштар 3,6ә / Геоматриялық фигуралар бойынша жұмыс. 3.БаяндамаҚР Жоғарғы Кеңесі 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанды Тәуелсіз Республика деп жариялады. Бұл күн - ел тарихында Тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріптермен жазылды № 2 Таба нан -25 тенге Тоқаш - ? 5 теңге арзан 25 - 5 = 20 Жауабы: 20 теңге Осы есепті екі амалмен шығарылатындай сұрағын өзгерту 4.Баяндама . 1991 жылдың 1 желтоқсанда Елбасы болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.Бойында қазақтың адами қасиеті тұнып тұрған ұлт намысы үшін басын бәйгеге тіккен жанды біз мақтан тұтамыз.. Себебі Н,Ә. Назарбаев- тарихи тұлға. ҮІСергіту сәті 12ф.ҮІІ Деңгейлік тапсырма: 13 ф.Бұрыштарды сәйкестіру 14 ф. ҮІІІСергіту Көзге жаттығу 15ф. 4.Баяндама 1992 жылы маусымның 4-де Қазақстанның басты нышандары - мемлекеттiк Туын, Елтаңбасын ,Әнұранын бекiттi.Тәуелсiз ел нышандары - халқымыздың бай рухани мұрасы мәдениетiмiз бен өнерiмiздiң мол тәжiрибесiне негiздей жасалынды. № 3 Өрнекті жазып оның мәнін табу. 60 + 0 60 - 0 40 + 0 40 - 0 100 - 60 60 - 60 ІХ. Ойын Аққала құрастыру

5.Баяндама Еліміздің Тәуелсіздігінің арқасында Ата Заңы 1995ж. 30 тамызында Конституциясы қабылданды. Бұл Заңға Қазақстан Республикасының азаматтары жүгінеді. 18ф. Бұрыштарды анықтау фигурадан 5.Баяндама Биыл еліміздің тәуелсіздігене 22 жыл. Тәуелсіз елімізді қоғау, қолдау әр азаматтың парызы. Соның бірі- Астана болашағы. Елордамыз Арқа төсіндегі жаңа ақорда Астанаға келіп орнықты.

№ 5 Бұрыштармен жұмыс Қорытынды: 20ф. «Желбіре мәңгі көк байрақ!» 42+8 70+8 56-6 100-30

ХОР: Өзіңдікі - еліңде

Өзіңдікі- жерің де

Тәуелсіздік төрінде

Жаса Қазақстаным!













12.12.2013ж. 2 «ә» сыныбында математика пәнінен өткен ашық сабаққа сараптама. 2 «ә» сыныбында 12 желтоқсан күні математика пәнінен «Сүйір бұрыш, тік бұрыш, доғал бұрыш» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабаққа барлық оқушылар түгел қатысты. Негізгі мақсат Тік бұрыш, сүйір бұрыш және доғал бұрыш жайлы түсінік беру. Ой-өрістерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Тапқырлыққа, алғырлыққа тәрбиелеу.

Сабақ ҚР тәуелсіздік мерекесімен байланыстырылып өткізілді. Бұл сабақтың түрі баяндама сабақ . Әр тапсырма барысында оқушылар Отан туралы көркем сөздер оқып отырды. Сонымен қатар ауызша есептеулер, жаңа сабақ түсіндіру, математикалық диктант, екі амалмен шығарылатын сөз есеп, өрнек мәнін табу және деңгейлік тапсырмалар орындалып, ойында ойналды. Сабақ барысында оқушылар жақсы қатысып, өз білімдерін көрсете білді. Мұғалім сабаққа қойған мақсатына жетті. Дегенмен де сабақ фигуралармен жұмыс жасау болғандықтан сабақ барысында оқушылармен практикалық жұмыстар болу шарт еді.































«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №11 орта мектебі»ММ









Математика «Тік бұрыш, сүйір бұрыш және доғал бұрыш»

2 «ә» сынып





Тақырыбы: Тік бұрыш, сүйір бұрыш және доғал бұрыш.



Өткізген: Есингожина З.П.

























2013-2014 оқу жылы

© 2010-2022