Ашық сабақ Не тәтті? (1 сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
1 - сынып Ана тілі Сабақ № Мұғалім:
Сабақтың тақырыбы: Не тәтті? Сабақтың мақсаты: Білімділік Сөйлемде жуан және жіңішке айтылатын сөздерді таба білу дағдыларын пысықтау Дамытушылық: Дұрыс дыбыстау, сауатты оқу мен көркем жазу дағдыларын дамыту. Тәрбиелік: Адамгершілікке, білімділікке тәрбиелеу. Еңбекке баулу. Үлкенді сыйлауға тәрбиелеу. Сабақтың типі: Аралас сабақ. Әдіс-тәсілдер: СТО технологиясының тәсілдері, түсіндіру, сұрақ - жауап, көрнекілік көрсету арқылы түсіндіру, жарыс, ойын. Көрнекілік: дыбыстар кестесі, алфавит, суреттер, қимақағаздар, Жоспар: І. Ұйымдастыру кзкеңі ІІ.Үй тапсырмасын тексеру ІІІ.Жаңа сабақ. ІV.Жаңа сабақты бекіту. V.Қорытындылау, бағалау. VI.Үйге тапсырма. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: а) Сәлемдесу,оқушыларды түгендеу ә) Сабаққа әзірлігін тексеру, оқу құралдарын дайындау. Түгендеу
Шаттық шеңбері.
Қайырлы таң, достым, Қайырлы күн болсын, Сәрсенбінің сәті Сәттілікке толсын. Біздің алар бағамыз Кілең бестік болсын.
2 топқа бөлу. Топ басшыларын сайлау.
  1. Қатар: «Ботақан»- Әлихан
  2. Қатар: «Қошақан» -Аманжан.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау. Топ басшылары ұнаған сандарын таңдайды. Қай топқа қандай сан келеді, сол санға сәйкес сұраққа жауап береді. 1, 2, 3, 4, 5, 6.
  • Дыбыс дегеніміз не? Естиміз, айтамыз.
  • Әріп дегеніміз не? Көреміз, жазамыз
  • Дыбыстың неше түрі бар? 2 түрі
  • Дауысты дыбыстардың неше түрі бар? 2 түрі
  • Жуан дауысты дыбыстарды ата? а, о, ұ, ы
  • Жіңішке даусты дыбыстарды ата? ә, ө, ү, е, і
«Әже мен немере» өлеңін жатқа сұрау.
  1. Ана туралы слайд:

  1. Бәрімізге жарық дүниені сыйлаған адам
  2. Ас атасы..
  3. Өзіңнен үлкен ұл бала.

А Н А Н А Н А Ғ А

ІІІ. Жаңа сабақ.
Ақпанның оны
Не тәтті?
Жиренше шешеннің суреті. Аңызда аты қалған Жиренше шешен ел аралап, ақылы мен парасаты жоғары адамдарды іздедің бір көрінісі ретінде аңыз болып қалған әңгіме не тәтті? деп аталады. - Балалар сендердің ойларыңша - ауызша А) Дүниеде не тәтті? Ә) Не қатты? Б) Не жұмсақ? Оқушылардың жауабын тыңдау. Оқулықпен жұмыс Бұл тақырыпты үйден қарап келіңдер деп едім. Ролдерге бөліп мәтінді оқыту. Автор: Шынайым Жиренше шешен: Берекет
  1. Бала: Әлихан
  2. Бала: Аманжан
Сұрақ: Қай баланың жауабы ұнады? Тақтаға жазу. Ендеше, дүниеде не тәтті, не қатты, не жұмсақ деген сауалдарға халық даналығының жауабы мынадай Не тәтті - ананың сүті (ана сүті бала бойына қуат береді, өсіреді) Не қатты - атаның жүрегі (әке шыдамды, отбасы ауырпалығын көтеретін нағыз нар) Не жұмсақ - ананың қолы (адам баласына ананың алақанынан бар жылулық дарылады).
Сергіту сәті: Дәптермен жұмыс. 43 - жаттығу. Оқу. Дәптерге жазу Тақтаға жазу. Ғ.Мүсірепов (суреті) өнері мен шығармалары туралы айту. Сұрақ:
  • Сен анаңды қалай сыйлайсың?
  • Аналарыңа қалай көмектесесіңдер?
  • Сен анаңды ренжітесің бе?
  • Қалай ренжітпеуге болады?
І - топ - Ана туралы өлең айтады Ботақан ІІ - топ - Ата - ана туралы мақал айтады Қошақан
«Адасқан әріптер» ойыны. Шарты: Балалар адасқан әріптерден мағыналы сөз шығуы керек.

Тақтаға жазу.


«Ботақан» тобы

та а, а рп т а,м,а,қсі а



ереже құрғызу.

«Қошақан» тобы

ж, е, ә, і к е с,к і ү
Сабақты бекіту. Тест
Топ басшылары тапсырма алады. Тапсырмалар: Ботақан тобы Аналарың қалай еркелетеді? Не тәтті?
Қошақан тобы. Анаға тілек. Не жұмсақ?
Үйге тапсырма. Бағалау.

© 2010-2022