Алтын күз

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Тақырыбы: «Алтын күз»

Мақсаты:

  1. Оқушыларды қоршаған ортадағы түрлі құбылыстарды және күз кереметтілігін нақты айқындап ашуға, табиғатты сүюге,сақтауға үйрету.

  2. Оқушылардың әртістік қабілетін, өзгешеліктерін дамыту, инабатты, иманды, іскер, мәдениетті, жеке тұлғаны қалыптастыру.

  3. Ұқыптылыққа, шымырда шапшаң ой жүйріктілігіне, талғампаздыққа, таза әдемі болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Күздік дастархан мәзірі, нақыл сөздер, шарлар

Мұғалім: Құрметті оқушылар, ата-аналар!Сіздерді Алтын күз мерекесімен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық,молшылық тілей отырып, бүгінгі мерекелік ертеңгілігімізді ашуға рұқсат етіңіздер!

Береке, бақ дарыған,

Жомарт көңіл, жарқын жүз

Сары алтынға малынған,

Жетті міне, алтын күз!

Сары алтыннан бұрым да,

Сары пүліш көйлегі.

Алтын күзді шынын да,

Ару дейсің бейнелі.

Келістіріп бар сәнін,

Берген өзі табиғат.

Алтын күзді ал кәне

Қарсы алайық, баршамыз!

Ендеше қошеметпен қол соғып «Күз ханшайымын» ортаға шақырайық.

Күз ханшайымы сөйлейді

Мұғалім: Қош келдің, алтын күз! Төрлет!

Мұғалім: Күз ханшайымы күзді неге алтын күз деп атайды?

Күз ханшайымы сөйлейді

Балалар такпагы ханшайым хабарлайды

  1. Тал шыбығым бұралып,

Бақшаларда қызарып

Тұрған ол мен -қызанақ

Күнге қарап ұялып

  1. Исім жұпар аңқыған

Бақшадағы шырынмын

Жеп көргендер тамсанған

Балдай тәтті қауынмын

  1. Жапырақты тасалап

Өсетін жері бақша-бақ.

Күрең қызыл шіркін-ай,

Оның аты -құлпынай

  1. Жайлы,жұмсақ төсегім,

Домаланып өсемін

Қабат-қабат тоным бар,

Қалай оны шешемін?

  1. Асханадан шықпаймын,
    Атым - пияз, бұқпаймын.
    Көзден жасты шығарам,
    Тұмаудан бірақ сақтаймын!

  2. Өсіретін бойыңды,
    Дамытатын ойыңды.
    Қоянға да азықпыз,
    Сәбіздерміз жазықсыз!

  3. Картоп-біздің атымыз,
    Жерастында жатырмыз.
    Бір тамырдан тараған,
    Ағайынбыз бәріміз!

  4. Ағаштардан жамырап,
    Ұшты кенет жапырақ.
    Ой, алақай, тамаша,
    Шашу шашты жапырақ

Күз ханшайымы: Бәрекелді, керемет!

Енді барлығымыз оқушыларымыздың өнерлерін тамашалайық

  1. 1 «а» сыныбы Гүлден ән «Қошақаным»

  2. 1 «ә» сыныбы зонтик биі

  3. Мұғалім:Күз ханшайымы, біздің балалар көкөністерді жемістерден қалай тез ажырата алатынын білесізбе?
    Күз ханшайымы:Білмейді екем...
    Жүргізуші: Ендеше тамашалаңыз. ( Ойын «Көкөністерді ажырат»).


Мұғалім: Жарайсыңдар, балалар! Көрдіңізбе, Алтын күз, біздің балалар қандай епті, жылдам.

  1. 1 «в» сыныбы Мадинаның орындауында үнді биі

  2. 1 «ә» сыныбының корінісі

  3. Картошканы мошекке тасып апару керек әр сыныптан баладан

  4. 1 «б» сыныбы би «Ертегілер әлемі»

Күз ханшайымы сөйлейді

Мұғалім: күз ханшайымы саған мың алғыс. Біз сені сағына күтеміз.Осымен бүгінгі кешімізде аяқталды құрметті қонақтар. Барлықтарыңызға алтын күзге арналған шағын мерекелік кешіміздің құрметті қонағы болғандарыңызға рахмет!











© 2010-2022