Қарапайым математика 1-5 сандарды қайталау

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Білім беру салалары: Қатынас

Бөлімдері: Тіл дамыту

Тақырыбы: Үй жануарлары

Мақсаты:

Балалардың үй жануарлары мен олардың төлдерін білдіретін сөздерді қолдана отырып, жануарлар туралы айту білігін бекіту.

Сөйлеу барысында жануарлар мен олардың төлдерінің атауын білдіретін зат есімдердің жекеше және көпше түрлерін үйрек - үйректер - үйректің балапаны т.б. қолдана білу іскерлігін дамыту және оларды топтарға қарай жіктелуін ұғындыруды жалғастыру. Жануарларға қамқоршы болуға тәрбиелеу.

Алдын ала - жүргізілетін жұмыстар: балаларға тақпақтар жаттату.

Әдіс - тәсілдері: түсіндіру, көрсету, әңгімелесу, сұрақ - жауаптар.

Қажетті көрнекі құралдар: үй жануарларының суреттері

Қостілділік компиненті:мысық - кошка, ит - сабока, сиыр - корова.

Іс - әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Себепті қызығушы

лығын ояту кезеңі

Шаттық шеңбері

«Жылы сөздер»

Шарты: Балалар шеңбер бойымен тұрып, өз аналарының еркелететін сөздерін айтып шығады.

Балалар шеңберге тұрады.

-Мені анам ботақан дейді.

-Мені анам қошақан дейді.

-Мені анам құлыным дейді.

-Мені анам балапаным дейді.

Ұйымдастырушылық ізденіс

Кезеңі

Мақал - мәтелдің мағынасын түсіндіру.

Қарға баласын «аппағым» дейді,

Кірпі баласын «жұмсағым» дейді.

-Жануар да баласын жақсы көреді, еміренеді. Ал адамдар балаларын еркелетіп «күнім», «алтыным» деген сияқты көптеген сөздерді айтады.

Үй жануарлары жайлы түсіндіру.

-Үй жануарлары - қолға үйретілген жануарлардың түрлері. Сондықтан кейде бұларды қолға үйретілген жануарлар деп атайды. Олар: сиыр, түйе, жылқы, қой, ешкі, есек, мысық, үй қояны, құстардан тауық, үйрек, қаз, қүркетауық.

Дидактикалық ойын: «Үй жануарларының төлдерін тап!»

Ойын шарты: жасырынған суреттен үй жануарларының төлдерін табады.

Жеке және көпше түрде айтуды үйрету.

Тақтаға 1 түйе, 1 сиыр, бір қой, 1 жылқының суреттері ілінеді.

Осы суреттердің жанына әрқайсысы 2-3 түйе, сиыр, қой және жылқының суреттері ілінеді.

Сергіту жаттығуы

Ал, балалар, келіңдер,

Бой жазайық бәріміз -

Мойнымызды бұрамыз,

Қолымызды созамыз,

Аяқтармен топ - топ басып,

Орнымызға барамыз.

Жаңылтпашты жаңылмай айтайық!

1.Ақ тай ақ па?

Қара тай ақ па?

2.Қай тай лақтай,

Қай лақ бармақтай.

Мақал - мәтелді тәрбиешінің соңынан қайталайды.

-Қарғаның түсі қара болады. Бірақ қарға өз баласын «аппағым» деп еркелетеді екен.

-Ал кірпінің үсті тікенек болады. Бірақ кірпі баласын «жұмсағым» дейді екен.

-Мұның бәрі - теңдеу сөз.

-Үй жануарларын адамдар күтіп - баптайды.

-Олардың қорегі: шөп, жем.

-Бір түйе, бір сиыр т.б.

-Түйелер, сиырлар, қойлар, жылқылар т.б.

Сергіту сәтін өлең шумағының ырғағымен қимыл - қозғалыс арқылы орындау.

Жаңылтпаштарды жылдам айтуға тырысады.

Іс - әрекеттің бағалау кезеңі

Балаларды соңынан оқу іс - әрекетке белсенділік танытқаны үшін мақтап, мадақтау.

Балалар қуанышты сезімде болады.

Күтілетін нәтиже

Нені біледі: Үй жануарларының төлдерін біледі.

Қандай түсініктерді игерді: Жан - жануарлардың қалай дыбыстайтынын игерді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Үй жануарлары қандай екенін, олардың қандай пайдасы бар екенін меңгерді.







© 2010-2022