Сабақ жоспары әдебиеттік оқу 3-сынып Алпамыс батыр мен Байшұбар ат

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:
Сабақ жоспары әдебиеттік оқу 3-сынып Алпамыс батыр мен Байшұбар атСабақ жоспары әдебиеттік оқу 3-сынып Алпамыс батыр мен Байшұбар атСабақ жоспары әдебиеттік оқу 3-сынып Алпамыс батыр мен Байшұбар атӘдебиеттік оқу 3- сынып мерзімі_________ Сабақтың тақырыбы: Алпамыс батыр мен Байшұбар ат Сабақтың мақсаты: Білімдік: Ауыз әдебиетінін бір түрі батырлар жырымен таныстыру. Алпамыс батыр жырынан үзіндіні оқыту, мазмұнын түсіндіру Дамытушылық: ой-өрісінің, тілінің, мәнерлеп, түсініп оқу қабілеттерінің дамуына ықпал ету. Тәрбиелік:патриоттыққа, отансүйгіштікке баулу. Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, талдау-жинақтау, әңгімелеу. Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі. -амандасу -оқушыларды түгендеу -сабаққа дайындықтарын тексеру Психологиялық дайындық: жақсы көңіл-күй қалыптастыру үшін мадақтаулар айту. II.Үй тапсырмасын тексеру. -үйге берілген өлеңді жатқа айтқызу.

-қосымша сұрақтар арқылы толықтырғызу. -Өлеңнің авторы кім? -Бұл қала қай елде орналасқан? III.Жаңа сабақты түсіндіру. Кіріспе әңгіме.

  1. Ауыз әдебиеті дегеніміз не?
  2. Ауыз әдебиеті шығармаларының қандай түрлерін білесіңдер?
  3. Бүгінгі сабақта тағы ауыз әдебиетінің түрімен танысатындығын айтып өту және таныстыру.Тақтаға сызбасын салу.

Ауыз әдебиеті


Ертегі аңыз батырлар жыры Мәтінмен жұмыс

  • Мәтінді оқушылардың таныс емес сөздерді белгілей отырып өз бетінше
іштей оқыту. Сөздік жұмыс. Байбөрі- Алпамыстың әкесі. Құлтай- Байбөрінің немере ағасы. Мәдет- сенер үмітім, қорғанышым. Сергіту сәті

-Балалар,сендер шаршаған боларсыңдар.Онда тынығып алайық

-Қане,бәріміз орнымыздан тұрамыз.Және менің соңымнан қайталандар.

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар,

Үп-үлкен боп өседі.
Мәтін бойынша тапсырмалар орындау. а)Мәтіннен түсінгендерін сұрақтар қоя отырып талдау: Мәтінде қандай батыр айтылған? Батырдың тұлпарының есімі қандай? Кім оған тұлпар ды сыйға тартты? ә) Мәтіннен тұлпардың бейнесін суреттейтін жерін тауып оқы. б)Батырдың аты өзіне сай екендігін дәлелде.

  • Мәтінді рөлге бөліп оқу, мазмұнын жалғастыра сөйлеу.
Сабақты бекіту. Дәптермен жұмыс
  1. Алпамыстың қару -жарағының атауларын жазып ал
  2. Байшұбар атқа арнап «бес жолды өлең» жаз.
IV.Сабақты қорыту. -Сабақта қандай ауыз әдебиетімен таныстық? -Жырда қай батыр жырланған? V.Үйге тапсырма беру. 72-73-бет мазмұндау. Бағалау.


© 2010-2022