Менің сүйікті ісім-гүл өсіру (2сынып)

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:

Тақырыбы:Менің сүйікті ісім -гүл өсіру.

Мақсаты:

Білімділік. Модуль бойынша оқушылардың сөздік қорын қалыптастыру.Оқылым, тыңдалым,айтылым, жазылым әрекеттерін жүйелі түрде қолданып, тілдесім әрекетіне жетелеу.

Дамытушылық. Тақырып бойынша сөздік қор қалыптастырып, байланыстырып сөйлеу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік. Оқушыларды компьютер үйренуге және өз бетімен жұмыс жасауға баулу.

Көрнекіліктер: суреттер, тірек сызба

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдері:суретпен жұмыс,

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Сәлемдесу.

2.Әнұран

3.Түгендеу.Сабақта кім жоқ? Бүгін нешесі? Қай күн?

Үй тапсырмасын тексеру

ІІ. Модульдің құрамын түсіндіру.

ІІІ.Сабақтың мақсатын, барысын айту.

ІY. Жаңа сабақ.

Сөздікпен жұмыс.

1Жаңа сөздермен таныстыру. Сөздерді мұғалім оқиды ,оқушылар қайталайды.

2.Оқушылар жаңа сөздерді тізбектеп айтып шығады.

3. Әр түрлі әдіс тәсілдер арқылы жаңа сөздерді пысықтау

а)мұғалім сөздік бойынша сөздің орысшасын айтып, допты оқушыға лақтырады, оқушы допты қағып алып, сөздің қазақшасын айтып, допты мұғалімге қайтарады.Осылай барлық сөздермен жұмыс жасалады. Көп сөз меңгерген оқушы алғыр атанады.

ә)Тақтаға бір оқушы шығып, жаңа сөздерді қазақ тілінде жазып тұрады, ал сол сөздің аудармасын дұрыс тапқан оқушы тақтаға келіп, аудармасын жазады.

б Жаңа сөздер деректі заттар болса, оларды бір оқушы көрсетіп отырады, басқа оқушылар сол заттың атауын дәптерлеріне жазып отырады. Кейін оқушылар кезек кезек тақта алдына шақырылып, сөздердің сауатты жазылуы тексеріледі.

Ү.Тапсырмалармен жұмыс.

1-тапсырма.Жаңа сөздер мен сөз тіркестерін еске сақтау мақсатында әр түрлі әдіс тәсілдер қолданып тапсырманы орындау.

2-тапсырма.Танымдық білім қалыптастыру мақсатында сурет бойынша жұмыс жасау. Бейнелеу өнерімен жалғастыру. Сайыс ұйымдастыруға да болады..

3-тапсырма.Оқылымға берілген мәтінмен жұмыс жасау. Оқылым әрекетіне жүйелі түрде жандандыру. Тапсырманы аударып түсіндіру. Сурет бойынша да әңгіме өткізу

Сергіту сәті.

4-тапсырма.К. Сауңабаевтің «Су құямын гүлге» атты өлеңі бойынша мәнерлеп оқу сайысын ұйымдастыру

5-тапсырма.Тақырып бойынша берілген сұрақ жауаппен жұптық жұмыс ұйымдастыру.

Тапсырма. Сөйлем құрап үйренуге берілген үлгімен жаңа сқйлемдер жасату.

ҮІ. Сабақты бекіту.

1.Жаңа сөздерді доп арқылы қайталату.

2.Сенің сүйікті ісің не істеу? Сұрағына толық жауап беру.

ҮІІ. Сабақты қортындылау.

Бағалау.

ҮІІ. Үйге тапсырма:4- тапсырма,61- бет, жаттау, сөз жаттау

© 2010-2022