Абу насыр аль фараби тақырыбында сабақ жоспары

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әдебиеттік оқу

3- сынып

Сабақтың тақырыбы: Әбу Насыр әл - Фараби

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Әбу Насыр әл - Фараби өмірімен таныстыру, олар туралы қосымша мағлұматтар беру.

Дамытушылык: оқушылардың тіл байлығын, байланыстырып сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: халыққа еңбек етуге, адал болуға баулу.

Сабақтың әдіс - тәсілі: сұрақ-жауап,әңгімелеу, бпаяндау.

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі

Көрнекіліктері: әл - Фараби портреті, нақыл сөздер.

Қолданылатын технологиялар: Педогогикалық шеберхана

Сабақтың типі: аралас

Сабақтың жоспары:

I. Ұйымдастыру.

II. Өткенді қайталау

III. Жаңа сабақ.

Оқулықпен жұмыс

Сергіту жаттығулары

Қосымша мәлімет

Сабақты қорытындылау.

Рефлекция

Үйге тапсырма беру.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Психологиялық дайындық.

Табиғат - тіршіліксің тұнып тұрған,

Сен - күнсің көтерілген күліп қырдан.

Сен - көлсің, сен - көлсің, сен-бұлбұлсың,

Адамды сұлулыққа құнықтырған.


  1. Өткенді қайталау:

Өткен тарауды қайталап, еске түсіру, сұрақтарға жауап беру.

  1. Жаңа сабақ:

Әбу Насыр әл - Фараби Отырар қаласында 870 жылы өмірге келген.Ерте кезде арабтар Отырар қаласын Фараб деп аталған.Содан ұлы ұстаз Фараби аталып кеткен.әл - Фараби Отырарда алғаш рет қыпшақ тілінде білім алған.Ол парсы, араб, түркі тілдерін меңгерген.Грекше, латынша білген.

Дүние жүзіннің ғалымдары оның ғұламалығын ерекше бағалап, Аристотельден кейінгі «екінші ұстаз» деп атаған.

Оқулықпен жұмыс:

  1. «Өнелі жігіт», «Сағыныш сазы» мәтіндерін түсініп оқу.

  2. Мазмұны мен идеясын ашу.

  3. Сөздік жұмысын жүргізу.

  4. Оқушыларға оқыту.

  • Әбу Насыр әл - Фараби қайда туып - өскен ?

  • Отырарды арабтар қалай атған?

  • Мәтін мазмұнына сай мақал - мәтелдер айтқызу.

1.Өнерлі жігіт өрге озар,

Өнерсіз жігіт жер соғар.

2.Ұстаздан шәкірт озар.

3.Білімдінің алды - жарық,

Білімсіздің түбі - ғарып.

4.Ой түбі - алтын,

Ойлай берсең, аларсың.

Сергіту жаттығуы:

Бір, екі, үш, бойға жинап күш.

Күнде бестік аламыз,

Қуанып үйге қайтамыз.

Қосымша мәлімет:

Мың жылдан артық уақыттың қатыгез сынынан мүдірмей өткен адамзат ұлдарының бірі - Әбу Насыр әл - Фараби. Ол қазақ халқының ежелгі мәдени орталықтарының бірі - аты әйгілі Отырарда дүниеге келген.Қаратаудың тасын басты, Сырдың суын ішті, Арыстың нуын кешті, қылылқұмының аптабына күйді.

Отырарды арабтар Фараб деп аталған. Осыдан барып Әбу Насыр әл - Фараби атанып кеткен.

Әбу Насыр бастауыш білімді туған қаласы Отырарда алған. Одан соң Хорасанға барады. Фараби ғылымды, көбінесе, өз бетімен оқып үйренген. Ол Аристотельдің бай мұрасына ден қойған. Оның еңбекқорлығы аңызға айналып кеткен.

Ол жүз елуге тарта еңбек жазған. Аристотельдің ой - мақсаттарын дамытып отырған.

А.Машани.

Сабақты қорытындылау:

Төменде берілген мақал - мәтелдерді пайдаланып, өзің тақырып таңдап, шағын шығарма жаз.

1.Ақылдан артық байлық жоқ. \

2.Ақыл базарда сатылмайды.

3.Байлықтың кілті - ғылым.

Рефлекция

Бүгінгі сабақтан қандай жаңа мәліметтер алдыңдар?

Қандай сезімде болдыңдар?

Сабақ ұнады ма?

Кімнің жауаптары ұнады?

Үйге тапсырма беру:

Мәтіндерді түсініп оқып келу.

Фараби жайлы басқа да әңгімелер тауып оқып келу, қосымщша мәлімет жинау.




© 2010-2022