» Үстеу»

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: Үстеу. Үстеудің жасалу жолдары.

Сабақтың мақсаты:

А) Білімділік. Оқушыларға қазақ тіліндегі сөз табының бір түрі- үстеу туралы кеңірек түсінік беру.

Ә) Дамытушылық: Оқушының сөйлеу тілін дамыту, өз ойын еркін, жатық жеткізе білуге одан әрі дағдыландыру, өз бетімен іздене білуге, ой қорытуға үйрету;

Б) Тәрбиелік: Іздемпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту;

Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, топшамалар, оқулықпен жұмыс, кесте.

Сабақтың жабдығы: Бағалау жетондары, кесте, түрлі түсті конверттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

А) Оқушылармен сәлемдесу;

Ә) Класты түгелдеу;

Б) Сабаққа зейіндерін аудару;

ІІ.Сабақ құрылымымен таныстыру.

- Балалар, сіздердің алдарыңызда «Сиқырлы қалта» тұр. Бүгінгі сабақ тапсырмалары сол қалтадан алынады.

«Аукцион» оқыта үйрету ойыны. (Өткен тақырыпқа шолу.)

«Өз орнымдамын ба?» (Берілген сөйлемдердегі сөздерді өз орнына қойып жаз.)

«Артық білім кітапта» (Кітаппен жұмыс)

«Біліміңді байқап көр» парағы. (Тест жұмысы)

Үйге тапсырма

«Әділ баға»

«Аукцион» оқыта үйрету ойыны. Мына конверттің ішінде өткен тақырып бойынша сұрақтар бар. Қазір сол сұрақтар сатылады. Кім көп жауап беріп, көп фишка жинаса, сол ұтады.

Етістік дегеніміз не? Мысал келтір. (Етістік дегеніміз іс- қимылды білдіріп, не істеді?, не қылды? Деген сұраққа жауап беретін сөз табы. Айнұр ойнады. Ерлан жүгірді.)

Етістіктер құрамына қарай нешеге бөлінеді? (2- ге бөлінеді. Дара және күрделі)

Болымсыз етістік қандай жұрнақтар арқылы жасалады? (- ма, -ме,- ба,- бе,- па,- пе; барма, оқыма, жүгірме)

Етістік мағынасына қарай нешеге бөлінеді? (2-ге, салт және сабақты)

Етістің неше түрі бар? (4 түрі бар. Ортақ, өздік, өзгелік, ырықсыз)

Есімшенің жұрнақтарын ата. (- ған, -ген,- қан,- кен,- ар,- ер,-р,- мақ,-мек,-бақ,- бек)

Көсемшенің жұрнақтарын ата. (-а,-е,-й,-ғалы,-гелі,-қалы,-келі)

Тұйық етістік қалай жасалады? (-у жұрнағы арқылы жасалады)

ІІІ. Жаңа сабақ

- Балалар, тақтаға назар аударайық. Кестеде көрсетілгендей, тілімізде қимылдың, іс- әрекеттің әр түрлі белгісін, амалын, тәсілін, мекенін, мезгілін, себебін мақсатын, т.б. сипатын білдіретін сөздер үстеу деп аталады.

Мысалы: Асан екеуіміз ақырын әңгімелесіп келеміз. Бүгін мен кешке концертке барамын.

Үстеулер құрамына қарай дара және күрделі үстеулер болып бөлінеді. Дара үстеулерге негізгі және туынды үстеулер жатады.

Негізгі үстеулер- қазіргі кезде құрамы жағынан түбір мен қосымшаға бөлшектеуге келмейтін үстеулер.

Мысалы: тез, ақырын, ерте, кеш, бұрын.

Туынды үстеулерге жұрнақ арқылы және кейбір септік жалғауларының түбірмен сіңісіп, көнеленуі арқылы жасалған үстеулержатады.

Мысалы: адамша сөйледі, ақшалай берді, соншалық көп.

«Өз орнымдамын ба?» Берілген сөйлемдердегі сөздерді өз орнына қойып жаз. Сөйлемдердегі үстеулердің астын сыз.

Жайлау ерте көктеді биыл. Арада уақыт өткен біраз. Нағашым әдеттегісінен кешігіп келді бүгін. Асан ақырын әңгімелесіп келеміз екеуіміз.

Дұрысы: жайлау биыл ерте көктеді. Арада біраз уақыт өткен. Нағашым бүгін әдеттегісінен кешігіп келді. Асан екеуіміз ақырын әңгімелесіп келеміз.

«Артық білім кітапта» (Кітаппен жұмыс)

269- жаттығу. Биыл Әлімнің Жарасов маслихаты бойынша машинаға алғаны- Қожахмет. Ол ауыл жартылай көшіп, Шақпаққа қонған. Үй төбесінде Ушаковтың көрінуін күтіп тұрған Байжан домалап төмен түсіп барады.

«Біліміңді байқап көр» парағы. (Тест жұмысы)

1.Тіліміздегі қимылдың, әр түрлі белгісін, амалын, мекенін, мезгілін, себебін, т.б. сипаттарын білдіретін сөз табық қалай аталады?

А) зат есім Ә) үстеу Б) етістік

2. Үстеу құрамына қарай нешеге бөлінеді?

А) 4 Ә) 2 Б) 3

3. Мыналардың қайсысы негізгі үстеу

А) төмен Ә) адамша Б) таңертең

4. құрамы жағынан түбір және қосымшаға бөлшектеуге келмейтін үстеулер қалай аталады?

А) күрделі үстеу Ә) негізгі үстеу

5. Мына сөздердің ішінен үстеулерді табыңыз.

А) жылдам, ерте, кеш Ә) 2 барады, келеді Б) бес, өнерлі.

6. Дара үстеуге қандай үстеулер жатады?

А) күрделі үстеу Ә) туынды және негізгі үстеу

7. Биыл, ерте, кеш, тым, аса қандай үстеулер?

А) күрделі үстеу Ә) негізгі үстеу

8. Күрделі үстеудің жұрнақтарын ата.

А) - ып, -іп, -п Ә) -ша,- ше,- лай,- лей,- дай,- дей Б) - ыс,- іс,- с

9. Мына сөйлемде қай сөз үстеудің қызметін атқарып тұр?

Биыл Әлімнің Жарасов маслихаты бойынша машинаға алғаны- Қожахмет

10. Үстеулер мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

А) 7 Ә) 4 Б) 6

Үйге тапсырма. «Менің сүйікті ұстазым» атты үстеулерді қатыстырып, шағын шығарма жазу.

Бағалау. «Сиқырлы қалта» түрлі түсті бағалау жетондарын сыйға тартады. Әркім өз білім деңгейіне байланысты алады.





















Қ.Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназия







Ашық сабақ

Тақырыбы : Үстеу

Пәні: Қазақ тілі

Мұғалімі: Егізбаева Эльмира



© 2010-2022