Өсімдікке ауа, жылу, жарық керек

Раздел Начальные классы
Класс -
Тип Рабочие программы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

№16 жалпы білім беру орта мектебінің

І санатты , бастауыш сынып мұғалімі

Изтлеуова Мейрамкул Жарылгаповна

2 сынып. Дүниетану пәні

Сабақтың тақырыбы: Өсімдікке ауа, жылу, жарық керек

Сабақтың мақсаты: 1. Тақырып мазмұнын ұғындыра отырып, түсінгендерін өз

сөздерімен жеткізе білуге үйрету

2. Оқушылардың іскерлігі мен танымдық белсенділігін

арттыру, ойлау, қиялдау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, тіл

байлықтарын жетілдіру.

3. Бірлікке, ұйымшылдыққа, табиғатқа қамқорлық жасай

білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ -жауап

Көрнекіліктері: слайд, топ аттары, тапсырмалар жазылған карточкалар

Сабақтың жүрісі: І. Ұйымдастыру бөлімі

  1. Сабақты бастауға сыныпты ұйымдастыру

  2. Сабақ жүрісімен таныстыру

ІІ. Негізгі бөлім

Табиғатта сезім де, құлақ та бар,

Ренжітсең күрсініп жылап та алар.

Аяласаң жаныңа шуақ тамар,

Қажығанда бойыңа қуат болар.

Ол ауырса сенің де ауырғаның,

Ол сауықса сенің де сауыққаның.

Табиғаттың қабағы қашанда ашық,

Сезбесе егер адамнан қауіп барын

-деп өлең жолдарында айтылғандай табиғаттың бізге берер сыйы мол. Бұл сөзді мен неге айтқанымды сабақ барысында өздерің дәлелдеп шығасыңдар,-деп ойлаймын. Ал енді осы табиғат сыйларының бірі жемістерді таңдау арқылы сынып топқа бөліне қояйықшы.

І топ «Ауа»

ІІ топ «Топырақ»

ІІІ топ «Жылу»

  1. Үй тапсырмасын тексеру. «Өсімдікке су және топырақ керек»

3 топтан 3 оқушы айтады.

Негізгі бөлім

Жаңа тақырып: «Өсімдікке ауа, жылу, жарық керек»

  • 3 топ жаңа сабақты өздері оқып түсіндіреді.

  • Практикалық бөлім

Жақсы өскен және ауырып өсе алмай тұрған 2 өсімдікті салыстыртып әңгімелету.

«Ұяшық таңдау» ойыны

3ұяшық

1 ұяшық тапсырмасы: Жаз мезгілінің суреті

Осы жыл мезгілінің өсімдікке әсері туралы әңгімелеу

2 ұяшық тапсырмасы: Қыс мезгілі

3 ұяшық тапсырмасы: Күз мезгілі

  • «Гүлге көмек» ойыны

Адасқан әріптер арқылы сөздерді дұрыс тауып, гүлдердің бастарын жоғары қарап өсуіне көмектесу.

Сергіту сәті

Әуенмен қосыла мәтін оқу(оқушылар көздерін жұмып елестетеді)

Мен көк майса шалғынды жап жасыл бақ ішінде келе жатырмын. Жан - жағым құлпырған жұпар иісті гүлдер. Сан алуан әдемі гүлдерді басуға да қимаймын. Бірақ мен осы бір әдемі гүлді мені өмірге әкелген ең жақын адамым анам үшін жұлып алайыншы. Иісі қандай керемет. Енді осы гүлді анама тез жеткізу үшін үйіме асыға қайтайын,- деп сендер де көздеріңді ашып сыныпқа орала қойыңыздар.

  • Келесі тапсырма:

  1. Өз топтарының аттарын қорғау

  2. Жеке оқушыға тапсырма

Бетше тапсырмалары:


Өсімдікке керекті жағдайлар

1

Жылу

2

Жарық

3

Су

4

Ауа

5

Құнарлы топырақ

6

Тазалық






Өсімдікке керексіз жағдайлар

1

Жел

2

Құрғақшылық

3

4

5


Менің өсімдікке көмегім

1

Су құямын

2

Тазалап тұрамын

3

Жарық жерге қоямын

4

Жылы жерде тұруын қамтамасыз етемін

5




Қорытынды

  • Сұрақ- жауап:


  • Қортындылау:

Өсімдікке ауа, жылу, жарық керекӨсімдікке ауа, жылу, жарық керекӨсімдікке ауа, жылу, жарық керек

киім тағам баспана

Өсімдікке ауа, жылу, жарық керек

Өсімдік

Өсімдікке ауа, жылу, жарық керекӨсімдікке ауа, жылу, жарық керек

Өсімдікке ауа, жылу, жарық кереккөлеңке сусын дәрі

Бағалау

Көршілерін бағалау әдісімен жүргізіледі


© 2010-2022