Математика Сабақ жоспар Көбейту және бөлу

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Научные работы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні: 11.01.2016ж

Сыныбы : 4

Пәні:математика

Мұғалім: Манап Аида Ерденқызы

Құндылық: «Сүйіспеншілік»

Сабақтың тақырыбы: Көбейту және бөлу

Сабақтың мақсаты:

І.Сабақты қайталай отырып жазбаша көбейту және бөлу амалының әдіс-тәсілдерін үйрету, білім беру. Есептер шығару арқылы білімдерін жетілдіру.

ІІ. Оқушыларды тез есептеуге, өз бетімен жұмыс жасай білуге, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

ІІІ.Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру. Сабаққа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Қайталау сабағы

Әдіс- тәсілі: Түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақтың барысы: Сабақты бастамас бұрын, келген қонақтар мен амандасу, оларды таныстыру,арада жылы қарым -қатынас орнату.

-Балалар, артқа қарадық ,бұрылдық, басымызды иіп амандастық. Енді орнымызға отырып, музыка ырғағымен «Тыныс алу» тыныштық сәтін жүргіземіз.

Жаңа материалды қарастыруға дайындық үшін екі таңбалы сандардың ондық құрамын еске түсіру керке:Ауызша орындалады.

  • 47- бұл неше ондық, неше бірлік?

  • 85 санында неше ондық, бірдік бар? 70 санында ше?

  • 2 ондық 3 бірліктен тұратын санды ата.

Слайдпен көрсетемін,өздері шығарып,3-4 минут уақыт беріледі,тексертемін.

32*45=1440 40*52=2080 22*56=1232 12*42=504

64*32= 2048 12*22= 264 54*48=2592 87*14=1218

-Жақсы,осы жерде не байқадық? Қандай математикалық тәртіп байқалды?

-Бірлікке бірлікті қостық,ондыққа ондықты қостық.Бұлардың орнын ауыстыруға болмайды.

-Ал өмірде осылай орнын ауыстыруға болмайтын не бар?

-Балалар, өз ойларын айтады.Дұрыс, АНА! Ендеше «Ана»деген тақырыпта әңгіме айтып берейін.Талдаймыз. Қорытындыны балалар өздері шығарады.

-Дұрыс, біз бәрін өлшеп, өз ойымызды салмақтадық , ал күнделікті өмірде, қандай өлшем бірліктерін білеміз?

Ұзындық өлшем бірліктері-км,м,дм,см,мм,.

Масса өлшем бірліктері-т,ц, кг,гр,мл гр,Ауызша сұрап шыққаннан соң , мына слайд бізге сабаққа керек сол үшін көрсетемін.

1км-1000м

1м-10 дм

1дм-10см

1см-10мм

3см+6см= 5дм+1см= 7дм+2дм=

9дм+1см= 4дм+2см= 5дм+6см=

- Қандай өзгеріс байқадық?

-Дм -і см-ге айналдырдық.

-Неге?

-Солай қосқан ыңғайлы.

-Дұрыс ендеше ережені өздерің шығардыңдар.

ЕРЕЖЕ: Әр түрлі өлшем бірліктерінде өрнектелген шамаларды қосу және азайту кезінде оларды ең кіші бірдей өлшем бірліктерге айналдырып алып , амалды орындаған тиімді.

Балаларға амалдарды орындауға есеп беремін балалар шығарып болған соң,есептің шығарылу жолдарын сұраймын. Оқушылар жауабынан кейін есептің дұрыс мәнінің ақиқатқа жататынын,әр нәрсенің ақиқаты барын айтып кетемін.

1-қатар

(8141+61434)/5+364=14279

(71683-12483 )/4+4063=18863

2-қатар

(67431-67316)*100-2510=8990

(8670+8769)*10-34201=140189

3-қатар

(58001-7343)-6301=44357

(87143+1525)/9+10037=19889

Кітаппен жұмыс:

Слайдқа жазамын.

Мәтінді есеп шығарамыз. Әжей саяжайға отырғызу үшін бағалары бірдей 15 өрік көшетін және 23 алма көшетін сатып алды. Олар үшін барлығы 4560 теңге ақша төледі. Көшеттердің әрбір түріне қанша ақша төледі?

Сергіту кезеңі: Тақтаға іліп қоямын, «Күн» ойынын ойнаймыз.

-Сендердің алдарыңда таратпалар жатыр , сол таратпалардағы есептерді баған түрінде жазып есептейміз.Слайд арқылы тексереміз.

19722/57= 346 10788/29=372 32428/67= 484 30192/48= 692 24388/52= 469 29640/65= 456 5561/67= 83 2496/48= 52

5561/83= 67 2496/52=48

-Енді «Сиқырлы шаршы» ойынын ойнаймыз. Көрермендер , келген қонақтар да ойнауға болады.

2

5

3

6

8

5


  • Біз бұны қалай шығардық?

  • Жолын білдік, қалай шығарылуын үйрендік.

  • Сонда барлық есептің шығарылу тәртібі бар екен .Ендеше ,дұрыс әрекет етсең ,алынбайтын қамал , шығарылмайтын есеп болмайды екен. Б. Момышұлының мынандай сөзі еске түседі ,«Тәртіпке бағынған ел, құл болмайды.»

Қорытынды:

Сабақты қорытындылап,мадақтап рахмет айтамын.

Келген қонақтар сіздерге -рахмет,жақсы қатысқан балалар сіздерге- рахмет және өзіме рахмет? Неге мен өзіме рахмет айттым?

-Адам әр нәрсені өзінен бастау керек.Өзін силаған адам,өзгені де силайды.

-Орнымыздан тұрып, басымызды иіп , сау болыңыз дейік. Рахмет!



© 2010-2022