Сауат ашу пәнінен Ф дыбысы мен әрпі тақырыбында сабақ жоспары

Раздел Начальные классы
Класс 1 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сауат ашу.

Сабақтың тақырыбы: Ф дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:Оқушыларды ф әрпімен таныстыру, ф әрпінің жазылуын, оқылуын меңгерту.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Оқушыларға ф дыбысы кездесетін сөзге мысал келтіріп, сол сөздерді қатыстырып, ойын тиянақты жеткізе білуге баулу.

Дамытушылық: Оқушылардың сабақта сурет бойынша әңгіме құрастыру арқылы сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Қолдарын әдемі жазуға үйрету және қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: кеспе әріптер, текшелер,суреттер.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап,түсіндіру, әңгімелеу.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Балалар зейіндерін оқу іс-әрекетіне аудару.

-Балалар, біз өткенде қандай дыбыспен таныстық?

-В дыбысы.

-Кәне, в дыбысын қатыстырып, сөздер ойлап жіберейік. Вагон, велосипед, вокзал.Енді осы сөздерден сөйлем құрайық.

II. Негізгі бөлім.

- Балалар суретке қарайықшы қандай сурет көріп тұрмыз? Телефонның суретін көріп тұрмыз, ендеше бұл сөздегі таныс емес дыбыс қайсы? Иә ф дыбысы бізге таныс емес, ендеше бүгін біз ф дыбысымен танысамыз.

1.Жұмбақтар шешу.

Бір құлағы сөйлесе,

Бір құлағы тыңдайды.

Білсең айтшы ендеше,

Жұрт не дейді мұндайды?

(Телефон)

Телефон сөзін қатыстырып сөйлем құрау.

Қос аяқ жүрген қуып,

Жел мықтап үрген.

Бірде жөн, бірде лағып,

Қашады зыр-зыр қағып.

(Футбол)

Футбол сөзін қатыстырып сөйлем құрау.

Қыста дем алып, жазда тынбайды,

Көкке атылып, жерге құлайды.

(Фонтан)

Фонтан сөзін қатыстырып сөйлем құрау.

2.Ф дыбысынан басталатын сөздер айтқызу, сол сөзді буынға бөлгізу.

3. Ф Бұл - дауыссыз дыбыс. Себебі созылып айтылмайды.

4. Орыс тілінен енген дыбыс
Ф дыбысының дұрыс артикуляциясы мынандай: үстіңгі ерін сәл көтеріңкі қалыпта
болады да тіске тимейді, иек сәл төмендейді, астыңғы еріннің ішкі жағы үстіңгі тіске жанасады. Тіл ауыз қуысында еркін жатып, дем үстіңгі тіспен астыңғы ерін арқылы дауыс қосыла шықса Ф дыбысы жасалады.
- Ф дыбысын хормен айту.
- Қандай дыбыс?
- Дауыссыз дыбыс
Тақтамен жұмыс. (Суретпен жұмыс жүргізу)
- Оқушылар тақтаға назар аударамыз.
Мынау Ф әрпінің баспа түрі. Оны оқулықтардан, газет, журналдардан көреміз.
Ал жазба түрін жазу жазғанда қолданамыз.

- Фонтан, телефон, телеграф сөздеріне дыбыстық талдау жасату. «Ф» дыбысының орналасқан жерін анықтату. Ф дыбысы сөздердің қай жерінде келеді?
Басында, ортасында, аяғында келеді, демек барлық буындарда айтылады. Ф орыс тілінен енген әріп, сондықтанда қазақша сөздерде қолданылмайды.

- Фонарь (дыбыстық талдау жасау)
- Буынға бөлеміз, неше буын бар? фо - нарь
- Екі буын демек неше дауысты дыбыс бар екен?
- Екі дауысты дыбыс бар.
- Футбол
- Футбол сөзін буынға бөлу. Фут - бол
- Неше буын бар?
- Ф дыбыс сөздің қай буынында айтылады?
- Футбол ойыны туралы не білесіңдер?
(оқушылардың жауаптарын тыңдау)
Бағандағы сөздерді оқып, мағынасын ашып түсіндіру.
Ферма - шаруашылық орталығы
Фирма - мекеме, жұмыс орындары
Фото - сурет
Факс - телефон арқылы жіберілетін хат
Телефон - сөйлесу құралы
Телеграф - телефон соғу орталығы.
Футбол - доппен ойнайтын ойын түрі
Әлфараби - адамның аты

5.Кітаппен жұмыс.120-бет.

Мәтінді оқып беру:

Телефон түрлері.

Қазіргі телефондар алғашқы телефондарға ұқсамайды. Қоңырау шалушы адамның нөмірін көрсететін телефондар бар. Соңғы үлгідегі телефондар сымсыз жұмыс істейді. Оларға радиотелефон, ұялы телефон жатады.

-Телефонның қандай түрлерін білесің?

-Телефон адамға не үшін қажет?

-Мәтінді тізбектеп оқыту.

- Қоршауда тұрған тапсырманы орындату.

-Сурет бойынша әңгіме құрау.

-Сөздерді оқытып,буынға бөлгізу.

-Аяқкиімнің қандай түрлерін білесің?

Сергіту сәті:
Көбелек тұрды ертемен,
Күлімсіреп керілді,
1 - шықпен бетін жуды,
2 - шыр айналып бұрылды,
3 - еңкейіп жерге жетті,
4 - дегенде ұшып кетті.

6.Дәптермен жұмыс.25-бет.

Дәптерімізді ашайық,
Салақтықтан қашайық,
Қолға қалам алайық,
Әдемі етіп жазайық.
Ф әрпінің бас әрпі мен кіші әрпін жазу.
Ф әрпін ауада жазып көрсету.

Ф әрпін дәптерде жазу.

III. Қорытындылау.

- Қандай дыбыспен, әріппен таныстыңдар?

- Ф дыбысы қандай дыбыс?

- Ф дыбысы кездесетін сөздер айтыңдар.

Үйге тапсырма: дәптердегі жазуды аяқтау.


© 2010-2022