Дүниетану Өсімдік мүшелері және оның қасиеттері Тамыр

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Маңғыстау обл. Жаңаөзен қаласы
№18 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Турмағанбетова Женя Солтановна


Тақырыбы: Өсімдік мүшелері және оның қызметі.Тамыр.

Мақсаты: Оқушыларға өсімдік мүшелері туралы және оның атқаратын қызметтері жайлы мәліметтер беру.Тамыр туралы түсіндіру.Өсімдіктер жайлы білімдерін одан әрі кеңейту.

Дамытушылығы:Өз ойларын ашық білдіріп,пікірлерін қорғай білуге,шығармашылықтарын арттыруға дағдыландыру.Тапсырма мен сұрақтар арқылы танымдық қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелілігі:Табандылыққа,ұқыптылыққа,зеректікке,байқағыштық-қа баулу.Қоршаған ортаны қорғауға үйрету.

Әдіс-тәсілдері:Түсіндіру,сұрақ-жауап,ой қозғау,топтастыру,жүргізіп оқу тәжірибе жасау,тест «өзін-өзі жетілдіру»

Көрнекілігі:Суреттер,сызбалар,корточкалар.

Түрі:Жаңа сабақты меңгерту.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.Психологиялық дайындық.Оқушылардың назарын сабаққа аудару:

Өткен сабақтарды пысықтау:

Ауаның қасиеттері Судың үш күйі

Сыгылады,түссіз,иіссіз сұйық,бу,қатты.

Дәмсіз,көзге корінбейді.

Топырақтың құрамы:

Су ауа саз құм шірінді

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:Оқушыларға үй тапсырмасын әнгімелету.Өсімдік-тірі ағза.

ІІІ.Үй тапсырмасын қортындылау.

Барлық тірі өсимдіктер қоректенеді,тыныс алады,жарықты,жылуды,суды қажет етеді. Олар тірі ағзалар.

Дүниетану Өсімдік мүшелері және оның қасиеттері Тамыр

Өсімдіктің тіршілігіндегі өзгерістер біртіндеп пайда болады.Оны сызба арқылы талдап көрейік.

Дүниетану Өсімдік мүшелері және оның қасиеттері Тамыр

ІҮ. Жаңа сабақ:

1.Өсімдік мүшелері және оның қызметі.Тамыр.

Мұғалім түсіндірмесі:Кане балалар өсімдік мүшелерін 1-сыныпта өткендерімізді есімізге түсірейік.Олар гүлі,жапырағы,сабағы және тамыры болады.Адам өміріне өсімдіктердің пайдасы өте көп.

Дүниетану Өсімдік мүшелері және оның қасиеттері Тамыр

Тамыр-өсімдіктің негізгі және жер астындағы мүшесі.Тамырдың атқаратын қызметі:Ол өсімдікті топыраққа бекітіп ұстайды.Тамыр топырақтағы ылғалды бойына сіңіреді.Тамыр арқылы өсімдік қорек алады.

Тұқым өнгенде,ең алдымен,оның қабығын жарып тамыр шығады.Тұқымнан тікелей шығатын осы тамырды негізгі тамыр дейді.Негізгі тамырдың түрі әр өсімдікте әр түрлі болады.Кейбір өсімдіктердің,мысалы,күнбағыстың,қымыздықтың сәбіздің негізгі тамыры айқын корініп тұрады.Бұл тамырдан жіңішке жанама тамырлар шығады.Жақсы жетілетін өсімдіктердің негізгі тамыры кіндік тамыр деп аталады.

Бұл қызық!

Жантақ шөлді жерге бейімделген өсімдік.Шөлді жерлерге ылғал топырақтың терең қабатында ғана сақталады.Өсімдік тамырлары сол ылғалға жету үшін ұзарып өседі.

Жантақпен қоректенген шөл жануарлары суды коп қажет етпейді.

Сергіту сәті:

Ө теріс

С кісі

І киім

М есік

Д өсек

І өсімдік

К кері

Т тіс

Е Серік

Р өрік

Жаңа сабақты қортындылау:Пирамида ойыны

Өсімдік мүшелерін ата?

Өсімдік қандай топырақтарда жақсы өседі?

Өсімдік қай мүшесі арқылы қорек алады?

Өсімдіктің жер асты мүшесін ата?

Ауа,су,топырақ нелерге қажет заттар?

Ал балалар біздің жауаптарымыздан қандай фигура шықты?

Дұрыс айтасындар балалар біз бұл фигурпаны қай сабақтан оқып,үйрендік?Бұны не үшін үш бұрыш деп атаймыз?Неше қабырғасы бар?Неше бұрышы бар? Осы үш бұрыштың периметрін қалай табамыз?

Бағалау:Өсімдіктердің жапырақтары мен гүлдері мен бағалау.

Үйге тапсырма беру.



© 2010-2022