Научная работа на тему КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ НӘТИЖЕСІН БАҒАЛАУДАҒЫ ЗАМАНАУИ ТЕНДЕНЦИЯ

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Научная работа на тему КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ НӘТИЖЕСІН БАҒАЛАУДАҒЫ ЗАМАНАУИ ТЕНДЕНЦИЯҚАЗАҚСТАН БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ















«ҚҰНДЫЛЫҚ БАҒДАРЛЫ БІЛІМ БЕРУ ИДЕЯСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ: МӘСЕЛЕЛЕР, ІЗДЕНІСТЕР, ШЕШІМДЕР»

Республикалық ғылыми - практикалық конференция



Қатысушы: Кусайнова Гулсара Ибраевна

Мақала атауы: «КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ НӘТИЖЕСІН БАҒАЛАУДАҒЫ ЗАМАНАУИ ТЕНДЕНЦИЯ»

Бөлімшенің атауы: Бастауыш сыныптар

Лауазымы: Бастауыш сынып мұғалімі

Мекеме: Зайсан ауданы әкімдігінің КММ М. Әуезов орта мектебі

E-mail: [email protected]

Телефон: 87784334032











Кусайнова Гулсара Ибраевна

М. Әуезов атындағы орта мектебі КММ

Қазақстан Зайсан

[email protected]



КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ НӘТИЖЕСІН БАҒАЛАУДАҒЫ ЗАМАНАУИ ТЕНДЕНЦИЯ

АННОТАЦИЯ Бұл ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты- бастауыш сынып оқушыларын оқыту және дамыту қызметін бағалаудың жаңаша әдіс-тәсілдерін ашып көрсете отырып, оның бүгінгі күндегі тиімділігін дәлелдеу.

«Адамдардың білім алуы жайлы болу үшін

жауапты реакциямен мадақтау қажет,

сондықтан бағалау ізгі болу керек» Л. Выготский

КІРІСПЕ Қазақстан Рсепубликасының 12 жылдық жалпы білім берудің бастауыш білім беру сатысында баланың жеке тұлғасын дамыту және қалыптастыруды жаңа тұрғымен қарап, дербес, өзгермелі қоғамда лайықты өмір сүріп, жұмыс жасай алатын, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке - ақпаратты өзі іздеп тауып, ұтымды пайдалана алатын, жоғары мәдениетті қарым-қатынасқа түсе алатын тұлғаны қалыптастыруды талап етіп отыр. Бүгінгі таңда егеменді еліміз өзінің қоғамдағы саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-білім парадигмасы жүйесін әлемдік өркениет үлгісінде дамытуда. Білім беру жүйесіндегі болып жатқан реформа жаңа ұлттық модельдегі білімді құрумен және оқу-тәрбие процесінің педагогикалық теориясы мен практикасында елеулі өзгерістермен ерекшеленеді.
Сондай өзгерістердің бірі- Назарбаев Зияткерлік мектебі мен Кембридж университетінің білім факультеті арасындағы бірлесіп жасаған үш айлық бағдарлама. Ұсынылып отырған бағдарламаның негізгі идеясы сындарлы оқыту теориясына негізделіп отыр. Сондықтан да оқушылардың ойлау қабілеті, қалыптасатын білімдері жан- жақтан жинаған (мұғалімнен, достарынан, интернеттен, кітаптан, т.б.) ақпараттарына негізделеді. Дәстүрлі оқыту кезінде оқушының алған білімдері механикалық түрде есте сақталынып, кейбір жерде ұтымды пайдаланылады, бірақ, мәні терең меңгерілмегендіктен оқушылар оны өмірде тиімді пайдалана алмайды. Аталмыш теорияның негізгі мақсаты- оқушылардың қалай оқу керектігін, түсіну қабілетін дамытып, оны керек кезде пайдалана білетін, өзін еркін ұстап, ойын дәл жеткізе алатын, сыни тұрғыдан ойлай алатын, тұжырым жасай білетін, бірін-бірі бағалай алатын, көзқарасы дамыған, жігерлі тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз ету болып табылады. Ұсынылып отырған осы бағдарламадағы модульдер бойынша білім алған оқушының сабаққа деген құлшынысы, қызығушылығы артып, қала берді, ең болмағанда жаман жолға түспейтініне, сыни тұрғыдан ойлауға бет алатынына жүргізілген сабақтар барысында байқауға болады. Ең маңыздысы- оқушылар өз іс-әрекетін, сыныптастарының, құрбы-құрдастарының іс-әрекеттерін, жетістіктерін бағалауға және жауапкершілікке үйренеді. НЕГІЗГІ БӨЛІМ. Бүгінгі күні оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау - оқу үдерісінің маңызды да салмақты бөлігі болып табылады. Сол себептен, зерттеу іс-әрекеттерін кеңінен қолданып, оқушылардың жетістіктерін бүгінгі күннің талабына сай жаңаша бағалау жүйесі қажет етіледі. Қай уақытта болмасын бағалау жүйесін жасау өзекті мәселе болып келеді. Оқу мотивацияларындағы бұрмалаушылықтан оқушы жетістігінің динамикасын қадағалаудың объективтілігіне деген күдіктен, оқушының мұғаліммен, ата-анамен, өзімен өзінің қарым-қатынасының бұрмалауынан баланың жүйке жүйесінің жұқаруынан және мазасыздануынан жиі байқалатын бес балдық бағаның зиянын келтіретін нәтижесін болдырмау үшін оқушы жетістігін бағалаудың жаңаша жолдары тәжірибеге енгізілуде. Бағдарлама теориясына сүйенсек- бағалау - одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жинақтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. Бағалау өз кезегінде:

Баланың білімін, түсінігін және сенімділігін арттыруға себін тигізуі тиіс
Бағалау- өте маңызды мақсаттарға бағытталып, әртүрлі ақпарат

ресурстарына арқа сүйеуі тиіс
Бағалау- бала дамуын қамтамасыз ететін, сәйкес нұсқау тәжірибелерін

ұсынып, қолдауы тиіс
Ата-аналар мен оқушылар бағалау процесінде ең маңызды серіктес

болып келеді. Бағалаудың жаңаша сипаты оқушыны ынталандыру мен оқыту мақсатына жетудің тиімді және нақты жолдарын көрсетеді. Бағалаудың жаңа әдісінде оқушы бағаны қандай критерийлер бойынша алғанын, келесі сабақтарда қандай критерийлерге көңіл бөлу керектігін ұғынады. Бұл жүйеде оқушының нәтижесімен бірге іс-әрекеті де бағаланады. Одан басқа оқушыларды бағалауда мұғалім түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана алады. Біріншіден, оқушының қызығушылығы артады, екіншіден, мұғалімнің жұмысы да жеңілдейді (оқушылар бірін бірі бағалау, топпен бағалау, топты бағалау әдістерін қолданғанда). Бағдарлама мазмұнының өзара байланысты жеті модулінің бірі- оқыту үшін бағалау және оқуды бағалауда бағалаудың екі түрі: қалыптастырушы (формативтік) және жиынтық (суммативтік) бағалау қарастырылады. 1960 жылдардан бастап қалыптастырушы және жиынтық бағалау арасындағы айырмашылық белгіленген, бірақ, берілген екі терминнің мәні нақты анықталмаған. Бағалаудың екі нысаны да білім беру жүйесіне қажет-ақ. Іс жүзінде нақты баға қою және есеп беру үшін өткізілетін оқуды бағалау және нақты мақсаты бағалауды оқушылардың оқуына ықпал етуге арналған оқытудың бөлігі ретінде бағалауды қолдану болып табылатын оқыту үшін бағалау арасында анығырақ айырмашылық жүргізілген. Оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған бағалау - қалыптастырушы немесе оқыту үшін бағалау (ОүБ) болып табылады. «Оқыту үшін бағалау» дербес тұжырымдама ретінде 1999 жылғы зерттеу нәтижелері туралы мұғалімдерді және әдістеме жасаушаларды ақпараттандыру мақсатымен 1989 жылдан бастап жұмыс жүргізген Ұлыбритания акдемиктерінен құралған Бағалау Реформасының Тобының «Оқыту үшін бағалау» атты кітабы жарияланғаннан кейін белгілі болды. Бағалау Реформасының Тобы оқыту үшін бағалауға мынадай анықтама береді. Оқыту үшін бағалау - бұл білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар және олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі. Берілген анықтаманың маңызды элементтерінің бірі -оқушылардың деректерді қолдануына баса назар аударту болып табылады. Бұл ретте, мұғалімдер жалғыз бағалаушы тұлға болмайтындығына назар аударылады. Оқушылар өздерінің сыныптастарын және өздерін бағалауға тартуы мүмкін және мұғалімдер бағалауды белсенді жүргізген кезде, оқушылар белсенді қатысуы керек. Талпынғандар ғана блім ала алады. Оқушылар өзінің оқуын жақсарту үшін кері байланыс арқылы алынған ақпаратқа сәйкес жұмыс істеуі қажет. Егер бағалау мақсаты баға қою, сертификаттау немесе оқытудың алға жылжуын тіркеу үшін оқыту қорытындысын шығару болса, онда өзінің функциясы бойынша бағалау жиынтық болып табылады және кейде оны оқуды бағалау деп атайды. Оқуды бағалаудың мақсаты, керісінше, оқушы қазіргі уақытта не оқып білгенін жинақтау болып табылады Жиынтық бағалау оқушының, мұғалімнің немесе мектептің мәртебесіне немесе болашағына ықпал етуі мүмкін болатын шешімді қабылдау үшін қолданылған жағдайда өлшемдердің сенімділігін қамтамасыз ету керек, бұл ақпараттың мазмұны мен оны қалыптастыру шартын бақылауды белгілейтін арнайы тестілерді қолдану кезінде мүмкін болады. «Бағалау» термині «жақын отыру» дегенді білдіретін латын сөзінен шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі сипаты бір адам басқа адамның не айтып, не істегенін немесе өзін -өзі бақылау жағдайында өзінің дербес ойлауын, түсінігін немесе тәртібін мұқият бақылауы болып табылады. Бұл жорамал ресми тестілерден және емтихандардан бастап, мұғалімдер сыныптарда күнделікті бейресми бағалауға дейінгі бүкіл бағалау спектріне қатысты. Бұған қарамастан бағалау- түрлі нысанда болуы мүмкін: кейбірі тестілеу болса, басқалары- сыныптағы әдеттегі сөйлесу кезінде сұрақ қоюға негізделеді. Бағалаудың барлық түріне жалпы сипаттамалар тән және олар: қадағалау; алынған мәліметтердің интерпретациясы; және бұдан арғы іс- әрекетті анықтауға бағытталған қорытынды болып табылады. Қадағалауды өткізу үшін оқушылардың нені білетіндігін және нені істей алатындығын, сонымен қатар қандай қиындықтармен кездесуі мүмкін екендігін анықтау қажет. Сыныптағы іс- әрекет барысында оқушылардың өзара әңгімесін тыңдап, тапсырманы орындап отырған оқушыларды қадағалау және олардың сыныптағы, үйдегі орындаған жұмысын тексеру біраз ақпарат беруі мүмкін. Жазбаша тапсырма немесе тест жұмыстары да жоғарыда айтылған мақсаттарды іске асыра алады. Кейде дұрыс құрылған сұраққа қайтарылған баланың жауабы да бала білімін анықтауға мүмкіндік беруі мүмкін. Интерпретация немесе логикалық қорытынды қызығушылық тудыратын мәселелерге: ерекше дағдылар, көзқарастар түрлеріне басқа балалар зейінін шоғырландыруға қатысты жүргізеді. Мысалы, бала айтқан мәлімет оның санамен ойлауының нәтижесі болуы мүмкін. Қорытынды- мәліметтерді интерпретациялау негізінде жасалады және бағалауды көздейді. Бұл кезеңде бағалау- ақпараттарды саралау, қолдану мақсаты мен міндеттеріне сай жүргізіледі. Әрбір мұғалім бағалау әдістемесін біліп, оны өз тәжірибесінде қолданса, бала өз дамуының қандай сатысында тұрғанына көз жеткізіп, қандай бағытта дамуын анықтап, оған қалай жету керектігін тұжырымдай алатын деңгейге жете алады. Бүгінгі күні бастауыш сыныптарда оқыту үшін бағалаудың келесі түрлері: өзін -өзі бағалау; топтардың бірін- бірі бағалауы; стикерлер, смайлингтер арқылы бағалау; бағалау критерийлері арқылы, жіңішке, жуан сұрақтар; сауасақтар арқылы бағалау, эссе, хат жазу, ой толғаныс, кері байланыс- сабақтың сапасын арттырып, өз біліміне ой жүгіртуге ықпалын тигізіп отыр. Баланың білімге деген құштарлығын арттырып, өзін танып білуде өзін-өзі бағалай алу мүмкіндігі зор рөл атқарады. Балалар үшін білім алу туралы шешім қабылдау және өзін-өзі бағалау тәсілдерін оқушы алдын-ала меңгеруі қажет. Өзін-өзі бағалаудың басты мазмұнына өз әрекетін реттеу және жөндеуде тұлғаның белсенді қатысуы жатады. Бірақ өзін-өзі бағалауды осындай тар шеңберде қарастыру жеткіліксіз. Бұл жерде оқушы белсенділігін оятумен бірге, оқушыны өзіндік бағалауды қажетсінуге баулу, өзін-өзі бағалауға бейімдеу және қалыптастыру қажет. Өзіндік бағалау білімді игерудің ғана емес, алған білімді пайдалана білу тұрғысынан да білім алудың процессуалдық қырының жетілуіне жағдай туғызады. Бұл жерде оқушы бұрынғы тәжірибелеріне сүйеніп оқуды әрі қарай нәтижелі жалғастыруға мүмкіндік беретін білім деңгейіне қойылатын талаптарды басшылыққа алып отырады.
Өзін - өзі бағалау оқушының оқу танымдық әрекетінің бағыттылығына қол жеткізеді, себебі оқу - танымдық әрекет кезінде оқушы өзіне қоятын талаптарды да реттеп отырады, оқу әрекеті барысындағы өзін-өзі бағалаудың құрылымы өзіндік әрекеттің мақсатын айқындау, оқыту нәтижелерімен оған қол жеткізу жолдарын анықтау, өзіндік іс-әрекетті жүзеге асырудан алынған нәтижелерді оқыту нәтижелерімен салыстыру, орындалатын іс-әрекет барысын бағалау, жіберілген қателерді анықтау, оның себептерін ашу, өзін-өзі бағалау негізінде жұмысты түзету, әрекет жоспарын нақтылау, жетілдіру, қорытындылау деп аталатын бірнеше буыннан тұрады. Өзін - өзі бағалау бойынша оқушылар жұмысының психологиялық мағынасы жөнінде ХХІ ғасырда француз философы Мишель Монтень жасаған тұжырым бойынша «Кез-келген адам қандай да бір істі атқарудан бұрын ол алдымен өзінің кім және не нәрсеге бейім екенін білу қажет» деген. Ал оқушы өзінің білім шекарасының қайдан өтетінін біле бермейді. Өзінің нақты нені білмейтінін біліп алмай, нені білу керектігін түсінбейді және оны білу үшін ұмтылмайды да. Оқушылардың өзін-өзі бағалауы мұғалімнің бағалауымен сәйкес келуі керек, ал бұл- оқушы мен мұғалім арасындағы баға жөніндегі ынтымақтастықты қажет етеді, яғни бір сөзбен айтқанда, бағаны екі жақты келісім арқылы қою. Сонда ғана бағалауда бірізділік және жан-жақты қарастырылған бір бағытқа бағытталған бағалау жүйесі болады. Оқушының сабақта қарастырылған тақырып жөнінде өз ойлары мен түсініктерін, идеялары мен пайымдауларын келтіретін бағалау тәсілінің бірі- эссе жазу. Оқушы сабақ соңында тақырып бойынша туындаған ойларын 5-10 минут уақыт аралығында жазады. Эссе арқылы мұғалім оқушының ойлау деңгейі мен сабақта қалай жұмыс жасағандығын бағалайды. Кей жағдайда мұғалім көлемді эссені үй жұмысы ретінде де ұсынуы мүмкін. Сапалы жазылған эсседен оқушының өзіндік «мені» көрініп тұруы шарт. Бұл жазба жұмысы оқушыларға өз ойларын нақышымен құрастырып, оларды нақтылап, дәлелді түрде жеткізумен қатар, ақпаратты жүйелеуге, оған талдау жасауға үйретеді. Оқушылардың бірін-бірі бағалауы- бағалауды үйретудің толыққанды әдісі болып табылады. Сонымен қатар өзара бағалау қатысушыларға оқытылған материалды бір-бірінің жұмыстарын бағалау әдісімен бекітуге мүмкіндік береді. Бірін-бірі бағалаудың артықшылығы - оқушылар басқалардың жұмыстарының әлсіз және мықты жақтарын байқап үйренеді, сонымен қатар өзінің жеке алға жылжуын талқылай алады. Бірін-бірі бағалаудың сипаты: Бірін-бірі бағалау интерактивті сипатта болады. Оқушы немесе оқушылар тобы басқа оқушы немесе топтың жұмысына баға бере отырып, өздеріне пайда келтіреді. Жұмысты алдын-ала белгіленген межелермен бағалайды. Басқалардың жұмысын бағалағанда өз жұмысындағы қателерді көріп, қажет болса түзеуге мүмкіндік алады. Бірін-бірі бағалау әлеуметтік және комуникативті қабілеттерді жақсартуға көмектеседі. Оқу процесінде бірін-бірі бағалаумен белсене айналысса, оқушылар баға мен бағалаудың маңызы жайлы тереңірек ұғынады. Сонымен қатар формативті бағалаудың бұл түрінде мына жайттарға да назар аударған жөн: Бірін-бірі бағалау әдісін қолданарда оқушылар арасында дау туындамау үшін ұстаз барынша сақ, абай болуы керек. Ол қатысушыларға өздері немесе тобы бағаланбайды, ал олардың жұмыстары тексерілетіндігі жайлы айтып кетуі тиіс. Және бірін-бірі бағалау әдісін жиі қолдана беру ұсынылмайды. Оқушылар арасында өзара түсіністік және ұжымдық қарым-қатынасты орнатып, оқушылардың сенімсіздіктерін жойып, мүмкіндіктерін арттыруға жол ашатын оқуды бағалаудың бір түрі- критериалды бағалау болып табылады. Критериалдық бағалау - бұл білімнің мақсаты мен мазмұнына сәйкес келетін, оқушылардың оқу-танымдық біліктілігін қалыптастыруға себепші болатын, айқын анықталған, ұжыммен шығарылған, білім процесінің барлық қатысушыларына алдын ала белгілі критериялармен оқушылардың оқу жетістіктерін салыстыруға негізделген процесс. Критерийлер - оқытудың міндеттерін жүзеге асыратын өлшемдер, атап айтқанда, оқушылар жұмыс барысында орындайтын іс-әрекеттер тізбесі. Бағалаудың бұл түрі оқушылар үшін: Танымдық қабілеті мен ойлау деңгейін арттыратын оқытудың әртүрлі әдістерін пайдалануға; Табысқа жетелейтін бағалау критерийлерін түсінуге; Өзін және өзгелерді бағалау арқылы кері байланысқа түсуге; Сыни ойлауына, еркін ойын айтуына, өзінің білімін көрсетуге мүмкіндік туғызады. Төменде әдебиеттік оқу пәні бойынша тоқсандық қорытынды сабақтарда оқушылармен бірлесе отырып, білімді саралаудың мынадай критерийлері таңдап алынды:

Кесте 1- Оқушылар білімін критерийлер бойынша бағалау

Критерийлер



О. А. Ж. Шап-шаң оқуы Мәнер-леп оқуы Түсініп оқуы Жатқа айтуы Байла- ныстыра сөйлеуі Ойын дәлелді жеткізуі Ортақ балы 1. Мақсат 2. Арайлым 3. Адал + - + + + - + + + + - + + - + + + - 6 3 4


Бағалаудың бұл түрін мұғаліммен қатар топ басшысы, көшбасшы оқушылар да жүргізе алады. Формативті бағалаудың тағы бір маңызды компоненттерінің бірі - кері байланыс әрекеті деуге болады. Кері байланыс әрекеті ауызша және жазбаша түрде жүзеге асырылады. Бұл әрекеттің қай түрі болмасын, мұғалім оқушының нені жақсы орындағанын белгілеп отыруы тиіс. Қателіктер болған жағдайда оқушыға өзінің жұмысын жақсартуға байланысты нақты ұсыныс бере алады. Кері байланыс - бұл оқушының жеке жетістіктері мен білім алудағы олқылықтарды сезінуіне және өз іс-әрекетіне өзгерістер енгізуге көмектесетін, алға жылжуға бағыттайтын нақты ұсыныстар үшін алынған ақпараттар. Кез-келген сабақтың соңында оқушылардың меңгерілген тақырыптан қандай әсер алғанын анықтау үшін рефлексия жасатып, оны стикерге жазып ілдіру, "Екі жұлдыз, бір тілек", «Қосу, алу, қызықты», «Білемін, үйрендім, білгім келеді...» әдістерін және смайликтерді қолдану да қалыптастырушы бағалау жүргізудің тиімді әдістерінің бірі.







ҚОРЫТЫНДЫ. Жоғарыда айтылған бағалаудың жаңаша әдістерін қолданғанда ол әр түрлі мақсаттарға қызмет ете алады:
Оқушылар өздеріне өздері жауапты болып, білім алу процесін өздері

бақылай алатын халге жетеді.
Мұғалімдер оқу процесін тиімдірек етіп бағыттай алады.
Мұғалімдер қай оқушыға көмек қажет екендігін анықтай алады.
Білім берушілер білім алушылардың өсіп жетілу жетістіктерін анықтай

алатын болады.
Бүгінгі таңда ынталылық пен белсенділікті арттыруда осындай қосымша бағалау әдістері өзін-өзі ақтап отыр. Бағалау процесіне мұғалімдер, оқушылар, ата - аналар және мектеп әкімшілігі қатысуы тиіс. Мұғалімдер оқушылардың өсіп жетілуін және білім алуын үнемі бақылап отыруы тиіс. Үздіксіз бағалау мұғалімдерге балалар мен олардың жасаған жұмыстары жайлы сөйлесіп, осы мәліметті оқу бағдарламасына бағыттау үшін негіз етіп қолдануына мүмкіндік береді. Бағалау бір жақты болмай, оған оқушылар да араласатын болғанда ғана білімді игеру нәтижелі болмақ. Қорыта айтқанда, бастауыш мектептерге арналған бағдарламаның моделін алға жылжыту үшін бағалаудың осы түрлерін қолдану қажет. Сонда біз оқыту және бағалау бірін-бірі толықтырып, оқу процесінде дұрыс бағыттағы даму тәжірибелерін қолданылып жатыр деп айта алатын боламыз.

ӘДЕБИЕТТЕР

1 Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылға дейінгі мемлекеттік білім беру бағдарламасы. Астана 2010.


2. Республикалық ғылыми -әдістемелік журнал «Мектептегі ғылыми жұмыс» № 4,6. 13, 19, 21- беттер

3.Блэк П.И., Вильям Д. Сыныпта бағалау және оқыту, білім берудегі бағалау:

4. Красноборова А.А., «Критериальное оценивания как технология формирования учебно-позновательной компетентности учащихся», Нижний Новгород, 2010.

5. Мұғалімге арналған нұсқаулық «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау» , 55-бет, 107-бет

6. Интербелсенді әдістемені бастауыш сыныптарда қолдану қолдану мәселелері.Асхат Әлімов. Алматы-2013



© 2010-2022