Тізбектелген сабақтар топтамасына Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модулі енгізілгендігі жайлы есебі

Раздел Начальные классы
Класс 3 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сатенова Айдана Мұғалім портфолиосы А есебі

№ 4 топ Үшінші деңгей

Қызылорда қаласы 21. 04. 2015ж

Тізбектелген сабақтар топтамасына «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулі қалай және неге енгізілгені туралы бір рефлексивтік есеп
Жаңаша білім беру - жаңа білімді өз бетімен игеру дағдыларын меңгерген, шығармашылық қабілетті, дербес ізденіс нәтижесінде елеулі мәселелердің шешіміне қол жеткізетін, проблемалық ойлау қабілетімен ерекшеленетін тұлғаны қалыптастыруды көздегендіктен мен тізбектелген сабақтар топтамасына негіз етіп «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулін алдым. Құзырлы мұғалім білім беру үдерісін бүгінгі күн талабына сай жаңаша ұйымдастыруды, оның философиялық, педагогикалық-психологиялық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін терең зерттей білуді, заманауи талаптарына қарай білім беру технологиялары мен әдістерін, рухани-адамгершілік құндылықтарды бойына сіңіруі тиіс. Неге осы модуль менің қызығушылығымды оятты? Балалар өзінің түсінігін өзіндік зерттеулері мен әлеуметтік өзара байланысқа сәйкес құратын белсенді білім алушылар болып табылады. Жеті модульдердің барлығында қарастырылатын идеяларды оқыту мен оқудың жаңа тәсілдері деп санауға болатынына қарамастан, біз жаңа әдістер ретінде «Диалог арқылы оқыту» мен «Қалай оқу керектігін үйренуді» ғана қарастырамыз, себебі олар әлеуметтік сындарлылық көзқарасымен тығыз байланысты. (МАН - 12б) Әдебиет сабақтарының негізгі мақсаттары оқушылардың пайымдау, әңгімелесу, сұрақтар қою сияқты дағдыларының дамуымен тығыз байланыста болған соң, олардың сөйлеуін жүйелі-кешенді ойлауын немесе ой-өрісін дамытуда Бағдарламаның өн бойынан табылатын бірінші модульдің теориялық идеялары менің пәніме өте жақын болып келді. Тәжірибе кезінде өткізген сабақтарымда топтық жұмыстарды орындау арқылы оқушылар әртүрлі проблемаларды шешу жолдарын бірлесе іздестіріп, дүниетанымдық білім көздерін де толық меңгеруге мүмкіндіктері кеңейетіндіктен осы модульдің тұжырымдамалық негіздеріне сүйендім. Модуль идеяларының қандай тұжырымдамалық негіздерін басшылыққа алдым: - мұғалім мен оқушының білім игеруді бастау нүктесінің өзара үйлесімділігі; - оқушылардың өзін-өзі реттеуі, қалай оқу керектігін үйрету арқылы метатаным мен метасана деңгейіне жетелеу жолдарын меңгеруім; - оқушыларға білім міндеті қоятын талаптарды түсінуде нақты міндет үшін сәйкес келетін стратегияларды таңдауға көмектесу; - сыныпта «оқуды үйрететін» білім ортасын құрудың негізгі аспектілерін қолдануды жетілдіру, оқушылардың бірін-бірі оқытуына мүмкіндік беру; - оқушылардың ұмтылыс пен қызығушылықтарының пайда болуына жағдай жасау және үнемі педагогикалық бақылау жүргізуді меңгеру, оқушыға кеңес беруде әдіс-тәсілдерді жетілдіру; Бағдарлама мазмұнын модульдің осы негізгі идеялары арқылы қaрaстыруды ойластырдым. Барлығын бірдей немесе толық қамтыдым деп айта алмaймын, бірақ тәжірибемде айтарлықтай орын алды деп ойлаймын және олар қалай орын алғанын oсы тұжыpымдaрмен қарастырдым. Тізбектелген сабақтар топтамасының бірінші сабағы Ы. Алтынсариннің «Өзен» өлеңімен басталды. Модуль идеясын енгізу арқылы жаңалықтар мен өзгерістер енгізілу керектігі сабақ мақсатын белгілеудің өзі сыни көзқарастарды, пайымдауды және идеяларды қиыстырудың әдіс-тәсілдерін дұрыс таңдауды қажет етті. Нәтижесінде мақсат әрбір оқушының ынтымақтастық ортада оқу белсенділігін арттыруға жағдай жасау арқылы оқушылардың пәндік нәтижелерін дамыту, яғни мәнерлеп оқуға және талдай білуге ықпал етуді жоспарладым. Өлеңнің идеясын таба отырып, мазмұнын түсінуге, мәнерлеп оқуға және талдауға ықпал ету танымдық тұрғысынан қарастырылса, оқу мен оқытуға қатысу арқылы барлық оқушылардың өзара ынтымақтастығына ықпал ету әлеуметтік тұрғысынан қарастырылды. Қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту арқылы өзара әңгімелесу, талқылау, пікірлесу, диалогтағы әңгіме, топтағы пайымдаулар, сұрақ қою дағдыларын дамыту, оқудың түсіну дәрежесін бағалау деген сияқты әдіс-тәсілдер мен идеялар кіріктіле бастады. Егер осы міндеттерді жақсы орындай алатын болсам, «Мұғалімдер қалай оқыту керектігін үйретеді» деген идеяның маңыздылығын аша алғаным деп білемін. Содан кейін ғана сыныптағы «оқуды үйрететін» орта құруға мүмкіндік алуға болады, себебі оқушыларды жүйелі ойлануға үйрету, олардың оқу үдерісін түсінуі, нені және қалай орындап оқу керектігін білуі және оқудың түсіну дәрежесін бағалау мүмкіндігін жетілдіру жаңа мүмкіндіктерге жол бастайды. Тізбектелген сабақтар топтамасына Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модулі енгізілгендігі жайлы есебі«Мен» тұжырымдамасы бiздi алға жылжытатын және бiздiң мiнез-құлықтарымызды бағыттайтын, өзін-өзі өзгертуге жетелейтін әлеуметтiк стимул болып табылған әртүрлi жеке сипаттамалары бар барлық когнитивтi және аффективті компоненттердiң үйлесуі болып табылатындықтан алғашқы сабағымда ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда «Жақсы тілек тілейік» тренингін өткізу арқылы оқушылар өздері жақсы көретін адамдарына тілектерін жазды. Одан кейін «Жер, су, ауа» ойынын ойнату арқылы оқушыларды үш топқа біріктірдім. Бұл кіріспе ойын оқушылардың ынтымақтаса отырып, әлеуметтік-жағдаяттық тәсілдерге төселуіндегі алғашқы қадамдардың бірі болатын. Тізбектелген сабақтар топтамасына Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модулі енгізілгендігі жайлы есебі








1-сурет. Ынтымақтастық атмосферасын құру кезі Оқушыларға «Осы ойында қандай сөздер айтылды?», «Бұларды жалпы неге жатқызамыз?» деген сұрақтар қою арқылы оқушылардың жауаптарына сәйкес, «Ал, осы табиғаттың ең көп бөлігін алып жатқан не?» деген түрткі сұрақтар қойғанымда оқушылар мүдірместен жауап берді. Одан кейін табиғаттың әсем көріністерін тамашалаған соң, үш топқа үш түрлі «Табиғаттың тамаша көріністерін көріп қандай сезімде болдыңдар?», «Табиғат пен адам арасындағы байланыс туралы не айтасыңдар?», «Табиғат - менің өз үйім, өйткені...» деген ашық сұрақтар қойып, топта ойлануға мүмкіндік бердім. Бұл сұрақтарды қоюдағы мақсатым оқушылардың бастапқы білім мен дағдыларын ескере отырып, оларды жетілдіру болатын. Бірақ оқушылар бар білетін білімдерін өз ойларымен толық жеткізе алмай жатты. Оқушыларға сөздік қорларының аздығы және топпен бірлесіп ақылдасып жұмыс жасауға дағдыланбағандығы кедергі болды. Бұл жерден байқағаным, оқушылар сұраққа жауап беруде өз ойларымен еркін жауап беруге дағдылану үшін диалогтың маңыздылығын ұғындым. Оқушылардың білетіндігін және білмейтіндігін анықтау үшін жақсы дамыған коммуникативтік дағдылар және түсіністікпен қарау талап етіледі. Оқушылар қысқа ғана жауап беретін мұғалімнің сұрағымен салыстырғанда диалогтік сұхбаттасу мұғалімдер де, оқушылар да білім алуға қомақты үлес қосатын өзара іс-қимылдың шын мәніндегі тиімді түрі болып табылады (МАН-43б). Сол мақсатта әр топқа үш түрлі сұрақтар берген болатынмын. I-топ Өзеннің адам өміріндегі маңызы қандай? Адамдар неліктен суды қорғайды? II-топ Адамдар суға қалай зиянын тигізуде? IІI-топ Ақын өзенді қалай суреттеген? 1-топ өзеннің адам өміріндегі маңызын суретпен бейнелеп көрсетсе, 2-топ адамдардың өзенге тигізіп жатқан зиянын топтастыра отырып қорғады, ал 3-топ ақынның өзенді қалай суреттегенін суретші тілімен бояу қарындаштермен бейнелеп берді. Осы сұрақтар төңірегенде өз топтарында әңгімелесу жүрді. Мысалы: О1: Бізге қандай сұрақ берілді? А оқушы: Ы. Алтынсарин өлең арқылы өзенді қалай суреттегенін айтамыз. О1: Енді, қалай суреттегенін қалай айтамыз? А оқушы: Өлең мазмұнына қарап отырып, сурет салсақ қалай болады? В оқушы: Иә, әр шумақтарға жеке тоқталып, не айтылғанын бейнелейік. Тізбектелген сабақтар топтамасына Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модулі енгізілгендігі жайлы есебіТізбектелген сабақтар топтамасына Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер модулі енгізілгендігі жайлы есебі




1-сурет. Өзеннің адам өміріндегі маңызын айтуда. Топтық әңгіме барысында оқушылардың бір-бірінің айтқандарын тез ұғатындарын білдім, сөз сөйлеу дағдыларының жетілетіндігін, қарым-қатынас кедергілерінің жойылатындығын, ойлап табуға ұмтылыстарының жоғары екендігін байқадым. Жалпы белсенділікке жетелейді, сұрақтар қоюды, жауаптарды құрастыруға машықтануға көмектесетіндігін көрдім. Бұл сабағымды қорытындылағанда байқағым оқушылар топта жұмыс жасауға дағдыланбаған, өз ойларын толық сөйлеп жеткізе алмайды, кітап сөзімен баяндаумен ғана шектеледі. Ашық сұрақтарға (Мысалы, не себепті? неліктен?) жауап беруге қиналады екен. А оқушының өзінде сабақтың басында әлеуметтік кедергісі басым болды, топпен жұмыс жасай алмады. Бірақ, сабақ соңындағы топтық жұмыста сәл бейімделе бастады. Сондықтан да келесі сабақтарда топпен жұмыста, жұппен жұмыста диалогқа аса мән беру керектігін түсіндім. Келесі сабағым Ж.Аймауытовтың «Торғай» әңгімесі болатын. Бұл сабағымда зейіндерін шоғырландыру мақсатында: - Қандай құстардың бейнесі құрастырылды? -Бұл құстар туралы не білесіңдер? - деген сұрақтар арқылы миға шабуыл жасай отырып, оқушылардың өз ойын жеткізуін, яғни сөйлеу дағдыларын есепке ала отырып, тұжырымдап, пайымдауларын бақылауды мақсат еттім. Кей кездері сыныптағы талқылау мұғалімнің басқаруымен болады. Оқушылар өзінің ойын емес, нені айтамын, қалай айтамын деген ойда болып әңгімеге қатыспай қалып қояды. 1 топқа Торғайдың жан ұшырып шырылдап жүргенін көрсететін жерді тауып, мәнерлеп оқы. Торғайдың осы халін өз сөздеріңмен мәтінге сүйене отырып суретте. 2 топқа Жыланның арбауы мен жерге түскен торғайдың халін тауып, мәнерлеп оқы. Мәтінге сүйене отырып суретте. 3 топқа Торғайдың аспанға қалай ұшып шыққанын сипаттаған жерді тауып, мәнерлеп оқы. Ақбілектің әрекетіне талдау жаса, - деген тапсырмалар ұсынылды. Бұл жерде жоғарыда аталған кедергілерді болдырмау мақсатында зерттеушілік әңгіме жүргенін қаладым. Зерттеушілік әңгіме оқушыларға сыни сұрақтар қою барысында, сондай-ақ жұптық, топтық жұмыстарда жүзеге асырылады. Бір байқағаным, зерттеушілік әңгімені қолдану үшін ең әуелі сол жүмысқа қызықтыра білу керек. Топтағы әр бала өз ойын ортаға алып, «сондықтан», «егер де» деген сияқты сөздерді қолдана отырып, талдаулар жүргізді. Тапсырмаларын қорғау кезінде оқушылар менің талабыма сай өз идеяларын дәлелдеуге тырысты. Сыни сұрақтарға жауап беру барысында мотивациясы төмен Ә. есімді оқушым: -Осы әңгімеден кейін өзімде сондай күш пайда болды. Кейбір істеген қылықтарымның дұрыс емес екендіген түсіндім - деп жауап берді. Өз ойын жеткізу мақсатында сөз алған оқушымның берген жауаптарын басқа оқушыларға түсінікті болу үшін қайталап отыруға тура келді. Міне, осындай топ арасында талқылаулардан кейін оқушылардың сабаққа деген ынталары артып, үнемі жаңа бір идеяларды айтуға ұмтылатын, соның нәтижесінде өзіндік пікірлері қалыптасқандарын байқадым. Мұғалім сұхбатты бақылап, маңызды сұрақтарды қоя білмесе сыныптағы қалыпты әңгіме оқушының ойлау деңгейін, өз ойын жеткізуі, яғни сөйлеу дағдыларын дамытпай қояды деп ойлаймын. Осындай кемшіліктерімді өз сабақтарымда болдырмау үшін, диалог құруға ашық сұрақтар қоя отырып сұрақты білім алу қабілетіне сәйкес болатындай етіп құру қажет деп ойлаймын. Осы қағидаға сүйене отырып, сабағымда жоғары дәрежелі сұрақтар қою мақсатында «Серпілген сауал» стратегиясын қолдандым. Сұрақтарды қойғанда бақылағаным, А оқушының өз ойын тереңірек түсіне отырып жауап бергені ұнады және де құрдастарының оның жауабына таңырқай қарағанын көрдім. «Мен Ақбілектің орнында болсам, сұр жыланды өлтірмес едім». Е. оқушының « Сонда торғайды құтқармас па едің?» деген сұрағына «Жоқ, торғайды сұр жыланның арбауынан оны тек ұрып жіберіп құтқарамын. Өйткені, жылан да табиғаттың бір бөлшегі емес пе? Табиғаттағы құрт-құмырсқа, жан-жануар болсын, бәріне аяушылықпен қарау керек» деп жауап берді. Бұл жауаптан бұл оқушының автор ойын тереңірек түсініп, сыни ойлай алды. Яғни, диалог арқылы сыни тұрғыдан ойлауды дамыта алуға, осы модуль идеяларымен ықпалдаса алатындығына көзімді жеткіздім. Бұл модульдің осы идеялары көшбасшылығымның дамуына ықпалын тигізуде. Сабақ барысында тактикалық дағдыларымды жетілдіруден, стратегиялық тұрғыдан ойлануға үйрене бастағанымнан көрінді. Топ ішінде талқылауға арналған ортақ сұрақтары бойынша жұмыс жасап, оқушылардың бірігіп ойлануы, сол тапсырма төңірегінде айтылған ой-пікірлері, өз ойын еркін жеткізуіне байланысты топтарға бүгінгі сабақтан алған әсерлерін « - Бүгінгі сабақтан біз не білдік?», «- Сабақтың басында қойылған мақсатымызға жеттік пе?», «- Осы сабақтан алған білімдерің қаншалықты маңызды?» деген сұрақтарға жауаптарын стикерлерге жазып ілді. Үшінші сабағым М. Сүндетовтың «Қайырымдылық» әңгімесі болатын. Бұл сабағымда оқушылардың өзін-өзі реттелуіне және бір-бірін оқытуына мүмкіндік беру, қызығушылықтары мен ұмтылыстарына жағдай жасау идеяларын негізге алдым. Сол мақсатта сабағымның негізгі бөлімінде диалогтің «оқушы-оқушы» жағдайындағы жұптық әңгіме түрін таңдадым. Оқушылар «Ойлан, жұптас, талқыла» стратегиясын қолдана отырып, мысалы: талқылау, білімді бірлесіп құру, түсіну мен дағдыларды қалыптастыру арқылы білім алуын көздедім. Оқушылар мәтін мазмұнын түсінуге, сыни ойлауға жету үшін бір-бірін ынталандырып, бір-біріне жол сілтеу арқылы жинақталған білім мен ұғымдарға толықтыруларын жасады (Александер, 2001, 2008). Өзін-өзі реттеу тәсілдерін жүзеге асыруға сабаққа таңдалып алынған тапсырмалардың ықпалы зор. Өздігінен реттелу тапсырмаға қызығушылықтың неғұрлым жоғары деңгейіне өтуге ықпал етеді. Райан мен Деки (2009) «ішкі уәж» деп атайтын қасиеттердің болуына жағдай жасау үшін талдау кестелерін толтыру тапсырмаларын берген болатынмын. Және де оқушыларға өз бетінше орындай алмайтын тапсырманы орындауға мүмкіндік беру мақсатында оңайдан күрделіге қарай құрастырылған кеңейтілген тапсырманы жеке жұмыс ретінде ұсындым. Тапсырманы өз бетінше орындауға мүмкіндік алғаннан көпіршелер тәжірибесін қолдану нәтижесінде оқушылардың өзіндік құзыреттіліктерінің жоғары деңгейіне қол жеткізуіне жағдай жасалды. (Wells, 1999). Төртінші сабағым Ә.Қоңыратбаевтың «Киіктің айласы» әңгімесінде де жоғарыда аталған идеялардың жүзеге асырылуы жалғасын тапты. Бұл сабақтың тұсаукесер кезеңінен бастап-ақ, мәселені шешуге қызығушылық танытқандары айқын байқалды. Мұны қойған сұрақтарыма өз жауаптарын айтуға асыққан ұмтылыстарын бақылау барысында аңғардым. Себебі, оларға сұрақтарды әзірлегенде олардың алдыңғы сабақтардан алған білімдеріне сүйене отырып, жаңа тапсырмаға жақсы көңіл-күймен, ынтамен кіріскендерін қаладым. Бұл оқушылардың өзін-өзі ынталандыра алуына, осыған орай, оларда ұмтылыс пен қызығушылықтың пайда болуына септігі тиді. Негізгі бөлімде топтарда ортақ проблема бойынша талқылаулар жүре бастады. Бірден диалог көрініс тапты деп айта алмаймын. Оқушылардың алғашқы әрекеттерінде ортақ келісімге келе алмай, әдетінше қысқа жауап қайтарып жатқандықтары байқалды. Таңдап алған тапсырмалары бойынша постерге жұмыстарын құрастырып, қорғай бастағанда топтар жинақылық таныта бастады. Осы жерде оқушылардың ұтымды жауаптарын бақылай отырып, сыни тұрғыдан ойлаудың ұтқырлығы мен диалогтік оқытудың өздігінен кіріктіріліп жатқандығы көрінді. Сабақ қорытындысында оқушылардың білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты әртүрлі техникаларын қолдануды жөн көрдім. Балалардың ойлауын жоғарырақ деңгейде дамыту мақсатында әртүрлі сұрақтар беру арқылы өгерістердің пайда бола бастағанын байқадым. Оқушылардың сұхбаттасу арқылы өз ойларын дәлелдеуге тырысуы, маған балалардың білімге, зияткерлік ойлауларға, сабақ үстіндегі танымдық әрекеттерге деген ұмтылыстарының жоғары бола алатындығын көрсетті. Мен осы көріністерден кейін біраз ой түюлер жасауға тырыстым. Қалай оқу керектігін үйрету деген қағиданың не себепті орын алғандығын және оның маңыздылығын сезінгендей болдым, барлығы да мұғалімнің шеберлігіне, ұйымдастыру, сұрақтар қою, метакогнитивті талаптардың маңыздылығын түсінуінен туындайтындығын білдім. Тәжірибе кезеңінде өткізілген барлық сабақтарымда сабақ мақсаттары мен күтілетін нәтижелерін таныстырып отырдым. Өйткені, оқушылар өздерінен не күтілетінін, тапсырмаларға қанша уақыт жұмсаулары керектігін, табыстылық өлшемдеріне қалай жетуге болатынын алдын-ала біліп отырулары тиіс деп есептеймін. Тіпті, соңғы сабағымда оқушылар өздері-ақ мақсат қойып, қандай нәтижеге жететіндіктерін анықтап алды. Нәтижесінде осы модуль идеялары негізінде орын алған сәтті тұстарым: - Оқуға деген қызығушылықтары арта түсті; - Ашық сұрақтарға жауап бере отырып, сыни тұрғыдан ойлана бастады; - Ортақ идеяларды біріктіру арқылы, пікір алмасты; - Ойын жинақтап, әрекеттерін жүйелеуге және бағыттарын анықтауға мүмкіндік алды; - Шынайы бағалауға қалыптасты; Сәтсіз тұсым: оқушылардың оқуға деген көзқарастарына қозғау салғаныммен, көпшілігінің бойындағы өзгерістерді толық бақылай алмағаным. Оған менің қалыптасып қалған дағдыларымның да, толыспаған педагогикалық шеберлігімнің де әсері бар деп ойлаймын. Алдыма қойған мақсатым: Модуль идеяларын кеңейту арқылы оқытудың әрбір кезеңінің басынан соңына дейін алға жылжудың болуын қамтамасыз ету, бағдарламаны жақсы меңгеріп, тәжірибеге тиімді енгізу үшін жұмыс жасау. Сол мақсатыма жету үшін жалықпай ізденіс үстінде жүремін, көшбасшылығымды барлық қырыннан дамытамын, өзіме әркез жоғары талаптар қоюға тырысамын.

7


© 2010-2022