Әдебиеттік оқу Кім болғым келеді? 2-сынып

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Әдебиеттік оқу 2 сынып Өтілген күні: 17.03.15ж Тақырыбы:М. Құрманалин «Кім болғым келеді?» Сілтеме: жоспар, презентация. Мақсаты: Өлеңнің мазмұнын ашады, қорытынды жасайды және белгілі адамдарға еліктеп мамандық таңдауға үйренеді. Күтілетін нәтиже: өлеңнің мазмұнын ашып, қорытынды жасап және белгілі адамдарға еліктеп мамандық таңдайды. Сабақтың әдісі: көшбасшылық, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, АКТ-ны пайдалану, талантты және дарынды балаларды оқыту, Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау; «Ақылдың алты қалпағы». Пәнаралық байланыс: өзін-өзі тану, музыка, дүниетану, дене шынықтыру, бейнелеу Сабақтың көрнекілігі: кеспе қағаздар, сызғыш суреттері Дереккөз: оқулық, оқыту әдістемесі, ресурстар Сабақ барысы:


Уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Психологиялық дайындық

10 мин

Тренинг оқушыларды фигура бойынша топқа бөлу. Әр топтан бір оқушы әділ қазы алқасы болады ал қалғандары кастингке қатысады. Бірақ кастинг ережелері оқушыларға айтылмайды. Кастинг аяқталған соң ережелерді әділ қазы алқалары өздері құрайды. Оқушылардың туған айларына байланысты топқа бөлу.

Оқушылар тренингке қатысады.

Қызығшылықты ояту



1 мин

4 мин

5 мин

4 мин

5 мин

5 мин

6 мин

Блум таксономиясына негізделген сабақ. 6 түрлі қалпақ 6 түрлі тапсырма әкелді. -білу -түсіну -қолдану -талдау -жинақтау -бағалау «Қызыл қалпақ» Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында оқушыларға автор жайлы презентация көрсету.

«Сары қалпақ» Өлеңді мәнерлеп оқып, сұрақтар қояды

«Қара қалпақ» Кеспе қағазбен жұмыс Өз мамандығын таңдап, сүйіп істейтін әр мамандық иесінің бойында жақсы ізгі қасиеттер болу керек. 1.Тігінші болу үшін: шыдамдылық.... 2.Құрылысшы болу үшін: күш-қуат... 3.Шахтер болу үшін: жігерлілік... 4.Мұғалім болу үшін: ұстамдылық... 5.Диқаншы болу үшін: еңбекқорлық...

«Жасыл қалпақ» -талдау Шығармашылық жұмыс. Топтарға бөліп тапсырмалар таратып береді. 1-т: эссе жазу; 2-т: өлең шығару.

Дәптермен жұмыс Мына мамандық иелерінен есімі белгілі кімдерді білесің? Ғарышкер: Ұстаз: Ғалым:

«Ақ қалпақ»-жинақтау Пікір талас. Сабақты пікір талас түрінде жинақтау. Ол үшін екі топқа мынадай тақырыптар беру. 1-т: Дәрігер болуды қалайтындар 2-т: Дәрігер болуды қаламайтындар Ортақ: Қазіргі заманда қажет мамандықтар

«Көк қалпақ»

Тақырыпқа байланысты ән айту.

Үй тапсырмасын тексеру

Қалпақтардың тапсырмаларымен танысады.

Презентацияны көріп, ақын өмірімен танысады.

Мәнерлеп өлеңді оқиды. Сұрақтарға әр оқушы өз ойымен жауап береді.

Кеспе қағазға өз ойларын жазады.

Әр топ өз тақырыптарын ашу мақсатында топпен және өз қызметтері бойынша жұмыс істейді.

Дәптерге есімі белгілі мамандық иелерінің есімін жазады.

Әр оқушы өз пікірін айтып, ортада талқыланады.

Ән айтады.

Жаттаған өлеңдерін айтады.

Бағалау

2 мин

Өз-өздерін критерий арқылы бағалау. Сабақ барысында формативті бағалауды қолдану. Сабақтың басында критерийлер арқылы өз-өздерін бағалатып, өзім қорытынды баға шығарамын.

Өз-өздерін бағалайды.

Рефлексия (кері байланыс)

2 мин

«Сиқырлы сызғыш» Дәптердің сол жақ шетіне Сызғышты салып, өздерінің білім деңгейлерін сызғыш бойына белгілеп көрсетеді.

Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін сиқырлы сызғыш арқылы көрсетеді.

Үйге тапсырма

1 мин

Шығарма жазу

Өткізген:











Кім болғым келеді?

Тау мен тасты қопарар Кенші болғым келеді. Достық сәлем апарар Елші болғым келеді. Темір жонар екпінді Токарь болғым келеді... Жолда өткізер көп күнді Шопыр болғым келеді. Ұлағатты атанған Ұстаз болғым келеді. Бармағынан бал тамған Аспаз болғым келеді. Алар озып бәйгені Малшы болғым келеді. Талай жерге әйгілі Әнші болғым келеді. Кеткен жыры ғаламға Ақын болғым келеді. Ақ ниетті адамға Жақын болғым келеді. Ғарышқа ұшқан ағамдай Көкке жеткім келеді. Елім үшін аянбай Еңбек еткім келеді! Мұхтар Құрманалин

Сені өлеңдегі мамандық иелерінің қайсысы қызықтырады?

Осы мамандықтардың қайсысы өнер адамы?

Қайсылары көп оқуды керек етеді?

Өлеңдегі қай мамандық саған таныс емес?

Өз мамандығын таңдап, сүйіп істейтін әр мамандық иесінің бойында жақсы ізгі қасиеттер болу керек. 1.Тігінші болу үшін: ....

Өз мамандығын таңдап, сүйіп істейтін әр мамандық иесінің бойында жақсы ізгі қасиеттер болу керек. 2.Құрылысшы болу үшін: ...

Өз мамандығын таңдап, сүйіп істейтін әр мамандық иесінің бойында жақсы ізгі қасиеттер болу керек. 3.Шахтер болу үшін:...

Өз мамандығын таңдап, сүйіп істейтін әр мамандық иесінің бойында жақсы ізгі қасиеттер болу керек. 4.Мұғалім болу үшін:...

Өз мамандығын таңдап, сүйіп істейтін әр мамандық иесінің бойында жақсы ізгі қасиеттер болу керек. 5.Диқаншы болу үшін: ...





© 2010-2022