Урок литературы на тему Ақша қар 2 класс

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Сабақтың тақырыбы: З. Шүкіров «Ақша қар». Ана тілі 2 сынып.

Сабақтың мақсаты: Өлеңнің негізгі идеясын ашу. Қыс мезгілінің ерекшелігімен танысу.

Міндеттері: 1. Өлеңді мәнерлеп жатқа оқуға төселдіру, қыс мезгілінің ерекшелігін әңгімелеу.

2. Оқушылардың көркем сөйлеуін, өз ойларын жеткізе білу дағдыларын жетілдіру, сөздік қорларын кеңейту.

3. Табиғатты қорғауға, сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгіме, СТО.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

- М. Жұмабаев кім?

- «Балапан қанат қақты…» М. Жұмабаев.

Әңгімені өз беттерінше аяқтау керек. (3-4 баланы оқыту, қалған шығармашылық тапсырмаларды жинап алу).

ІІІ. Жаңа сабақ

  1. Ой қозғау

-Қазір қай жыл мезгілі?

-Қыста қандай қызық бар?

-Ендеше оны білу үшін бізге Әсет өз өлеңінде айтып береді.

2. Қызығушылықты ояту

- «Қыс» өлеңі.

Жүріңдер балалар,

Сырғанақ тебейік.

Желменен жарысып,

Сырғанақ тебеміз.

Құрыспай, құрыштай,

Шынықсын денеміз.

«Қыс» әнін Қуанышов Әсет орындадайды.

А) Сұрақ- жауап

( тақырыпты ашып алу)

-«Қыста талай қызық бар.»

-Ал балалар бүгін бізге қонаққа не келетін жұмбақ арқылы тауып шешейік.

Жұмбақ шешу:

Аппақ , аппақ , ақ мамық ,

Жерде жатыр тапталып.

Ол не?

  • Ал енді балалар қар қандай болады?

  • Ал түсі қандай болады?

  • Ендеше жаңылтпашты жатқа айтып көрейік.

Бұл қар -

Сұр қар.

Сұр қар -

Кір қар.

Үстінде ойнама,

Үстіңді былғар.

(2-3 оқушыдан жатқа сұрау)

  1. Өлеңді оқымас бұрын оның авторымен таныстыру.

Шүкіров Зейнолла 1927-1979жж.

Қызылорда облысының Арал ауданындағы Бөген кеңесінде туған. Бастауыш білім алғаннан кейін қатты науқастанған. Бірақ төсек тартып жатқанымен, мүгедек халіне ерлікпен, төзімділікпен төтеп беріп, қайсар жас өздігінен білім алған. Сөйтіп бар өмірін жазушылыққа арнаған. Өмірінің соңына дейін жазушылық қаламын қолынан түсірмей, ондаған кітап ұсынды.

  1. Өлеңді оқып таныстыру

Мазмұның талдау

Оқушыларға мәнерлеп оқыту

Сергіту сәті

ІҮ. Дәптермен жұмыс

-күнді тақырыпты жазу.

Ақша қар -...

Шығармашылық тапсырма 1 топ балаға (Мнемотаблица)

Берілген өлеңді сурет бойынша бейнелейді.

Аққала

Қар жауғанда топ бала,

Соқтық келіп ақ қала,

Мұрны сәбіз, үп-үшкір,

Көзі көмір қап-қара.

Көне шелек басында,

Сыпырғышы қолында.

Мұз айдынды аршуға

Келгендей -ақ ол мұнда.

«Неге ұқсайды?» ойын

( суретті жалғастыр)

Суреттер бойынша жұмыс

Қардың түстерін ажырату

-Балалар суреттерге назар аударайық. Кай жыл мезгілі ?Не қөріп отырмыз?

( тәуліктін әр түрлі уақытында қар әр түрлі түсті болады)

Қар

- Қардың сырын ашайық және оның түстері туралы айтып кетейік. (ақ, үлбіреуік, сары. Ол жылтыр, күміс түстеспін)

- Қар қашан қызғылт болады? (азанда, күн туған уақытта)

Қар күндіз.

- Ал қар күндіз қандай болады? (ақ, көгілдір, көкшіл)

- Қар қай кезде көз аштырмай жарқырап тұрады?

Қаһарлы аязда, үскірік...

-Сендерге қандай көңіл-күйге ашық қысқы күннің пейзажы шақырады? (көңілді, қуанышты, ертегі)

Қар кешкі уақытында.

- (көк, сұр, күлгін- фиалетовый, қара қоңыр)

-Ал аяз не істей алады?

Суретші ...

-Ал қандай қыс туралы өлеңдер білесіңдер?

Суретші аяз

Аяз келіп қаһарлы,

Айналаны қар жапты.

Ақ тон киіп орман тұр,

Дәл атамдай салмақты.

Қыс

Ақ киімді денелі, денелі , ақ сақалды,

Соқыр мылқау танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап, келіп қалды.

- Қыста аяз кезінде қарды басып жүргенде қандай дыбыс естіледі екен?

-Ал неге олай естіледі?

(оқушы өз зерттеген айтып көрсетіп береді)

Ү. Қорытынды.

Табиғат: Көктемде- оянады.

Күзде- табиғат жемісін береді.

Қыста-тынығады.

-Қыста тынығады дегенді қалай түсінесіңдер?

-Қыста ұйықтайтын аңдар күзден бастап бойына май жинайды да, қыс түскен соң ініне кіріп, көктемге дейін ұйықтайды.

-Олар қандай аңдар?

- Олар: аю, суыр, саршұнақ, қосаяқ, аламан, кірпікшешен , жарғанат.

- Аңдар қанша уақыт ұйықтайды?

- Мысалы :суыр өз үйірімен 7-8 айға дейін ұйықтайды. Ал аю болса, орманның алыс түкпірінен апан қазып, сол жерде көктемді қарсы алады.

- Аңдардан басқа тағы нелер ұйқыға батады?

- Құрт-құмырсқа, жыландар, кесірткелер тасбақалар ініне кіріп, жатып алады.

  • Қардың қандай пайдасы бар?

  • Мақалдар талдау:

1.Ақ қар көп болса ,

Ақ нан көп.

2.Қыстағы қар - жерге ырыс,

Жердегі ылғал -елге ырыс.

  1. Қыста малыңды бақ,

  2. Жазда шөбінді шап.

Өлеңді жалғастыр

Аппақ - қар жауар

-- -- қуанар,

Аққала соғып, жарысып

-- -- балалар.

ҮІ. Бағалау.

ҮІІ. Үйге жұмысы.

Өлеңді жаттау.





© 2010-2022