Сабақ жоспары Дауыссыз л мен р 2 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Күні:

Сыныбы: 2 «А»

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Дауыссыз л мен р
Сабақтың мақсаты:

  1. Сөз басындағы л, р әріптерінің алдынан ы, і, естілгенімен, ы мен і жазылмайтынын түсіндіру

  2. Дауыссыз дыбыстардың түрлерін ажырата білуге, сауатты жазуға үйрету;

  3. Көркем, таза сөйлеуге тәрбиелеу

Сабақтың түрі: Жаңа материалды меңгерту
Сабақтың әдісі: ой қозғау, сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу
Сабақтың көрнекілігі: суреттер, оқулық
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Барлығымыз бірге ойымызды жинақтау үшін ауа райын қимылмен сипаттайық...

Үй тапсырмасын тексеру. Үйге 118 - жаттығу, яғни ребустын жауабында шыққан сөзге әңгіме құрастыру. Әңгімені оқып шығайық.
ІІ. Оқулықпен жұмыс:
а) Бүгінгі күнді жазу
ә) Ережені қайталау
б)Дыбысқа талдау жасау. Астық, шөп сөздерін талдау
Тақтада берілген сөздерді көшіріп жазу. Сөз басындағы л, р дыбыстарының айтылуына назар аудар. Осы сөздердің мағынасын түсіндір.

Лашын, лебіз, лайық, лезде, лауазым, рең, рәсім, разы, рауғаш, раушан

- Сөз басындағы л , р әріптерінің алдынан ы, і, естілгенімен, олар жазылмайды: лақ, лауазым, рет, рас

120 - жаттығу

  • Мақалды оқып, жатқа жаз. Сөз басындағы л мен р әріптерінің астын сыз. Олардың айтылуы мен жазылуын салыстыр.

Еңбек түбі - рақат.

Ағайыңнын алтын сарайынан

Анаңның жыртық лашығы артық.

122 - жаттығу Екі бағандағы сөздерді салыстыр. Содан соң одан қорытынды жаса.

Лашын, лауазым, лебіз, рақмет, рақым рең.

Іле, ілгіш, ілесу,ірі, ірімшік, ылди, ылғал.
3. Шығармашылық тапсырма:

121 - жаттығу Л дыбысынан басталатын сөздерді бір бөлек, р дыбысынан басталатын сөздерді бір бөлек топтастырып жаз. Бұл сөздердің жазылуын есте сақта.

Лақ, лай, рұқсат, ренжу, лайық, лақтыру, рас, рет.

IV. Қорытынды:
- Л және р дыбысына анықтама бер

  • Л, р дыбыстарынан басталатын бірнеше сөзге сөйлем құрастыр.
    V. Үйге: Ереже жаттау 123 -жаттығу 41 -бет
    VI. Бағалау Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.



© 2010-2022