Жумагулова А. Ж Етістіктің шақтары Қазақ тілі 4 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 4 класс
Тип Конспекты
Автор
Дата
Формат docx
Изображения Нет
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

Пән: Қазақ тілі 18.02.16

Сабақтың тақырыбы:

Етістіктің шақтары.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Етістік бойынша алған білімдерін пысықтау және сөйлем ішінде етістіктерді тауып талдай білуге, оларды бір-бірінен ажырата білуге дағдыландыру, етістіктің шақтарын меңгерту.

Дамытушылық: Оқушылардың тіл байлығын дамыту, сабаққа деген белсенділігін, іздену, ойлау, талдау қабілеттерін арттыру. Оқыту кезінде оқушылардың танымдық қабілеттерін, тілдерін дамыту.

Тәрбиелік: Сабаққа оқушылардың өз еркімен белсенді араласуы, білімдерін көрсете алуы, өзін-өзі басқаруына ықпал ету, қазақ тілінде еркін сөйлеуге, оқушылардың сауатты, көркем жазу дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың жабдықтары:

Суреттер, қима қағаздар

Сабақтың барысы:

Ширату.

1.Ширату. (Балмұздақ таяқшалары арқылы)

Оқушылар жұпта жұмыс жасап бір-бірі туралы мәлімет жинайды. (30 сек)

Әр оқушы таяқшаларға өз есімін жазады. Мұғалім таяқшаны араластырып кез -келген оқушының атын таңдайды,сол оқушы өз жұбын әдемілеп,әсерлеп таныстырады.

Өткен сабақты пысықтау.

1.Етістік дегеніміз не ?

2. Тұлғасына қарай нешеге бөлінеді?

3.Мағынасына қарай нешеге бөлінеді?

4.Құрамына қарай нешеге бөлінеді?

5.Етістіктің жіктелуі дегеніміз не?

6. Жалғаулары қандай ?

Етістікке жіктік жалғауы жалғанып өзгеруін етістіктің жіктелуі деп атаймыз.

Мен оқыдым / біліп отырмын

Сен оқыдың / біліп отырсың

Сіз оқыдыңыз / біліп отырсыз

Ол оқыды / біліп отыр.

Жаңа сабақ.

Біз етістікпен танысуды әрі қарай жалғастырамыз. Бүгінгі тақырыбымыз етістіктердің шақтары. Ол дегеніміз етістік іс-әрекеттің жүзеге асу уақытын не мезгілін білдіреді. Соған орай етістіктің үш жағы болады: осы шақ, өткен шақ, келер шақ. Мысалы: Самат мектепке келе жатырмын. Самат мектепке келді. Самат мектепке келеді Осы шақ етістіктер сөйлеп тұрған кездегі іс әрекетті білдіреді.(тігіп отыр, көріп тұр) Өткен шақ етістіктер іс-әрекеттің бұрын болып кеткенін білдіреді. (барды, бардым, жыладым) Келер шақ етістіктер іс-әрекеттің алдағы уақытта болатынын білдіреді. (жеңемін, жеңіске жетемін, барамын)

Оқулықпен жұмыс

23,24 -жаттығулар ауызша орындалады.

Жұппен жұмыс. 25-жаттығу.

Тақтамен жұмыс 27-жаттығу

Топпен жұмыс.


1-4 топтарға тапсырмалар беріледі.

Сабақты қортындылау:

Бағалау.

Үйге тапсырма:



Топпен жұмыс:

1-топ:

1.Етістіктің шақтарына сөздер ойлап жаз.

Осы шақ Өткен шақ Келер шақ

жүр жүрді жүресің

-----------------------------------------------------------------------------

-----------------------------------------------------------------------------

2.Сәуле, күрек, шам сөздерін үш жақта тәуелдеп жаз.

1-жақ

сәулем

2-жақ

3-жақ

2-топ:

1.Күрделі етістікті жекеше, көпше түрде жіктеп жаз.

Жіктік жалғауларының астын сыз.

Мен сөйлеп тұрмын. Біз сөйлеп тұрмыз.

----------------------------------------------------------------------------

--------------------------------------------------------------------------

3-топ:

1.Өткен шақта тұрған етістікті теріп жаз.

Гүлсім ұзақты күн кітап оқыды. Басқа тілдерді үйренді, аудармамен айналысты. Сөйтіп емтихандарды жақсы тапсырды.



© 2010-2022