Әр деңгейлік интеллектуалды ойын. 2 сынып

Раздел Начальные классы
Класс 2 класс
Тип Другие методич. материалы
Автор
Дата
Формат doc
Изображения Есть
For-Teacher.ru - все для учителя
Поделитесь с коллегами:

4

2 -сыныптарға арналған интеллектуалды ойын тапсырмалары (І тоқсан)

Оқушының аты-жөні: .......................

1 - тапсырма: Оқушының міндеті: көріп тұрған суреттегі заттардың атын торкөзге сәйкес орналастыру..

Әр деңгейлік интеллектуалды ойын. 2 сынып.



2 - тапсырма:

Оқушының міндеті: Суретке қарай отырып,жануарлардың атын атай алу.

Әр деңгейлік интеллектуалды ойын. 2 сынып.



3 - тапсырма. Оқушының міндеті: Суреттерге мұқият қара.Үлкен машиналарды боя.Кіші машина қызыл және көк машиналардың ортасында,ал жасыл машина қызылдың жанында болсын.

Әр деңгейлік интеллектуалды ойын. 2 сынып.


4 - тапсырма. Оқушының міндеті: Жұмыс жасау үшін Әсетке қандай құрал керек.Құрал-саймандарды меңзер арқылы көрсет.

Әр деңгейлік интеллектуалды ойын. 2 сынып.




5 тапсырма. Оқушының міндеті: Ширату үшін берілген сұрақтарға тапқырлықпен дұрыс жауап беру.

А) * Балалар оқитын орын қалай аталады? ...................

* Аптаның бірінші күні ...............

* Сөйлем соңына не қояды? ...........

* Арқасында тауы бар жануар ...........

* Бағдаршамның қандай белгісін көргенде көшеден өтесің? .............

* Шаш қиятын орынды қалай атайды? .........

Ә) * Құста қанат-адамда .......

* Мысықта тұмсық-адамда ..........

* Машинада мотор-адамда .......

* Бұзауда төрт аяқ-адамда ..........

6 - тапсырма. Оқушының міндеті: Суретті мұқият қара.Заңдылықты сақтап,төртінші суретті аяқта.

7Әр деңгейлік интеллектуалды ойын. 2 сынып. - тапсырма. Оқушының міндеті:

1.Тордан көжектің 10 құлағы көрінеді.Тордағы көжектің саны қанша?

2. Екі ұл және екі әке үш жұмыртқа жеді.Әрқайсысы неше жұмыртқадан жеді?

3. Сен және мен,біз екеуміз.Сонда біз нешеуміз?

4.Мен екі сан ойладым.Оларды қосқанда қосынды алтыға тең болды.Ал олардың біреуінен екіншісін азайтқанда да алты шықты.Ол қандай сан?

5. Қарлығаш жоғары ұша ма,әлде тауық па?

8 - тапсырма. Амалдарды орында,шыққан сөзді жаз.

Фа+брит+-т+ка = фабрика

Қу+ырн-н+шақ = ............................

Дөң+гер-р+лек = ............................

Кө+леңс-с+ке = ............................

Бат-т+ғар-р+на = ............................

Құр-р+мы+ра = ............................

9 - тапсырма. Сөздің жалпы атауына сай сәйкес сөздер жазу.

  1. екі таңбалы сан ……. 1.құс ……………

  2. Қала атауы …………. 2.ыдыс …………

  3. Жеміс …….. 3. туыстық сөз ……………

  4. Ұл баланың аты …….. 4.спорттық ойын …………..

  5. Оқу құралы ………. 5. төрт түлік мал ………….

  6. Үй жануары ………. 6.мамандық …………..

  7. Жиһаз ………… 7. жыл мезгілі …………..

10 - тапсырма. Мына сандардың алғашқы әрпін бір-біріне қоса отырып,сөз жаса.

Әр деңгейлік интеллектуалды ойын. 2 сынып.

11-тапсырма Метаграмма.

Егер «И»-ден бастасаң,

Хайуанаттың бїрімін

«И»-ді алып тастасаң,

Әріптердің бірімін. ....................................................

Егер «М»-дан бастасаң,

Тағамның бір бїрімін.

«М»-ны алып тастасаң,

Түнгі аспанның нұрымын. ...........................................


Шарада.

Егер «А» -дан бастасаң,

Үлкен ақын атамыз.

«А»-ны алып тастасаң,

Мол дәулетке батасыз.

«Б»-ны алып тастасаң,

Түнде жарық шашамыз. .....................................................


12-тапсырма. Атасы немересіне бос бөшкені көрсетіп:

  • Мына бөшкенің ішінде не бар? - деп сұрады.
  • Немересі үңіліп қарап: - Еш нәрсе жоқ қой, - деді.
  • Жоқ, балам мұнда бәрімізге керекті зат бар.
Атасы нені жұмбақтап тұр? ............................................

13-тапсырма.Әр сөзден көрсетілген сан бойынша әріптерді алып, мақалды оқы:

Доп(2), сынып(2), көгершін(2), перне(1), тігінші(2), жауын(3), алмұрт (3),

айшылық (2), дыбыс(2), Ақын(3), лагерь(1), ыдыс(1), көптік (5), дауыс(2), алмас(4), йод(1), дыр(2) . ..........................................................................................................................

14-тапсырма. Экологиялық есеп шығар: (3ұ) Бір ағаш тәулік сайын үш адам тыныс алатындай оттегін береді.Сенің сыныбыңдағы балаларға бір аптаға жеткілікті оттегін неше ағаш беретінін тап.

15-тапсырма..Әр деңгейлік интеллектуалды ойын. 2 сынып.Суретті мұқият қара.Шатастырмада бар көкөністерді төменгі суреттерден тап және боя.



© 2010-2022